Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет99/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Жас мөлшері

Ұзындығы

Ені

Биіктігі

Ұрықтық кезеңі

0,4-4,6

0,3-2,7

0,15-1,4

Жасөспірімдік кезең

4,8-10,1

2,9-6,4

1,6-2,7

Ересек кезең

10,4-16,5

7,0-10,5

2,9-5,6

Көкбауыр құрамында серпілмелі және коллагендік тіндер көп қантамырлары аз, қалыңдығы 0,1 мм болып келетін дәнекертіндік қапшықпен қапталған. Көптеген сүтқоректілердің көкбауыр қапшығының құрамында көп мөлшерде тегіс салалы бұлшықеттердің талшықтары кездеседі.
Адамда тегіс салалы бұлшықеттік жасушалар айқын ажыратылмаған, олар көбінесе ағзаның қақпасы аймағында орналасқан. Қапшықтан ағзаның ішіне көптеген дәнекертіндік қалқалар енеді. Олардың құрамына тегіс-салалы бұлшықет талшықтары, қантамырлар және нервтер кіреді. Қапшық және одан шығатын қалқалар оларды бойлай өтетін тамырлар, нерв талшықтары бірігіп көкбауырдың тіректік жиырылушы аппаратын құрайды.
Бұл жүйе сүтқоректілерде әртүрлі дамыған. Қалқалар арасы қызыл және ақ пульпалардан тұратын паренхимамен (заты) толған. Ақ пульпа, артериямаңылық лимфатәрізді түйіншелер (Мальпигий денешігі) түзетін лимфоциттер шоғыры болып табылады. Көкбауырдың қантамырлардан, синустәрізді капиллярлардан және олардың арасындағы пульпалық қалқалардан тұратын қалған бөлігін қызыл пульпаға жатады.
Ақ және қызыл пульпалардың өзара көлемдік ара қатынасы тұрақсыз, олар жас мөлшеріне, денсаулыққа (мысалы: жұқпалы аурулар, СПИД, қатерлі ісікте, туа пайда болған науқастар), көңіл-күйге (стресстер) тығыз байланысты.
Сүтқоректілердің салыстырмалы анатомиясын зерттеу арқылы және ақ және қызыл пульпаның ара-қатынасы арқылы әртүрлі жануарлардың көкбауырының қызметін 2-ге бөлді: 1) зат алмасушы; 2) жинақтаушы.
Зат алмасушы түрінде ақ пульпа жақсы дамыған және көлемі үлкен, ал жинақтаушы бөлігінде керісінше қызыл пульпа көптеу (мысық, ит, жылқы). Адам мен егеуқұйрықтың көкбауырындағы ақ және қызыл пульпаларының көлемдік арақатынастары сәйкес 1:6 болғандықтан егеуқұйрықта әртүрлі ақаулар мен есенгірлету жағдайларын туғызу арқылы көкбауырдың лимфатәрізді тінін зерттеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет