Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Цитокиндердің биологиялық әсерлері



Pdf көрінісі
бет209/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Цитокиндердің биологиялық әсерлері 
 
Цитокиндер  қан  түзуге,  қабынуға  және  иммундық  жауапқа 
қатысып, ағзаның жүйелік серпілістерін қамтамасыз етеді. 
 
Қантүзу  үрдістерінің  цитокиндермен  реттелуінің  қағидалары   
суретте көрсетілген:  
 
Жасушалардың  жетілу  сатыларының  әрқайсысы  бірнеше  факторлар, 
олардың ішінде негізгі және кофакторлардың  реттелуімен өтеді; 
 
Қан  түзу  жасушаларының  пісіп  жетілу  кезінде  басты  факторлар  келесі 
кезекпен  ауысып  тұрады  –  ИЛ-3  және  бағаналы  жасушалардың 
факторлардың 
әсері 
(бағаналы 
жасушалары 
және 
жетілмеген 
бастауыштарға), ГМ-КСФ әсері (жас миелоидтық жасушаларға) және ИЛ-7 
әсері (жетілмеген лимфоидтық жасушаларға); 
 
Бастапқы  факторлар,  арнайы  цитокиндердің  кофакторы  ретінде,  өзінің 
әсерін  қан  түзу  тізбектерінің  жетілген  өкілдеріне  де  жаяды.  Арнайы 
цитокиндер  белсендірілген  жасушалардың  лайықты  тізбектеріне  әсер 
етеді; 
 
Цитокиндердің  қан  түзу  жасушаларына  көрсететін  әсері  олардың 
апоптоз  бағдарламасын  тежеу  арқылы  сақталып  қалуын  демеуде  және  
жасушалардың көбеюін қамтамасыз етуде (22-ші сурет).  
 
Цитокиндер  қабыну  серпілісінің  дамуында  аса  маңызды  (5-ші   
кесте).  Бұл  серпілістің  басталып  кетуі,  көбінесе,  макрофагтар  және  басқа 
жергілікті  жасушалық  элементтер  мен  эндотелий  жасушаларының 
цитокиндерді  өндіруімен  байланысты.  Жергілікті  қабыну  үрдісінің  ары 
қарай  дамуы  және  өзін-өзі  қолдауы  қаннан  лейкоциттердің  ауысуына, 
олардың  активациясына  және  цитокиндерді  өндіруіне  байланысты. 
Цитокиндер  қабыну  кезіндегі  тіндік  үрдістерінің    үшеуінің  де  – 
экссудация,  альтерация  және  пролиферация  медиаторлары  болып  қызмет 
етеді.  Және  де  цитокиндер  қабыну  серпілістерінің  жүйелік  көріністерінің 
дамуына қатысады. 
Қабыну  серпілістерінің  іске  асуын  қамтамасыз  ететін  және  жалпы 
иммундық  қорғаныстың  алғашқы  цитокиндерін  өндіретін  белсендірілген 


 
151 
макрофагтар  мен  моноциттер.  Олардың  арасынан  қабыну  цитокиндерін 
іріктеп алуға болады: ИЛ-1, ИЛ-6 және ФНО-α. 
Бұл цитокиндердің қабынуға қосатын үлесі және оларға байланысты 
үрдістері 5- ші кестеде көрсетілген. 
 
Иммунды 
жүйенің 
жасушаларының 
өнімі 
болғандықтан, 
цитокиндердің иммунды жауапта зор  маңызы бар: 
 
Т-лимфоциттерге 
антигенді 
презентациялайтын 
МНС 
молекулаларының  экспрессиясын  жоғарылатып,  антигенді  танып  алуға 
көмектеседі.  МНС  молекулаларының  экспрессиясы  интерферондардың 
әсерінен  жоғарылайды,  соның  ішінде  IFN-γ  МНС  анигендерінің  І  де  ІІ  де 
классының эксрессиясын қоздыра алады; 
 
Цитокиндер 
жасушааралық 
арақатынастарға 
жауапты 
адгезия 
молекулаларының  иммунды  жасушалардың  бетіне  экспресиялануына 
себепкер  болады.  Бұл  қызметті,  біріншіден,  ИЛ-1  мен  6,  ФНО-α.  және 
интерферондар атқарады; 
 
Кейбір  цитокиндер  иммунокомпетентті  жасушалардың  миграциясына 
әсер келтіреді. Мысал үшін, ГМ-КСФ пен ІНФ-α дендритті жасушалардың 
миграциясын күшейтеді. Макрофагтар мен лимфоциттердің  хемотаксисын 
неше  түрлі  цитокиндер  (соның  ішінде  ИЛ-1)  және  әсіресе  β-хемокиндерді 
іске асырады; 
 
Цитокиндер  арасында  моноциттер  мен  макрофагтарды  қоздыру 
факторлары  ерекше  көпшілікте.  Оларға  қабыну  серпілісін  қамтамасыз 
ететін  цитокиндер  жетеді:  ИЛ-1,  ІНФ-α,  ИЛ-6,  ГМ-КСФ,  Г-КСФ,  М-КСФ, 
хемокиндер. Макрофагтардың ең белсенді қоздырушысы - IFN-γ; 
 
Цитокиндер 
өздігінен 
лимфоциттерді 
қоздыра 
алмайды. 
Олар 
лимфоциттердің  активациясы  мен  кейінгі  пролиферациясында  кофактор 
ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар ИЛ-2 Т-лимфоциттерді, ал ИЛ-4 – В-
лимфоциттерді қоздыра алады.  
 
Цитокиндер  (IFN-γ,  ИЛ-2  және  ИЛ-12)  цитотоксикалық  жасушалардың 
пісіп  жетілуін  негіздейді.  Және  олар  Т-хелперлердің  Тх1  және  Тх2  
субпопуляцияларына  бөлінуін  реттейді.  ИЛ-2  мен  IFN-γ  пісіп  жетілудің 
Тх1  бағытында  дамуын  қолдайды,  ал  ИЛ-4  пен  GTF–β  Тх2  қалыптасуына 
ықпал 
етеді. 
В-лимфоциттерге 
қатысты 
әсер, 
көбінесе, 
иммуноглобулиндердің синтезін реттеуде; 
 
Эффекторлық  иммунды  қызметтердің  іске  асуы  цитокиндердің 
белсенділігіне 
де 
байланысты. 
Т- 
және 
NK-жасушаларының 
цитотоксикалық әсері оларды өндіретін тегі бөтен нысана жасушаларының 
некрозы  мен  апоптозын  шақыра  алатын  ІНФ-α  мен  β,  IFN-γ-ға 
байланысты. 
 
Сонымен,  цитокиндердің  иммунды  жауаптың  бастапқы  сатысында 
зор  маңызы  бар,  олар  макрофагтар  мен  антиген  арнаулы  жасушаларының 
негізгі  қызметтерінің  дамуын  қолдайды:  лимфоциттермен  әсерлесү, 
олардың  белсендірілуі  мен  көбеюі,  белгілі  бір  деңгейде  –  эффекторлы 
жасушалардың қалыптасуы.  
 
 


 
152 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет