Кеудеторының қозғалысы Кеуде торы тыныс алу кезінде қабырғалардың буындарындағы қозғалыстарға байланысты өзінің көлемін өзгертіп отырады. Қабырға-омыртқалық екі буында оларға ортақ білік буындардың орталықтары арқылы өтеді. Бұл үйлесімді екі буында қабырғалар сыртқа айналғанда олардың алдыңғы шеттері төспен бірге көтеріліп, тыныс алу кезінде кеуде торының көлемін үлкейтеді. Тыныс шығару кезінде, керісінше, қабырғалар ішке айналып төс түседі де, кеуде торы кішірейеді. Қабырғалардың төмен түсуіне бұлшықеттердің жиырылуы ғана емес, қабырға шеміршектерінің, жарғақтардың, байламдардың серпімділігі де әсер етеді. Қартаң жастарда қабырға шеміршектерінің, қабырғааралық жарғақтардың, байламдардың ізбестенуіне (кальциноздануына) байланысты олардың серпімділігі азаяды, бұл кеуде торының қозғалысын төмендетеді.
Бассүйектіңқосылыстары Бассүйек сүйектері өзара жіктер,синхондроздар,синостоздаржәне шықшытбуыныарқылы буындасады.
Бассүйектің жіктері,suturaecranii,фиброзды қосылыстарға жатады. Бассүйек күмбезінің сүйектері жіктер арқылы қосылады. Маңдай және шеке сүйектерінің арасындағы тісті жік – тәжді жік, sutura coronalis, екі шеке сүйегінің арасындағы сагитталды жік, sutura sagittalis, шеке және шүйде сүйектерінің арасында тісті жік – ламбдатәріздіжік,suturalambdoidea,деп аталады. Самай және шеке сүйектерін қабыршақты жік, sutura squamosa, байланыстырып жатады. Бет сүйектері бір-бірімен тегісжіктер,suturaplana, арқылы қосылады. Жіктердің атауы бір-бірімен байланысатын екі сүйектің аттарымен белгіленеді, мысалы, sutura frontonasalis, suturasphenonasalis , және т.с.с.
Шеміршекті қосылыстар көп емес, олар бассүйектің негізінде кездеседі. Сынатәрізді-шүйделіксинхондроз,synchondrosissphenooccipitalis,– сынатәрізді сүйектің денесі мен шүйде сүйектің базилярлық бөлігінің арасында орналасқан жұқа шеміршекті табақша. Ол 16-18 жас аралығында синозтозға өтеді. Сынатәрізді-тастық,synchondrosissphenopetrosa,және тастық-шүйделіксинхондроздар,synchondrosispetrooccipitalis,аттас саңылауларды толтырып жатады. Сынатәрізді-кеңсіріктіксинхондроз, synchondrosis sphenoethmoidalis, сынатәрізді сүйектің кеңсірікпен (торлы сүйек) байланысқан жерінде орналасқан.