EOTAXIN (эотаксин)- β-хемокиндер тұқымдастығына жатады, 8-9 кДа
молекулалық салмағы бар. Эндотелиалды жасушалары, альвеолалық макрофагтары,
жүрек, өкпе, ішек, айырша без, көк бауыр, бауыр және бүйрек жасушаларын өндіреді.
Эозинофилдердің хемотаксисын күшейтеді.
LYMPHOTACTIN (лимфотактин) - α-хемокиндер тұқымдастығына жатады,
10 кДа молекулалық салмағы бар. Тимоциттер мен белсендірілген Т- жасушаларымен
өндіріледі. Т-лимфоциттердің хемотаксисін күшейтеді.
NEUROTACTIN (fractalkine, нейротактин) -
дельта-хемокиндер
тұқымдастығына жатады, жасуша мембраналарымен байланысты хемокиндердің
жалғыз түрі. Көбінесе, ми, өкпе және жүрек жасушаларының мембранасында
экспрессияланады. Эндотелиалды жасушалардың бетінде нейротактиннің жоғары
деңгейде экспрессиялануы қан ағымынан лейкоциттерді, Т-лимфоциттерді және
моноциттерді келтіруде зор маңызы бар.