141
шеткері
В-лимфоциттер, Т- және NK- жасушаларының бетінде
экспрессияланады.
ИЛ-21 ИЛ-15-пен әсерлесiп NK- жасушаларының гемопоэзі мен
пісіп
жетілуіне,
анти-CD40-пен
костимуляцияланған
жетілген
В-
жасушаларының
активациясына
және
көбеюіне
анти-CD5-пен
костимуляцияланған Т- жасушаларының көбеюіне қатысады. ИЛ-21 мен
ИЛ-15 құрамында бірдей позицияда цистеин қалдықтарының 2 жұбы бар:
біреуі –ИЛ-2, 4 пен ГМ-КСФ сақталады, екіншісі - ИЛ-21 мен ИЛ-15 қана
тән. Осы аминқышқылдық гомологиясының күштi болғандығынан, ИЛ-15
пен ИЛ-21 құрылымдары өте ұқсас.
ИЛ-21 өз бетімен адамның оқшауланған В-лимфоциттеріне
митогендік әсер келтіре алмаса да, олардың анти-CD40 моноклоналдық
антиденелермен қоздырылған пролиферациясын күшейте алады. Және,
керсінше, ИЛ-21 анти-IgM-антиденелері мен ИЛ-4 комбинациясымен
шақырылған пролиферацияны тежейді. Сонымен қатар, ИЛ-21 жетілген Т-
жасушаларын емес “аңқау” Т- жасушаларын костимуляциялайды. ИЛ-21
анти-CD3 немесе басқадай стимулдарсыз Т- жасушаларына белсенді
пролиферативті әсер келтіре алмайды.
Активтелген
CD4
+
-Т-
жасушаларының
өздері
де
ИЛ-21
өндіретіндігінен, бұл цитокиннің Т-хелперлердің кең таралуын шақырып
көршілес В- жасушаларының келісті жауабын шақырып, иммундық
жауапты реттеуде аутокриндік маңызы бар.
ИЛ-21 қатерлі трансформацияланған жасушаларға иммунологиялық
бақылауды атқаратын NK- жасушаларының көбеюі мен таралуына
қатысады, сондықтан метастазалардың пайда болуына әсерi бар. Сонымен
қатар, NK- жасушалары микробтық патогендерге, соның ішінде вирустарға
қарсы туа біткен иммунитеттің негізі; гемопоэзді реттеуге қатысады.
Сонымен, клондалған ИЛ-21 цитокины жетілген Т-және В –
лимфоциттердің қоздырғыш стимулдарға жауап ретінде орын алатын
пролиферацияларын реттейді, сүйек кемігінен NK-жасушаларының
популяциясы таралуына делдалдық қызмет көрсетеді, қортып айтқанда,
иммун жүйесінің маңызды реттеушісі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: