Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Активтi  арнайы  иммунды  емдеу  –  ол  ауруға  құрамында  ісік



Pdf көрінісі
бет238/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Активтi  арнайы  иммунды  емдеу  –  ол  ауруға  құрамында  ісік 
антигендері бар вакциналарды егу. Оларға ісік жасушалары (өмір сүруге 
қабілетсіз),  үзінділер  (мысалы  мембрана  үзінділері),  ісік  тіндерінің  ерігіш 
заттары  жатады. Соңғы жылдары, құрамында онкобелоктарды белгiлейтiн 
гендер бар ісік туындылары және рекомбинантты вирустар жиi қолданып 
жүр.
Онкологиялық  ауруларды  ісіктердің  өлген
не  шала-жансар 
жасушаларын  егу,  сонымен  қатар,  активті  иммундау  үшiн  ісіктің  ерігіш 
заттарын қолданудың нәтижелi келуi ғылыми зерттеулермен дәлелденген. 
Бірақ,  ісікке  қарсы  вакциналар  жасау    өте  маңызды  жұмыс.
Біріншіден,  адамдағы  вируспен  қоздырылатын  ісіктерге  қарсы  егулер 
жақсы  нәтиже  беруде.  Мысал  ретінде,  Эпштейн-Барр  вирусымен  пайда 
болған ісікте және Беркит лимфомасында егу шаралары өте шипалы келдi. 
Өзіне  қарсы  күшті  иммунды  жауап  шақыру
үшiн  Эпштейн-Барр 
вирусының  генін  енгізеді.  Бұл  вакцина  Эпштейн-Барр  вирусына  қарсы  күштi 
жасушалық және гуморалды иммунитет туғызып, Беркит  лимфомасының даму 
мүмкіндігін  төмендетеді.  Бұл  тәсіл  ісікке  қарсы  иммундаудың  Беркит 
лимфомасы  таралған жерде,  яғни  вирус  ошағында,  алдын  алулық  шара  ретінде 
қолданылады және осы ісігі бар ауруларда арнайы иммунды  жауапты күшейту 
үшiн пайдаланады. 
Бірақ,  ісікке  қарсы  активтi  вакциналау  клиникада  кең  таралмағандығын 
айта  кеткен  жөн.  Сонда  да  болса,  тазартылған  ісік  антигендерінен  және  ісікке 
арнайы  жасанды  түзілген  пептидтерден  тұратын  вакцина  дайындауда  көптеген 
зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп  жатыр.  Қазір  бірқатар  ісікке  қарсы  пептидті 
вакциналар клиникалық тәжірибеден өтіп жатыр, олардың нәтижелерi iсiктердiң 
регрессиясы байқалды. 


 
177 
Енді  қазіргі  уақытта  қолданылып  отырған  бағыт,  ол  белгілі  ісікпен 
біріккен  мутантты  гендер  өнiмдерiн  және  егуге  арналған  шипалы 
белоктарды пайдалану. Бұл зерттеулердің көбiсi, iсiкке қарсы моноклонды 
антиденелер алуымен байланысты.  
Ісіктi  иммундау  үшiн,  клиникада  басқаша  тәсіл  кеңірек  зерттелiп 
және қолданып  жатыр, ол – бейімділікті  (адоптивтi) иммунитет.   Оның 
негізінде қолдан пробиркада (in  vitro)  Т-лимфоциттердің интерлейкинiмен 
ісік  антигендерiнiң  қосылуы  жасаланады.  Т-лимфоциттердің  саны 
көбейгеннен соң, ол ауруға қайта енгізіледі. 
Бұл  тәсілдің  екi  варианты  бар.  Біріншісi,  ол  аурудың  қанынан 
лимфоциттер бөлініп алынады, рекомбинантты  ИЛ-2 көмегімен ол  in  vitro 
жағдайында  белсендiрiледi,  көбейедi,  содан  соң  ауруға  қайта  енгізіледі. 
Лимфоциттерді  ауру  қанынан,  ем  қолдануға  дейін  бөліп  алады.  Сосын 
ауруға операция жасалғанша, сәулелену немесе химиялық ем жүргізгенше, 
оның  өз  лимфоциттерін  in  vitro  көбейтіп,  лимфокинмен  активтелген 
жасуша  (ЛАЖ)  жасайды,  сөйтiп  оны  емнен  кейiн,  ауру  ағзасына  қайта 
енгізеді.  ЛАЖ  бірге,  ауруға  ИЛ-2  енгізіледі,  ол  жасушалардың  еріткіш 
белсенділігін  сақтау  үшін  қажет.  Осы  тәсіл  көмегімен,  өкпе  ісігінің, 
лейкоз,  қатерлі  меланома  және  басқа  ісіктердің  метастаздарында  емдік 
нәтижелер  едәуiр  жақсы  болған.  Көпшілік  жағдайда,  мұндай  емнен  кейiн 
ісіктің ұзақ уақытқа дейiн кетуi және қайталану жиілігі төмендейдi. Екінші 
вариант,  ол  осындай  жолмен  жүретін,  ісік  тінінен  бөлініп  алған 
лимфоциттермен  организмге  әсер  ету.  Мұның  негізінде    ісікерекшелi  Т-
киллерлер  iсiк  жасушаларын  жабдықтайды.  Олар  in  vitro  көбейгеннен 
кейін  емдік  әсерi  көтерiледi.  Бірақ,  клиникалық  зерттеулер  нәтижелері 
бойынша,  шеткері  ЛАЖ-жасушаларына  қарағанда,  әсердің  жоғарлауы 
үнемі  кездесiп  отырмайды.  Оның  бір  себебі    ісік  жасушалары  TGF- 
сияқты затты түзіп, ісікті шабуылдаушы лимфоциттерге қарсы әсер етуде. 
ЛАЖ-жасушаларының негізгі әсерлігі бұған қарағанда анағұрлым күштi.  
Қазіргі 
кезде 
клиникалық 
зерттеулерде), 
аурудың 
шеткері 
мононуклеарлы жасушаларын немесе аутологиялық iсiктен алынған сәулеленген 
лимфоциттерiн  in  vitro  ИЛ-2-мен  өсiрiп-өндiрiп,  қайта  ауруға  енгізу  тәсілі 
қарастырылып  жатыр.  Iсік  антигендері  ИЛ-2  әсерінен  кейiн  ісікерекшелi  Т-
киллерлердi  көбейтеді.  Осыдан  кейін   Т-киллердiң  саны  10000  есе  көбейіп,  ал 
белсендігі 50-100 есе артады. Бірінші  клиникалық зерттеулер жақсы нәтижелер 
көрсеткен.  Яғни,  өршiген  меланомасы  бар  ауруларда  34%  жағдайда  ісік 
регрессиясы  байқалған,  сонымен  қатар  ИЛ-2-мен  емдегенде,  онша  жақсы 
нәтиже бермеседе ауруларда да регрессия жиi байқалған. 
Бұл тәсілдер өте белсенді жұмыс үстінде, яғни арнайы бейімділік емiнде 
қай  лимфоциттерді  (шеткері  немесе  ісік  шабуылдаушы  лимфоциттер) 
қолдануды  ойластыруда.  Маңызды  мәселелердің  бірі,  ол  ісікерекшелi 
антигендерді керек мөлшерде алып, әрі қарай дамыту тәсілі, себебі бұл тәсілдің 
әсері   өлген  ісік  жасушаларындағы  арнайы  антигендi  қоздыру  тәсiлiнен 
қарағанда, анағұрлым жоғары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет