Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет105/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Лимфа түйіндерінің нервтенуі

Лимфа түйіндері көп мөлшерде симпатикалық (норадренергиялық) және парасимпатикалық (халинергиялық) нервтермен нервтенеді.


Адренергиялық талшықтар лимфа түйіндеріне негізінен қантамырлармен бірге еніп ретикулярлы жасушалар аралықтарында өрімдеп түзеді. Холинергиялық нерв талшықтары лимфа түйіндерінде жақсы жетілген қақпа маңындағы өрім және периваскулярлық талшықтар түрінде кездеседі.
Лимфа түйіндерінің қызметі



    1. Механикалық сүзгі (барьерлік қызметі): лимфа түйінінің қойнаулары арқылы өткенде, олардың торларында әртүрлі микроорганизмдер, бүлінген және қатерлі ісік жасушалары, табиғаты бөгде заттар (шаң-тозаң бөлшектері) сүзіледі.

    2. Биологиялық фильтр: фагоциттік жасушалар сүзілген заттарды ұстап, жояды.

    3. Иммундық қызметі: лимфа түйіндерінде лимфоцитопоэз жүреді, яғни лимфоциттер түзіледі (Т және В лимфоциттер, макрофагтардың қатысуымен иммундық үрдісті қамтамасыз етеді).

    4. Лимфа депосы. Түйіндер лимфа тамырларымен бірге резервуарлық қызмет ақтарады. Қан азайған кезде оның есесін қайтаратын реакциялармен бірге веналық қанға құйылатын лимфа мөлшері көбейеді.

Егде шақта лимфа түйіндерінде дәнекер тін көбейіп, май басады да, олар табиғи құрылысы мен қасиеттерін жоғалтып, лимфа өте алмайтын күйге келеді, яғни босап қалады, қатар жатқан лимфа түйіндері бітісіп кетеді, сөйтіп олардың саны азайғанмен көлемдері ұлғаяды. Осы аталған жағдайларға байланысты қарт адамдарда иммунитет әлсірейді.
Лимфа сабаулары мен түтіктері

Дененің әр бөлігінен шығатын лимфа түйіндері арқылы өтіп, лимфа сабаулары, trunci lymphatici мен лимфа түтіктеріне, ductus lymphatici жиналады.


Ең ірі және ең негізгі лимфа тамыры кеуде түтігі, ductus thoracicus деп аталады. Ол лимфаны аяқтардан, жамбас астауы, іш қуысы және кеуде қуысының сол жағында орналасқан ағзалардан жинайды. Оның ұзындығы 30-40 см. Кеуде түтігі сол жақтағы ішкі мойындырық венамен сол бұғанаасты венасының бір-бірімен қосылатын веналық бұрышқа келіп ашылады. Жиірек түтік екіге бөлінген, кейде 3-4 түтікшелермен келіп құйылады. Сол жақтағы қолдан лимфа жақтағы бұғанаасты сабауы, truncus subclavius sinister арқылы келіп 50 пайыз жағдайда кеуде түтігіне немесе сол жақтағы веналық бұрышқа, не сол жақтағы бұғанаасты венасына құйылады.
Бас пен мойынның сол бөлігінен – сол мойындырық сабауы, truncus jugularis sinister, шығып, көбінесе кеуде түтігіне құйылады.
Оң жақтағы бұғанаасты, мойындырық және бронх – көкірекаралық сабаулары 18,8 пайыз жағдайда (М.Р.Сапин) бірігіп, ұзындығы 1 см шамасындағы оң жақтағы лимфа түтігін, ductus lymphaticus dexter, құрайды.
Бұл түтік оң жақтағы веналық бұрышқа келіп құяды. 81,2 пайызда оң жақтағы лимфа сабаулары жеке-жеке тікелей оң жақтағы веналық бұрышқа немесе ішкі мойындырық және бұғанаасты веналары бір-біріне қосылатын жердегі шеттеріне келіп ашылады.
Нерв жүйесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет