Иммундық жүйемен жанама байланысы бар бiрқатар өсу факторлары
бар. Олар: эпидермалдық өсу факторы, тромбоциттер өндiретiн өсу
факторы, инсулин тәрiздi өсу факторы, трансформациялаушы өсу
факторлар (GTF) α мен β.
GTF–β-ның иммунды жүйенiң жасушаларына көрсететiн әсерi мол.
Бұл фактор 1978 жылы белгiлi болды. Оның молекулалық салмағы 25 000.
GTF–β-ны стромалық жасушалар, макрофагтар, шырышты қабаттардың
жасушалары және қатерлi iсiктердiң көптеген түрлерi өндiредi. GTF–β
гемопоэздi, қабыну цитокиндерiнiң синтезiн, лимфоциттердiң ИЛ-2, 4 пен
7 жауабын, цитотоксикалық NK–және Т- жасушаларының қалыптасуын
148
тежейдi. Сонымен қатар, GTF–β шырышты қабаттардың қорғаныс
қабiлеттiлiгiн күшейтiп, иммунноглобулиндердiң синтезiн IgA синтезiне
ауыстырып дифференциациялаушы әсер келтiре алады
.