Қолдың еркінбөлігініңбуындары Иықбуыны Иық буынын, articulatio humeri, тоқпан жіліктің басы мен жауырынның буындық ойысы түзеді. Буындық ойыстың жиегін бойлай, буындық беттердің сәйкестілігін (конгруэнттілігін) ұлғайтатын буындық ернеу, labrum glenoidale, орналасқан. Буын – пішіні бойынша щартәрізді, көпбілікті, буындардың ішіндегі ең қозғалмалысы болып табылады. Себебі қосылысатын буындық беттердің айырмашылығы үлкен (инконгруэнтті), буындық қапшық жұқа және еркін бекіген. Буындық қапшық жауырындағы буындық ойыстың жиегіне және ернеудің сыртқы бетіне, тоқпан жіліктің анатомиялық мойнына бекиді. Екі төмпешік буын қуысының сыртында жатады. Буындық қапшықты жоғарғы жағынан құстұмсық-тоқпанжілікбайламы,lig.coracoacromiale,бекітіп тұрады. Ол құстұмсықтәрізді өсіндінің негізінен басталып, тоқпан жіліктің анатомиялық мойнының жоғарғы бөлігіне бекиді. Буындық қапшықты байламдардан басқа жанында жататын mm.supraspinatus,infraspinatus,teresminor,subscapularis, бұлшықеттерінің сіңірлері де бекітіп тұрады. Бұл буынның ерекшелігі оның қуысы арқылы иықтың екі басты бұлшықетінің сіңірі (tendo m. bicipitis brachii) өтеді. Сіңір, төмпешікаралық синовиалық қынапқа, vaqina synovialis intertubercularis,жалғасатын синовиалық жарғақтың өсіндісімен жабылған. Буындық қапшықтың
синовиалық жарғағының екінші өсіндісі жауырынасты бұлшықетінің сіңіріастылыққабын,bursasubtendineam.subscapularis,түзеді. Жиі жағдайда буын мен аталған қаптың қуыстары өзара жалғасып жатады.
Иық буынында: 1) фронталды білік айналасында – бүгу және жазу; 2) сагитталды білік бойынша – әкелу және әкету (горизонталды деңгейге дейін, одан жоғары көтерілуге lig. coracoacromiale мүмкіндік бермейді, қолдың горизонталды деңгейден жоғары көтерілуі төс-бұғана буынында іске асады); 3) вертикалды білік айналасында – ішке және сыртқа айналу; 4) шеңберлік қозғалыстар іске асады.
Иық буынының қозғалмалы және байламдарының аз болуына байланысты қолдың осы буында шығуы жиі байқалады.