Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет101/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Көкбауырдың нервтенуі

Көкбауырдың түйіннен кейінгі және сезімтал талшықтардан құралған өте күшті жетілген ағза ішілік және ағза сыртылық нервтік аппараты бар. Ол симпатикалық және парасимпаткалық нервтерді көп мөлшерде құрсақ өрімінің сол бөлігінен шығатын түйіннен кейінгі нерв талшықтарынан алады, ал сезімтал нервтерді 6-дан 10-ға дейінгі жұлын түйіндерімен кезбе нервтің сезімтал түйіндерінің афференттік нерв талшықтарынан қабылдайды. Көкбауыр өрімі көкбауыр артериясын қоршай қалыптасып айналысындағы басқа өрімдермен тікелей байланысқан. Олар: құрсақ, сол бүйрекүсті өрімдері, сол асқазан артериясы өрімі, асқазан өрімі, бауыр өрімі, ұйқы безі өрімі, сол көкеттік өрім, жоғарғы шажырқай өрімі, сол бүйрек қолқа түйіні және оң кезбе нерв. Көкбауыр өрімінің симпатикалық түйінге дейінгі талшықтары үлкен және кіші іштік нервтермен (n.n. splanchnici major et minor) белдік симпатикалық түйіндердің висцералдық тармақтарының құрамында құрсақ өріміне жетеді, ал көкбауыр өрімінің түйінге дейінгі парасимпатикалық талшықтары кезбе нервтің артқы сабауының құрамында орналасқан. Көкбауыр өрімі түйіннен кейінгі симпатикалық және парасимпатикалық талшықтарды аттас өрімнің құрсақтық түйіндерінен алады, көбін сол бөлігінен. Құрсақтық түйіндердің түйіннен кейінгі талшықтары құрсақ сабауының айналасында өрім түзеп, оның бір жалғасы көкбауыр артериясын қоршап көкбауыр өрімін түзеді, ол оның қақпасына дейін жетеді. Кезбе нервтермен құрсақ өрімі түйіндерінің ара-қатынасын талдау көрсеткендей, оң кезбе нервтің құрсақ түйіндері және көкбауыр өрімі үлкен байланыста екені байқалады. Көкбауырды нервтенудегі, оның орналасуы жағына сол кезбе нервке жақындығына қарамай, оң кезбе нервтің артықшылықта болуын менің ойымша пренатальды онтогенезде көкбауырдың эмбрионның алғашқы ішегінің дорсальды шажырқайынан дамуымен түсіндіруге болады.


Лимфа жүйесі


Тамырлар жүйесі туралы ілім ангиология деп аталады. Бұл жүйеге қан тамырлары және лимфа жүйелері жатады. Ағзалар мен тіндерге қоректік заттар артериялық қан тамылары арқылы әкелінсе, ал олардан зат алмасу қалдықтары вена және лимфа тамырлары арқылы әкетілінеді. Лимфа веналық жүйенің қызметін толықтырады.
Лимфа жүйесінің құрамы: ағзалар мен тіндерде тарамдалған лимфа капиллярлары, лимфа тамылары, лимфа түйіндері, веналар жүйесіне барып құятын ірі лимфа тамырлары (сабаулар мен түтіктер).
Лимфа түйіндері қазіргі уақытта иммундық жүйе құрамына (жілік майы, тимус, лимфа түйіндері, ішектің жеке және топталған лимфатәрізді түйіншелері, бадамшалар, көкбауыр) енгізілді.
Лимфа жүйесі – зат алмасуға қатынасады, ағзалар мен тіндерден зат алмасу қалдықтарын, табиғаты бөтен заттарды шығарады.
Лимфа – адам денесіндегі екінші сұйықтық орта. Лимфа дегеніміз мөлдірлеу, ересек адамдарда сәл сарғыштау, жаңа туған нәрестеде сүт түстес ақ сұйықтық. Ол химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас. Құрамындағы минералдық тұздар мен органикалық қосылыстардың мөлшері қан плазмасындағыдай, бірақ ақуыз мөлшері қандағыдан аз және әр мүшеде әртүрлі. Лимфада лимфоциттер мен ағзадан лейкоциттердің түрлері бар, ақуыз- протромбин және фибриноген аз, сондықтан лимфа өте баяу ұйиды (10-151). Ұйыған кезде сарғылт түсті жұмсақ қоймалжыңға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет