Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет240/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Интерлейкин-2  (ИЛ-2)  
онкологиялық  аурулар  емдеуде  кең 
қолданылатын  цитокин.  Ол  меланомада,  бүйрек,  өкпе  рактарында  және 
тағы басқа ісіктерде жоғары нәтиже көрсеткен және оны қолданғанда ұзақ 
регрессия  байқалған.  Бірақ,  ісіктің  толық  жойылуы  болмаған.  ИЛ-2 
қолданғанда бiрнеше шектеулер бар себебі, ол бірнеше ауруларда жүректi, 
бүйректі  жарақаттайды.  Келешекте  ИЛ-2  ЛАЖ  бірге,  арнайы  иммунды 
бейімділік  емінде,  сонымен  бiрге,  интерферон  және  ИЛ-12-мен  қосып 
қолданғаны жөн.  
Интерлейкин-12  (ИЛ-12)  –  цитокин,  ол  макрофагтармен  түзіліп 
арнайы  емес  қорғаныс  механизмі  мен  арнайы  Т-жасушалық  иммунды 
жауап  дамыту  арасында  маңызды  рөл  атқарады.  ИЛ-12  Тх
1
  дамытып, 
цитокиндердің  бөлiнуiн  ұлғайтады  және  Т-лимфоциттер  мен  NK-
жасушалардың  цитотоксикалық  белсенділiгін  күшейтеді.  Жануарларда 
зерттеу  өткізгенде,  ИЛ-12  ісікке  қарсы 
бүйрек  ісігі,  меланома, 
ретикулосаркома,  тоқ  ішек  рагы   үлкен  әсер  еткен.  ИЛ-12,  ИЛ-2  түзетiн 
Тх
1
 дамуын шақырады, сондықтан, in vivo олар бір-бірін толықтырып әсер 
етеді  және  лимфоциттердiң  бөлiнуiне  қатысады;  осымен  қатар  Т-
киллермен  -интерферон  бөлiнуiн  күшейтедi,  ол  иммунитетте  керек  NK-
жасушаларын  белсендiредi.  Тағы  басқа,  ИЛ-12  арналған рецепторларды 
тежейдi.  
ИЛ-2 мен ИЛ-12 бірге қосып тышқандарда қатерлі  ісікке қарсы қолдану 
тәжірибесі  өткізілген.  Мұндай  күйде,  бүйрек  ісігі  толық  керi  қайтқан  (60%),  ал 
бөлек  қолданған  кезде  ешқандай  емдiк  қасиет  байқалмаған.  Қазір  клиникада 
ісікке қарсы емдеуде ИЛ-2 мен ИЛ-12 аралас қолданып тәжірибе  жүргiзiлуде. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет