Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет58/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

АРҚА БҰЛШЫҚЕТТЕРІ
І. Арқаның беткей бұлшықеттері

    1. Қол сүйектеріне бекитін бұлшықеттер:

Трапециятәрізді бұлшықет, : m. trapezius:

  • басталатын жері: linea nuchae superior, protuberantia occipitalis externa, lig. nuchae; processus spinosus C7-Th1-12, lig. supraspinale.

  • бекитін жері: extremitas acromialis claviculae, acromion et spina scapulae;

  • қызметі: жауырынды көтеру (жоғарғы талшықтары); жауырынды түсіру (төменгі талшықтары); жауырынды омыртқа бағанасына жақындату (бір мезгілде жиырылғанда); иық белдеуі қозғалмай тұрғанда бас пен мойынды өз жағына қарай қисайту (бір жағы жиырылғанда); басты шалқайту (екі жағы бірдей жиырылғанда); жауырынды айналдыру.

Арқаның аса жалпақ бұлшықеті, m. latissimus dorsi:

  • басталатын жері: processus spinosus Th8-12, L1-5; crista sacralis mediana, labium externum cristae iliacae (артқы үштен бірі).

  • бекитін жері: crista tuberculi minoris humeri;

  • қызметі: тоқпан жілікті ішке қарай айналдыру; жоғары көтерілген қолды түсіру; қолдар қозғалмай тұрғанда – тұлғаны оларға жақындату.

Жауырынды көтеретін бұлшықет, m. levator scapulae:

  • басталатын жері: processus transversus C1-4;

  • бекитін жері: angulus superior scapulae;

  • қызметі: жауырынды көтеру және оны ортаңғы жазықтыққа әкелу;

жауырын қозғалмай тұрғанда – омыртқа бағанасының мойындық бөлімін өз жағына қисайту.
Үлкен және кіші ромбтәрізді бұлшықеттер, mm. rhomboidei major et minor

  • басталатын жері: m. rhomboideus minor - lig. nuchae (төменгі бөлігі); processus spinosus C7-Th1; m. rhomboideus major - processus spinosus Th1-4;

  • бекитін жері: m. rhomboideus minor - margo medialis scapulae (қылқаны деңгейінен жоғары); m. rhomboideus major - margo medialis scapulae(қылқаны деңгейінен төменгі бұрышына дейін).

  • қызметі: жауырынды омыртқа бағанасына қарай жылжыту.

    1. Қабырғаларға бекитін бұлшықеттер.

Артқы жоғарғы тісті бұлшықет, m. serratus posterior superior:

  • басталатын жері: processus spinosus C6-7, Th1-2;

  • бекитін жері: costae 2-5 (бұрышынан латералді);

  • қызметі: қабырғаларды көтеру.

Артқы төменгі тісті бұлшықет, m. serratus posterior inferior:

  • басталатын жері: processus spinosus Th11-12, L1-2;

  • бекитін жері: costae 11-12 (бұрышынан латералді);

  • қызметі: қабырғаларды түсіру.

ІІ. Арқаның терең бұлшықеттері

      1. Ұзын бұлшықеттер

Бас пен мойынның қайыс бұлшықеті, m. splenius capitis et cervicis

  • басталатын жері: lig. nuchae C3-6 деңгейінде; processus spinosus C7-Th1-6;

  • бекитін жері: m. splenius cervicis - processus transversus C1-3 m. splenius capitis - processus mastoideus et linea nuchae superior;

  • қызметі: m. splenius capitis басты өз жағына қарай айналдыру (бір жақты жиырылғанда); басты шалқайту (екі жақты жиырылғанда); m. splenius cervicis – омыртқа бағанасының мойындық бөлігін өз жағына идіру; мойынды жазу (екі жақты жиырылғанда).

Омыртқа бағанасын тіктейтін бұлшықет, m. erector spinae:
а) мықын-қабырға бұлшықеті, m. іlіocostalіs: lumborum, thoracis et cervicis;
б) аса ұзын бұлшықет, m. longіssіmus thoracis, cervicis et capitis;
в) қылқандық бұлшықет, m. spіnalіs thoracis, cervicis et capitis;

  • жалпы басталатын жері: os sacrum; processus spinosus L1-5; crista iliaca, f. thoracolumbalis ;

    • қосымша басталатын жері: m. iliocostalis costae (бұрыштарынан латералді);

m. longіssіmus - processus transversus Th1-12; C5-7; m. spіnalіs - processus spinosus L1-2; Th11-12.

  • бекитін жері: m. Іlіocostalіs lumborum et thoracis – angulus costae; iliocosta1ls cervicis - processus transversus C4-6; m. longissimus thoracis – processus transversus Тh1-12 et angulus costae 2-12; m. longissimus cervicis - processus transversus C2-5; m. longissimus capitis - processus mastoideus: m.spinalis thoracis - processus spinosus Th2-8; m. spinalis cervicis processus spinosus C2-7; m. spinalis capitis - protuberantia occipitalis externa;

    • қызметі: басты қызметі – омыртқа бағанасын жазу; т. iliocostalis lumborum қабырғаларды түсіреді; М. longissimus capitis басты шалқайтады (екі жақты жиырылғанда); басты өз жағына қарай иеді (бір жақты жиырылғанда).

Көлденең-қылқандық бұлшықет, m. transversоspinalis:
а) жартылай қылқанды бұлшықет, m.semispinalis: thoracis, cervicis, capitis;
б) көп бөлінген бұлшықет, m.multifidus: lumborum, thoracis et cervicis;
в) айналдыратын бұлшықеттер, mm. rotatorеs: lumborum, thoracis et cervicis;

  • басталатын жері: processus transversus;

    • бекитін жері: processus spinosus - m. semispinalis 4-6 омыртқадан кейін бекиді

{т. sеmispinalis capitis - os occipitale-ге lineae nuchae superior et inferior арасына); m. multifidus – 2-4 омыртқадан кейін бекиді; mm. rotаtores – көршілес омыртқаға (mm. rotatores breves), 1-2 омыртқадан кейін (тт. rotatores longi) бекінеді;

    • қызметі: омыртқа бағанасын жазу; бас пен мойынды қарама-қарсы жаққа бұру (бір жақты жиырылғанда); т. sеmispinalis capitis – басты шалқайту (екі жақты жиырылғанда); басты бүйіріне қарай бұру (бір жақты жиырылғанда).




      1. Қысқа бұлшықеттер.

Қылқанаралық бұлшықеттер, mm. interspinales: cervicis, thoracis, lumborum,
көршілес омыртқалардың қылқан өсінділері арасында орналасады;

  • қызметі: омыртқа бағанасын жазуға қатысады.

Көлденеңаралық бұлшықеттер. тт. intertransvеrsarii, - көршілес омыртқалардың көлденең өсінділерінің ұшын қосады;

  • қызметі: омыртқа бағанасын бүйіріне қарай қисайту.

Шүйдеастылық бұлшықеттер.
Бастың артқы тік үлкен бұлшықеті, т. rectus capitis posterior major:

  • басталатын жері: processus spinosus C2 (6 сурет):

  • бекитін жері: tinea nuchae inferior (латералді бөлігі).

  • қызметі: басты бұру (бір жақты жиырылғанда); басты шалқайту (екі жақты жиырылғанда).

Бастың артқы тік кіші бұлшықеті, т. rectus capitis posterior minor:

  • басталатын жері: tuherculum posterius atlantis;

  • бекитін жері: tinea nuchae inferior (медиалді бөлігі).

  • қызметі: басты шалқайту.

Бастың жоғарғы қиғаш бұлшықеті, т. obliqиus capitis superior:

  • басталатын жері: processus transversus atlantis;

  • бекитін жері: tinea nuchae inferior (латералді бөлігі):

    • қызметі: басты бұру (бір жақты жиырылғанда): басты шалқайту (екі жақты жиырылғанда).

Бастың төменгі қиғаш бұлшықеті, т. obliqиus capitis inferior:

  • басталатын жері: processus spinosus C2;

  • бекитін жері: processus transversus atlantis:

- қызметі: басты бұру.
Арқаның шандырлары

  1. Арқаның беткей шандыры, fascia dorsi superficialis. Теріасты

шелмайының астында орналасады.

  1. Арқаның меншікті шандыры, fascia dorsi propria, арқа бұлшықеттерін қаптайды және екі жапырақшадан тұрады:

I) арқаның меншікті шандырының беткей табақшасы, lamina superficialis f. dorsi propriae беткей бұлшықеттерді жауып жатады: әрбір бұлшықетті қаптап, онымен тығыз бітісіп кетеді;
2) арқаның меншікті шандырының терең табақшасы lamina profunda f. dorsi propriae, m. erector spinae аймағында жақсы білінеді және кеуде-бел шандыры, f.
thoracolumbalis деп аталады; ол арқаның терең бұлшықеттерін жауып жатады және екі табақшасы болады:
а) артқы (беткей) табақшасы processus spinosus vertebrae lumbales et angиlus costae1-12-ге бекінеді;
б) алдыңғы (терең) табақшасы costae12-ге, processus transversus vertebrae lumbales et labium internum cristae iliacae-ге бекінеді; табақшалар m. erector spinae латералді жиегі бойында байланысады да, ол үшін сүйекті-фиброзды қынап түзеді.


Кеуде бұлшықеттері
Қол сүйектеріне бекінетін кеуде бұлшықеттері.
Үлкен кеуде бұлшықеті, m. pectoralis major:
- басталатын жері: а) pars clavicularis - clavicula (медиалді бөлімі); б) pars sternocostalis – manubrium et corpus sterni, cartilagines costae1-5; в) pars abdominalis – іштің тік бұлшықеті қынабының алдыңғы қабырғасы.
-бекитін жері: crista tuberculi majoris humeri;
-қызметі: иықты әкелу және ішке айналдыру; иық буынын бүгу; қол қозғалмай тұрған кезде – қабырғаларды көтеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет