Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет124/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   171
Таламусасты аймағы (гипоталамус), hypothalamus, қызметтік мәні әртүрлі және эмбриондық шығу тегі бірдей емес құрылымдарды біріктіреді. Оған жұп емізіктәрізді денелер, сұр төмпе, құйғыш, гипофиз, көру жолы мен оның қиылысы жатады.
Емізіктәрізді дене, corpus mamillare, – артқы тесіктелген зат пен сұр төмпенің арасында орналасатын, жартылай шартәрізді жұп құрылым. Емізіктәрізді денелер мидың ақ затының қабатымен жабылған, ішінде иіс сезудің қыртысастылық орталығы болып табылатын ядро орналасады.
Сұр төмпе, tuber cinereum, – ортада орналасатын тақ құрылым. Алдынан сhiasma opticum және артынан емізіктәрізді денелер арасында жатады. Төменгі жағында қабырғасы жұқа, қуысты құрылым құйғышқа, infundibulum, жалғасады. Құйғыш жіңішкеріп барып гипофизге, hypophysis, жалғасады. Гипофиз қызметі бойынша эндокриндік жүйеге жатады. Сұр төмпе қуысы жоғарғы жағынан таламусаралық саңылаумен байланысып, екеуі бірге үшінші қарынша қуысын түзеді. Сұр төмпенің алдында көру қиылысы, chiasma opticum, орналасады. Оның алдыңғы және жоғарғы жағында фронтальды бағытта орналасып, сүйелді дененің құстұмсығына жалғасатын жұқа, шекаралық табақша, lamina terminalis, өтеді. Көру қиылысы, көру жолына, tractus opticus, жалғасады. Шекаралық табақшаға артынан – алдыңғы дәнекер, comissura anterior, жанасып жатады.
Гипоталамуста вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерінің қызметтерін реттейтін орталықтар - ядролар түрінде орналасады. Бұдан басқа ядролар үлкен ми қыртысы мен жұлынды бір-бірімен байланыстырып тұрады.
Үшінші қарынша, ventriculus tertius, эпендимамен қапталған жіңішке ортаңғы саңылау. Үшінші қарынша артынан ортаңғы мидың суқұбырымен, ал алдынан жұп қарыншааралық тесіктер арқылы оң және сол бүйір қарыншалармен байланысады. Үшінші қарыншаның алты қабырғасын ажыратады. Бүйір қабырғалары таламустардың медиалды беттерімен және меншікті гипоталамуспен түзілген. Оларды бір-бірінен таламусастылық жүлге, sulcus hypothalamiscus, бөліп тұрады. Меншікті гипоталамусқа ортаңғы мидың жамылғысы жалғасады. Алдыңғы қабырғасы шекаралық табақша, алдыңғы дәнекер және күмбез бағаналарынан түзілген. Күмбез бағанасы мен таламустың алдыңғы төмпешігінің арасында қарыншааралық тесік (Монрой тесігі), foramen interventriculare, орналасады. Бұл тесік арқылы III қарынша бүйір қарыншаларымен
байланысады. Артқы қабырғасы тарылған, жүген дәнекерінен, артқы дәнекерден, оның астындағы ортаңғы мидың суқұбырынан түзіледі. Жоғарыда аталғандай, жүген дәнекері мен артқы (эпиталамустық) дәнекердің аралығында, эпифизге енетін кішкене томпақтық ұңғыл, recessus pinealis, жатады. Үшінші қарыншаның түбін chiasma opticum, tuber cinereum мен infundibulum, corpora mamillaria, substantia perforata posterior, жартылай pedunculi cerebri түзеді. Үшінші қарыншаның түбінде екі ұңғыл: көру қиылысы мен шекаралық табақшаның аралығында – көру ұңғылы, recessus opticus, және құйғышта – құйғыш ұңғылы, recessus infundibuli, Жоғарғы қабырғасы үшінші қарыншаның тамырлы негізімен, tela choroidea ventriculi tertii, түзілген. Тамырлық негіздің құрамына мидың көлденең саңылауы арқылы сүйелді дене мен күмбездің астынан енетін, мидың жұмсақ қабығы және оның астында орналасқан эпителийлік табақша кіреді. Олардың ішінде тамырлы өрім, plexus choroideus ventriculi tertiі, жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет