Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


MCP-3 (monocyte chemoattractant protein-3; моноцитарлық хемоаттрактант



Pdf көрінісі
бет207/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

MCP-3 (monocyte chemoattractant protein-3; моноцитарлық хемоаттрактант 
ақуыз-3)  –  β -хемокиндер  тұқымдастығына  жатады,  11  кДа  молекулалық  салмағы  бар.  
MCP-1  мен  MCP-2  өндіруші  жасушаларымен  өндіріледі,  эозинофилдер  мен  Тх-
жасушаларының хемотаксисін жоғарылатады, моноциттердің хемотакисі мен белсенуін 
шақырады.  
MIP-1α (macrophage inflammatory protein-1α, макрофагалдық қабыну  ақуызы-
1α)  -  β-хемокиндер  тұқымдастығына  жатады,  10  кДа  молекулалық  салмағы  бар. 
Моноциттер/макрофагтар,  лимфоциттер,  тіндік  базофилдермен  және  стромалық 
жасушалармен өндіріледі. Моноциттер мен Т- жасушаларының көбеюін тежейді.  
MIP-1β (macrophage inflammatory protein-1β,, макрофагалдық қабыну  ақуызы-
)  -  β-хемокиндер  тұқымдастығына  жатады,  MIP-1α-ны  қоздыратын  жасушалармен 
өндіріледі, қызметтері де бірдей.  
RANTES (regulated on activation normal T-cell expressed and secreted; қалыпты 
Т-  жасушаларының  белсенуін,  экспрессиясын  және  секрециясын  реттеу)  -  β-
хемокиндер  тұқымдастығына  жатады,  10  кДа  молекулалық  салмағы  бар.  Т-
лимфоциттер,  моноциттер,  фибробласттар  және  кейбір  ісіктердің  жасушаларын 


 
150 
өндіреді.  Т-  жасушаларының  (соның  ішінде  Тх),  моноциттердің,  В-лимфоциттердің 
және  эозинофилдердің  хемотаксисін  күшейтеді.  Базофилдердің  ішінен  гистаминнің 
босап шығуына (либерациясына) ықпал етеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет