96
Элемент түрі
Элемент сипаттамасы
Иллюстрациялар
Ойық жара
Эпидермис, дерма және жиі олардың астында жатқан тіндердің
тұтастығы
бұзылатын терінің терең ақауы. Ойық жаралар әртүрлі
патологиялық
үрдістер себебінен дамуы мүмкін: іріңді қабыну (терең пустулалар),
сондай-ақ өнімді, оның ішінде спецификалық қабыну.
Ойық жаралар лимфа- және
қанайналымдары бұзылыстары, жарақат,
зақым, күйік, трофикалық бұзылыстар, инфекциялар, ыдыраған ісік кезінде
және т.б. пайда болады.
Сурет 5-15
. Ойық жара
Жарылу
Сызықты жарылуы түрінде терінің ақауы. Эпидермис
деңгейінде беткейлі
жарылу және дерманың қабаттары деңгейіндегі
терең жарылу болуы
мүмкін. Беткейлі жарылу із-түзсіз
жазылады, ал
терең ауырсынумен,
қансыраумен, жазылған соң тыртық қалумен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: