ИНТЕРЛЕЙКИН-22. Молекулалық
салмағы
–
25 000
Д.
Лимфоцитарлық белсендіруші фактор деп те аталады (TIF). Белсенген
CD4
+
Т-лимфоциттерімен өндіріледі. Биологиялық қызметтері ИЛ-10
ұқсас.
Биологиялық
қызметтерінің
ішінде
–
эпидермалдық
жасушалалардың жетілуін тежеу, РАР1 (pancreatitis-associated protein 1)
және остеопоэтиннің көбеюін шақырады. Қызметтері бойынша ИЛ-19 бен
ИЛ-20 жақын. Тх1/Тх2 балансын реттеуге қатысады.
ИНТЕРЛЕЙКИН-23.Белсенген дендритті жасушалармен өндіріледі. Биологиялық қызметттері ИЛ-12 қызметтеріне ұқсас.
ИНТЕРЛЕЙКИН-24. Молекулалық салмағы – 35 000 Д. ИЛ-10В
немесе MDA7 (меланоманың жетілуімен біріккен протеин 7) деп те
аталады. Меланоциттермен, NK-жасушаларымен, В-лимфоциттерімен
және Т-лимфоциттердің кейбір субпопуляцияларымен өндіріледі.