Артқымидың,metencephalon,құрамына вентралды орналасқан көпір, және дорсалды орналасқан мишық кіреді. Омыртқалылар эволюциясында көпір мен мишықтың түзілуі сүтқоректілерде күштірек дамыған статокинетикалық және есту қызметінің жетілуімен тығыз байланысты болды. Көпір мен мишықтың құрылымдық дамуы, үлкен мидың эволюциялық күрделенуімен қатар жүрді.
Көпір
Көпір,pons,(Варолийкөпірі)мидың төменгі бетінде орналасқан көлденең жолақтанған жалпақ құрылым. Ол алдынан үлкен ми аяқшасымен, артынан – сопақша мимен шекараласады. Көпірдің бүйір жақтарының орта тұсында, одан, үштік нерв шығады. Ол, мишықтың ортаңғы аяқшалары, pedinculus cerebellaris medius, мен көпірдің шекарасы болып табылады. Көпір мен пирамида арасында әкететін нерв, n.abducens, ал сәл артқа және латералды бетнерві,n.facialis,мен кіреберіс-ұлунерві,п.vestibulocochlearis, шығады. Көпірдің вентралды бетінің ортасынан аттас артерия өтетін базилярлықжүлге, sulcus basilaris, өтеді. Көпірдің дорсалды беті ромбтәрізді шұңқырдың жоғарғы бөлігін түзеді.
Көпірді көлденең кесіндіде алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі, олардың шекарасы трапециятәрізді дене, corpus trpezoideum, деп аталатын көлденең орналасқан нерв талшықтары арқылы өтеді. Ол есту анализаторының талшықтарынан түзілген.
Көпірдің алдыңғы бөлігі, pars ventralis, немесе негіздік бөлігі, pars basilaris, бойлық төмендеген өткізгіш жолдардан және көлденең нерв талшықтарынан тұрады.
Бойлық талшықтар, көпірді үлкен ми қыртысымен байланыстыратын қыртыс-көпіржолынан, tr.corticopontinus, және ортаңғы жазықтыққа жақын шоғырлана орналасқан пирамидалықжол, tr.pyramidalis, талшықтарынан түзілген. Соңғысы үлкен ми қыртысынан қарсы жақтың бассүйектік нервтеріне баратын қыртыс-ядролықжолға, tractuscorticonuclearis,жұлынның өз және қарсы жағының қозғалтқыш ядроларына баратын қыртыс-жұлындықалдыңғыжәне латералдыжолдарға,tr.corticospinalesanterior (ventraleis) et lateralis, бөлінеді. Қыртыс- көпір жолы көпір ядроларында, nuclei pontis, аяқталады. Бұл ядролардан басталатын көпір-мишықжолы,tr.pontocerebellaris, көпірдің алдыңғы бөлігінің негізгі массасын құрайтын көлденең талшықтар, fibrae pontistransversae,түзедіде,мишықтың ортаңғы аяқшасының құрамында өтіп, көпірді мишықпен байланыстырады.
Көпірдіңартқыбөлігінде,parsdorsalispontis,сопақша ми түзілісінің жалғасы болып табылатын торлы түзіліс; V,VI,VII және VIII жұп бассүйек нервтерінің ядролары («ромбтәрізді шұңқырды» қараңыз) орналасқан. Сонымен қатар үштік нервтің жұлындық, ортаңғы милық ядролары және кіреберіс ядроларынан басталып, көзқозғалтқыш, шығыршық, әкететін, қосымша нервтердің ядроларын қосатын медиалды бойлық буданыңталшықтары орналасқан. Медиалды бойлық буда,fasciculus longitudinalis medialis,көз алмасы мен бастың үйлесімді қозғалысын қамтамасыз ететін, жоғарылаған және төмендеген талщықтардан тұрады. Көпірдің дорсалды бөлігінде негізінен жоғарылаған өткізгіш жолдар: медиалды және латералды ілмек, ауырсыну және температура сезімталдығының және т.б өткізгіш жолдар өтеді. Сонымен қатар төмендеген: қызыл ядро-жұлындық, төбе-жұлындық және торлы-жұлындық жолдар орналасады. Олар жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш жасушаларында аяқталады.
Трапециятәрізді денені кіреберіс-ұлу нервінің (ҮІІІ жұп) ұлулық ядросы мен трапециятәрізді дене ядроларының жасушаларынан шығатын есту жолының талшықтары түзеді. Трапециятәрізді дене талшықтары көпірдің қарама-қарсы жағында латералды және жоғарғы жаққа иіліп латералды ілмек, lemniscus lateralis, деп аталатын жол түзеді («Есту ағзаларын» қараңыз).