Сегізкөзжәнеқұйымшаққосылыстары Сегізкөздің Ү омыртқасы мен І құйымшақ омыртқасының денелері сегізкөз- құйымшақ буынын, art. sacrococcygea, түзеді. Осы екі омыртқаның арасындағы discusintervertebralis-те көп жағдайда қуыс кездеседі. Сегізкөз бен құйымшақтың мүйіздері синдесмоз арқылы жалғасқан.
Бұл буынды сегізкөз-құйымшақтық латералды байлам; сегізкөз-құйымшақтықалдыңғыбайлам;сегізкөз-құйымшақтықартқыбеткейбайлам;сегізкөз-құйымшақтықартқытереңбайламдарбекітіп тұрады.
Омыртқабағанасыныңбассүйекпенқосылысы Бұл жерде бір-бірімен тығыз байланысты үш: ауыз омыртқа-шүйде, ауыз омыртқа-біліктік ортаңғы және ауыз омыртқа-біліктік латералды буындар орналасқан.
Ауыз омыртқа-шүйде буыны, art. atlantоoccipitalis, жұп, айдаршықты, екі білікті және үйлесімді буын. Буынды шүйде сүйектің айдаршықтары мен ауыз омыртқаның жоғарғы буындық беттері түзеді. Буын қапшығы буындық беттердің жиектеріне бекиді. Шүйде сүйек пен ауыз омыртқаның арасында ауызомыртқа-шүйделікалдыңғыжарғақ, art. atlantoccipitalis anterior, және ауыз омыртқа-шүйделік артқы жарғақ, art.atlantoccipitalis posterior, орналасады. Бұл буында фронталды білік айналасында еңкею және шалқаю, сагитталды білік бойынша әкету және әкелу қимылдары іске асады.
Ауыз омыртқа-біліктік ортаңғы буын, art.atlantoaxialismediana,ауыз омыртқаның алдыңғы доғасының артындағы тістік шұңқыр мен біліктік омыртқа тісінің алдыңғы буындық бетінің арасында және тістің артқы буындық беті мен көлденең байламның буындық бетінің аралығында орналасқан. Яғни буынның жеке екі қуысы болады, пішіні бойынша цилиндр тәрізді (бір білікті), вертикалды білік бойынша басты оңға және солға айналдыру қызметі жүзеге асады. Ауыз омыртқаның тістің айналасындағы қозғалысы бассүйекпен бірге жүреді.
Ауыз омыртқа-біліктік латералды буын, art. atlantoaxialis lateralis, жұп, ортаңғы буынмен бірге (үш буын) үйлесімді буындар болып табылады. Бұл буын ауыз омыртқаның төменгі буындық беттері мен біліктік омыртқаның жоғарғы буындық беттерінен түзілген. Пішіні бойыншы жалпақ буын. Үш буын бірнеше байламдармен бекиді. Ауызомыртқаныңкөлденеңбайламы,lig.transversumatlantis,І мойын омыртқасының латералды массаларының аралығында тартылған. Ол біліктік омыртқаның тісін ауыз омыртқаның алдыңғы доғасына тақап ұстап тұрады. Байламның ортасынан жоғары және төмен қарай бойлықбудалар,fasciculilongitudinales,деп аталатын екі байлам кетеді. Жоғарғы буда шүйде сүйектің үлкен тесігінің алдыңғы жиегіне, төменгісі – біліктік омыртқа денесінің артқы бетіне бекиді. Көлденең байлам және бойлық будаларды ауызомыртқаныңкресттәріздібайламы,lig.cruciformeatlantis, деп атайды. Крестәрізді байламның астында (алдында) екі байлам жатады. Тісұшының байламы, lig. apicis dentis, тіс ұшы мен үлкен тесіктің алдыңғы жиегіне бекиді. Жұп, қанаттәрізді байламдар, ligg. аlaria, тістің бүйір беттерінен басталып, шүйде айдаршықтарының медиалды беттеріне бекиді. Аталған байламдар артқы жағынан артқы бойлық байламның жалғасы болып табылатын – жамылғы жарғақпен, membranatectoria,жабылған. Бұл жарғақ жоғарғы жағында үлкен тесік арқылы өтіп, ылдида аяқталады, ал біліктік омыртқаның денесінен төмен қарай артқы бойлық байламға жалғасады.
Ауыз омыртқа-біліктік ортаңғы және латералды буындарда вертикалды білік бойынша басты оңға және солға бұру (айналдыру) қозғалыстары жүргізіледі, бұл кезде бас ауыз омыртқамен бірге қозғалады.