САРМАТТАР(Б.З.Б. 8-5 ғ.) Тарихи деректерде б.з.б. 8 сарматтарды алғаш рет савроматтардеп атаған.Деректері: грек, рим тарихшылары Диадор, Үлкен Плиний, Полибий, Геродот. Геродот жазбаларында сарматтар дайлар деп аталды.Сарматтар массагеттер мен исседондармен туыстас.Кейбір ғалымдар сарматтар дегеніміз исседондар дейді. Шаруашылығы: көшпелі мал шаруашылығы, қосымша кәсібі: егіншілік, аңшылық.Дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ патша Аршакидтер әулеті билігінің негізін қалаған.Әлеуметтік және мүлік теңсіздігі шықты.Әскери демократиялық ел.Әйелдердің қоғамдағы рөлі, орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды.Қысқа тон киіп, белін белбеумен буды, қысқа қонышты етік, кең шалбар киген, әйелдердің киімдері әр түрлі моншақтармен безендірілді.Қыш құмыралардың түбі жайпақ әрі шұңғыл болып келді, тамақ пісіретін қазандар темірден құйылды. Шыны ыдыстар шығыс елдерінен алғызылды. Торсық, саба, көнек, мес теріден жасалды.Зергерлік өнер жоғары дамыды.Археологиялық ескерткіштері: Бәйте, Терең (Үстірт), адамды жерлеген орындар табылды. Бесоба қорымында абыз әйелдер жерленген, Сынтас қорымында үш савромат жауынгері жерленген(Бат.Қаз.). Аралтөбе ескерткіштері: Атырау облылысы Жылой ауданынан табылған Алтын киімді сармат көсемі.
Тақырыптың міндеті: Жылқының қасиетін,қазақ халқының жетік білгендігін және атқа міну мәдениетінің ерте дәуірден қалыптасқанын жан-жақты ашып көрсету.
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.