Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет100/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Көкбауырдың қанмен қамтамасыз етілуі. Ағзасыртылық қантамырлар

Көкбауыр іш қолқасының құрсақ сабауының бір тармағы a. lienalis арқылы қанмен қамтамасыз етіледі. Көкбауырлық артерия ағзаға кірер бұрын бірнеше тармақтарға бөлінеді, бірақ олардың саны және орналасуы жайлы көп қарама-қарсы пікірлер бар. Біріншелері артерия ағзаға кірер бұрын 2-ге бөлінеді десе, екіншілері 3 немесе одан до көп тармақтарға бөлінетініне тоқталады.


Осы авторлардың көрсетуі бойынша:

57%-да артерия ағзаға кірер алдында 2-ге бөлінеді. 12%-да 3-ке бөлінеді.


8%-да 3-тен көпке бөлінеді. 23%-да тіпті бөлінбейді.
Артерия көкбауырға 2,2 см жетпей бөліне бастайды. Артерияның тармақтарының санына байланысты бірнеше түрлерін айырады:

    1. Бір тармақты (алдыңғы)

    2. Екі тармақты(алдыңғы, артқы)

    3. Үш тармақты (алдыңғы, артқы, ортаңғы)

    4. Көптармақты.

Көкбауырлық артерияның тармақтарының пішіні әртүрлі: түзу, доғатәрізді және S- тәрізді. Көкбауырдың екі ұшына алдыңғы және артқы ұштық артериялар жақындайды, бірақ бұлар тұрақты емес. Ұзындығы мен көлемдері үнемі өзгеріп тұрады. Түбірі аймағында қосалқы артерияларды байқауға болады. Солардың арасындағы ең жиі кездесетіні сол асқазан -шарбылық артерия бұларды отаушылық (хирургия) операцияларда ескеру керек.
Көкбауыршілік қантамырлар

Көкбауыр артериясы және оның ағзаалдылық тармақтары әуелі сегментік артерияларға бөлінеді, олар көкбауыр негізіне (перенхима) кіргеннен соң өз ретінде қалқалық (трабекула) артерияларға бөлінеді. Олар көкбауырға терең жайылып қалқалар (дәнекер жасушалық қалқалар) ішіне кіреді. Әрі қарай қалқалық артериялар қалқадан


шығып пульпаға енеді де жалғасы пульпалық артериялар деп аталады, олар артерия жанында екі қатар орналасқан Т-лимфоциттерден тұратын лимфатәрізді муфталармен қоршалған, ал пульпалық артериялар орталық артерияларға бөлінеді, оларда лимфатәрізді түйіншелер орналасқан. Лимфатәрізді түйіншелерден шығысымен орталық артериялар бірнеше қылқаламтәрізді (кисточковые) артериолдарға (arteriolae penicillaris) бөлінеді.
Қылқаламтәрізді артериолдардың дистальды ұштарында, нақтылап айтқанда макрофагты-лимфатәрізді эллипстік муфталар орналасқан.
Қылқаламтәрізді артериялар прекапиллярларға жалғасады, ал олар веналық қуыстарға ашылатын капиллярлармен бітеді. Веналық қуыстарда қан ағысы баяулайды да жинақтаушы венулаларға өтеді. Жинақтаушы веналар пульпа веналарына, ал олар өз ретінде қалқалық веналарға жалғасады. Қалқалық веналар арқылы веналық қан көкбауыр венасына ашылады. Көкбауыр венасы бауырдың қақпа венасының бір құйылымы болып табылады да онымен көкбауырдан веналық қан бауырға ағады.
Веналық қуыстардың кіретін және шығатын шеттерінде жинақтаушы қуысқа өтетін аймақтарында қысқыштар (сфинктр) орналасқан. Олардың қызметі жиырылулары арқылы қанды көп мөлшерде өздерінде ұстай алады.
Knisley кварцты сәулелерді қолдану арқылы веналық қуыстардың қысқыштарының жиырылуы мен босаңсынуына байланысты веналық қуыстық қанға толу деңгейімен пішіндерін анықтады, ол оны кезеңдер деп атады.Қысқыштардың екеуі де босаңсығанда қуыстар тарылады, бұл «өткізу» кезеңі, шығу қысқышы жиырылып, ал кіру қысқыш босаңсығанды «толтыру» - сүзу (фильтрация) кезеңі деп аталады, бұл кезде қуыстар қабырғалары арқылы эритроциттер өте алмайды, бірақ айналасын да орналасқан қызыл пульпаға плазманы өткізеді. Егер веналық қуыс эритроциттерге толып және шығу қысқышы жиырылыста болса онда келесі «жиналу» кезеңі басталады. Егер екі қысқыштарда ашық болса эритроциттер қан ағынына түседі бұл «босану», «босау» кезеңі. Капиллярлармен жинақтаушы веналарды бір-бірімен тікелей байланыстыратын жанама қантамырлар бар, оларды «байланыстырушылар» деп атайды, ол жедел жағдайда, не болмаса көп қан жоғалтқанда веналық қуыстарды жанап өтіп орталық қантамырларға қанды тікелей өткізеді.
Жоғарыда аталған қылқаламтәрізді артериялардың тікелей веналық қуыстарға ашылуын «тұйықталған» айналым жүйесі немесе микроайналымның тұйықталған түрі деп аталады. Бұдан басқа «тұйықталмаған» айналым жүйесі туралы да жорамал бар. Олардың
пікірлері бойынша қылқаламтәрізді артерия капиллярлары қойнауаралық қызыл пульпаның торлы ұлпасына тікелей ашылады да, қан жасушалары біртіндеп қызыл пульпадан қойнау қабырғаларындағы майда тесіктер арқылы оның қуысына енеді. Бірақта көкбауырда айналымның екі түріде болуы мүмкін және олардың әрқайсысының қызметі сол уақыттағы ағзаның қызметтік сипатына тікелей байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет