Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет197/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

 
ИНТЕРЛЕЙКИН-29 (IFN– λ1). Дендритті жасушалармен өндіріледі. 
Қызметтері ИЛ-28ге ұқсас. 
 
ИНТЕРЛЕЙКИН-30
Антигентаныстырушы 
жасушалармен 
өндіріледі.  ИЛ-27  гетеродимерлік  түрі  болып  келеді.  Қызметтері  ИЛ-27 
қызметтері сияқты. 
 
ИНТЕРЛЕЙКИН-31.  Бұл  цитокинді  белсенген  Tх2  мен  моноциттер 
өндіреді.  Полиморфты  ядролық  лейкоциттерді,  моноциттерді  және  Т-
лимфоцитерді қабыну ошақтарына аттандыруға қатысты.  
 
ИНТЕРЛЕЙКИН-32.    Белсенген  NK-жасушаларымен  өндіріледі. 
Жақында анықталған ИЛ-1 тұқымдастығының өкілі. Митогендік әсері бар, 
TNF-α. өнімін күшейтетін қабынулық цитокин болып келеді.  
 
Ісік некроздаушы факторлар 
1975 
жылы 
М.bovisпен 
қоздырылған 
және 
ЛПС 
егілген 
тышқандардың  қан  сарысуында  гуморалдық  факторлардың  жинағы 
табылды.  Бұл  фактор  егілген  ісіктің  ыдырауын  шақырып  ЛПС  егiлген 
орынында  геморрагиялық  некрозды  дамытады.  Осы  әсерге  жауапты 
цитокин  ісік  некроздаушы  фактор  (ІНФ  немесе  TNF-tumor  necrosis 
factor)  деп  аталды.  Бұдан  бұрын  лимфотоксин  деп  аталған  ісік 
жасушаларының 
иммундық 
цитолизін 
қамтамасыз 
ететін 
Т-
лимфоциттердің  өнімі  табылған.  Осы  екі  фактор  ортақ  рецепторға  әсер 
етіп  бірдей  биологиялық  эффекттерді  шақырады.  Сол  себептен  олар  екеуі 
де  ісік  некроздаушы  факторлар  тобына  енгізіліп,  біріншісі  ІНФ-α  деп, 
екіншісі (лимфотоксин) ІНФ-β деп белгіленді. Кейін бұл түқымдастықтың 
тағы  бір  өкілі  табылды  –  лимфотоксин-β  (сол  себептен  ІНФ-β 
лимфотоксин-α.  деп  те  аталатын  болды).  Осы  цитокиндердің  екеуін  де 


 
143 
негiздейтiн  тектері  гистосәйкестіктің  негізгі  кешенінің  құрамында  адам 
хромосомаларының 6-шы жұбында көршілес орналасқан.  
ІНФ-α мен лимфотоксиндер гликопротеиндер болып табылады. ІНФ-
α  мен ІНФ-β-ларды  өндіретін жасушалары әр  түрлi.  ІНФ-α  (синонимдері: 
кахексин,  макрофагалдық  цитотоксин,  некрозин,  геморрагиялық  фактор) 
моноциттер/макрофагтардың 
(басқаша 
айтқанда, 
монокин), 
эндотелиалдық, 
мес 
және 
миелоидтық 
жасушалардың, 
ЛАЖ-
жасушаларының,  нейроглия  жасушаларының,  кей-кезде  қоздырылған  Т-
лимфоциттердің    өнімі  болып  табылады.  ІНФ-β  (лимфокин)  Т-
лимфоциттермен  өндіріледі.  ІНФ-α  өндірілуінің  индукторлары  ретінде 
микроорганизмдер 
және 
олардың 
өнімдері, 
форболдық 
эфирлер, 
полиэлектролиттер және фагоцитоз қызмет етеді. Дені сау адамдардың қан 
сары суында ІНФ-α анықталмайды. Оның деңгейi індеттену кезінде, ағзаға 
бактериалдық  эндотоксиндер  енгенде  жоғарылайды.  Мысал  үшін, 
ревматоидтық  артрит  кезінде  ІНФ-α  буын  суйықтығында  жиналады, 
қабыну үрдiстерiнiң көпшілігінде зәрде анықталады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет