Қол сүйектерініңқосылыстары Қол сүйектерінің арасындағы қосылыстардың түрлері қолдың алуан түрлі қызмет атқаруына мүмкіндік береді. Мысалы, қолдың және аяқтың ұқсас буындарын (иық және ұршық буындары, кәрі жілік-білезік және сирақ-асық буындары) салыстырсақ қол
буындарындағы қимыл аяқ буындарына қарағанда ауқымды және әртүрлі болады. Қол сүйектерінің қосылыстары: иық белдеуінің және қолдың еркін бөлігінің буындары болып екіге бөлінеді.
Иықбелдеуінің қосылыстары 1. Төс-бұғана буыны,articulatiosternoclavicularis,төстің бұғаналық тілігі мен бұғананың төстік шеті арқылы түзілген. Буын қапшығы буындық беттердің жиектеріне бекиді. Буын қуысының ішінде буын дискі, discus articularis орналасқан. Бұл буын – қарапайым, кешенді, пішіні бойынша әртүрлі: жалпақ немесе ертоқымтәрізді буындарға жақын болып келеді. Буынның ішінде буын дискінің болуына байланысты көп білікті буын ретінде қызмет атқарады. Сагитталды біліктің айналасында бұғананы көтеру және түсіру, вертикалды білік айналасында бұғананың акромиондық шетінің алдыға және артқа жылжуы, бұғананың өз білігі (фронталды) бойынша айналуы ( қолды иық буынында бүгу және жазу кезінде ) іске асады.
Буынды: бірінші қабырғаның шеміршегі мен бұғананың төстік шетінің төменгі бетінің аралығында тартылған мықты қабырға-бұғаналық байлам, lig. costoclaviculare, буын қапшығының алдыңғы және артқы беттеріндегі төс-бұғаналық алдыңғыжәне артқыбайламдар,ligg.sternoclaviculariaanteriusetposterius,екі бұғананың төстік шеттерін қосатын – бұғанааралықбайлам,lig.interclaviculare,бекітеді.
Бұғана қозғалған кезде онымен қосылған жауырын және қолда қимылдайды.
Акромион-бұғана буыны,articulatioacromioclavicularis,– бұғананың акромиондық шеті мен акромионның буындық бетінің арасында түзілген. Буын қапшығы буындық беттердің жиегіне бекиді. Өте сирек жағдайда discusarticularisкездеседі. Буын пішіні бойынша жалпақ, қызметі бойынша көп білікті. Буындық беттерінің айырмашылығының жоқ дерлік болуына байланысты бұл буындағы қозғалыс көлемі де өте аз болады. Буын қапшығын акромион-бұғанабайламы,lig.acromioclaviculare,бекітеді. Буынды құстұмсықтәрізді-бұғанабайламы,lig.coracoclaviculare, бекітіп тұрады. Байлам processus coracoideus-тің түбірінен басталып бұғананың конустәрізді төмпешігі мен трапеция тәрізді сызығына барып бекитін: конустәрізді, lig. conoideum (медиалды және артта орналасқан) және трапециятәрізді,lig.trapezoideum,(латералды және алдында) екі бөліктен тұрады.
Иық белдеуі аймағында буындарға қатысы жоқ жауырынның меншікті үш байламы бар. Олардың біреуі құстұмсықтәрізді-акромиондықбайлам,lig.coracoacromiale, акромионның алдыңғы жиегі мен құстұмсықтәрізді өсіндінің арасында орналасқан ұшбұрышты, жалпақ мықты байлам. Ол иық буынының «күмбезі» болып табылады да, қолды сагитталды біліктің айналасында әкеткен кезде тоқпан жіліктің жоғары қозғалуын шектеп тұрады.
Жауырынныңжоғарғыкөлденеңбайламы,lig.transversumscapulesuperius, жауырын тілігінің үстінде орналасып, тамырлар мен нервтер өтетін тесік түзеді.
Жауырынныңтөменгікөлденеңбайламы,lig.transversumscapuleinferius,акромионның негізі мен буындық ойыстың артқы жиегінің арасында орналасқан қысқа, жіңішке буда.