Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет37/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Шеңбер бойынша қозғалу, circumductio, – аталған үш білік бойынша ретімен қозғалу болып табылады, бұл жағдайда қозғалатын сүйектің дисталды шеті шеңбер сызады.
Буындардағы қимыл көлемі – сүйектердің буындық беттерінің айырмашылығына сәйкес болады, буындық беттердің айырмашылығы неғұрлым көп болса, буындағы қозғалыс көлемі де соғұрлым көп болады. Мысалы, иық буынын (шартәрізді буын) құрайтын тоқпан жіліктің басы мен жауырынның буындық ойысының айырмашылығы, ұршық буынын (тостағантәрізді) түзетін ұршық шұңқыры мен ортан жіліктің басының айырмашылығына қарағанда үлкен болады. Сондықтан олар көп білікті буындарға жатқанымен иық буынындағы қозғалыс көлемі артық болады.
Буындардың жіктелуі
Буындардағы қозғалыс буындық беттердің пішіндеріне байланысты болады. Буындық беттер пішіндеріне қарай: цилиндртәрізді, ертоқымтәрізді, шартәрізді т.с.с
болып бөлінеді. Буындардағы қимыл пішіндеріне сәйкес бір біліктің, екі немесе үш біліктің айналасында іске асады. Осыған орай қызметіне байланысты 1) бір білікті; 2) екі білікті; 3) көп білікті буындар болып жіктеледі.
Бір біліктілерге пішіндері бойынша - цилиндртәрізді, шығыршықтәрізді; екі біліктілерге – эллипстәрізді, айдаршықты және ертоқымтәрізді; көп біліктілерге – шартәрізді, тостағантәрізді және жалпақ буындар жатады.


Бір білікті буындар
Цилиндртәрізді буын, articulatio trochoidea, буындасатын бір сүйектің буындық беті дөңес, екіншісінің буындық беті ойыс болып, екеуінің де пішіні цилиндр тәрізді болады. Цилиндр тәрізді буындарға ауыз омыртқа-біліктік орталық буын, кәрі-шынтақ жіліктік проксималды және дисталды буындар жатады. Бұл буындарда қимыл вертикалды білік бойынша - айналу, rotatio, түрінде жүреді, сонымен қатар сүйектердің бойлық бағыты бойынша жылжуы мүмкін.
Шығыршықтәрізді буын, ginglymus, цилиндртәрізді буынға ұқсас, вертикалды емес горизонталды орналасқан, буындық басында қыршасы, ал буындық ойысында – сәйкес жүлгесі болады. Қырша мен жүлге қозғалыс кезінде сүйектердің бүйірлік жылжуларына жол бермейді. Буынның бұл түрінде қимыл фронталды білік айналасында – flexio және extensio түрінде іске асады. Оларға бунақаралық және бақайшақаралық буындар жатады.
Шығыршықтәрізді буындық беттердегі қырша мен жүлге қиғаш орналасса бұл буын винттәрізді буын деп аталады. Бұл буында да қозғалыс фронталды білік айналасында жүреді (тоқпан-шынтақ жілік буыны).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет