Миология, myologia - бұлшықет туралы ілім.
Тұлғаның координаттық сызықтары
Кеуденің алдыңғы қабырғасында келесі координаттық сызықтарды жүргізуге болады: А) алдыңғы орталық сызық;
Б) төстік сызық;
В) төс жанындағы сызық;
Г) бұғаналық ортаңғы сызық (ол емшектік сызықпен сәйкес келуі мүмкін)
Төстік сызық, linea sternalis. Төстің бүйір жиегімен өтеді.
Төс жаныныдағы сызық, linea parasternalis. Төстік сызық пен бұғаналық ортаңғы сызық аралығымен өтетін вертикальді сызық
Бұғаналық ортаңғы сызық, linea medioclavicularis. Бұғананың ортасы арқылы өтетін вертикальді сызық. Емшектік сызық, linea mammillaris. Емшектің ортасы арқылы өтеді, бұғаналық ортаңғы сызықпен дәл келуі мүмкін.
Алдыңғы орталық сызық, linea mediana anterior. Вертикальді сызық. Адам денесінде ортаңғы жазықтықтың алдыңғы сұлбасы болып табылады.
Қолтықтың алдыңғы сызығы, linea axillaris anterior. Қолтықтың алдыңғы жиегі арқылы өтеді.
Кеуденің және іштің беткей бұлшықеттері: 1.Үлкен кеуделік бұлшықет – m. pectoralis major
2.Кіші кеуделік бұлшықет – m. pectoralis minor 3.Бұғанаасты бұлшықеті – m. subclavius 4.Алдыңғы тісті бұлшықет – m. serratus anterior 5.Іштің тік бұлшықеті- m. rectus abdominis 6.Пирамидалық бұлшықет – m.pyramidalis
Іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті – m. oblliquus externus abdominis
Іштің ішкі қиғаш бұлшықеті – m. oblliquus internus abdominis
Іштің көлденең бұлшықеті – m. transversus abdominis 10.Белдің шаршы бұлшықеті – m. quadratus lumborum
Кеуде және іш аймақтары
Алдыңғы төстік аймақ, regio presternalis, төстің үстінде орналасқан.
Бұғана астылық шұңқыр, fossa infraclavicularis.
Бұғана – төстік үшбұрыш (дельта – төстік үшбұрыш), trigonum clavipectorale (trigonum deltopectorale), дельта тәрізді бұлшықет, кіші кеуделік бұлшықет және бұғанамен шектелген.
Дельта аймағы, regio deltoidea, аттас бұлшықетке сәйкес келеді.
Қолтық аймағы, regio axillaris. Қолтық шұңқыры, fossa axillaris.
Кеуде аймағы, regio pectoralis, үлкен кеуделік бұлшықетке сәйкес келеді.
Кеуде астылық аймақ, regio inframammaria. Сүт без аймағының (regio mammaria) астында орналасқан (сүт безіне сәйкес келетін кеуде аймағы)
Кеуденің бүйір аймағы, regio pectoralis lateralis.
Қабырға асты, hypochondrium, қабырға астылық аймақ, region hypochondriaca, бұғаналық ортаңғы сызықтың латеральді жағында, кеуде аймағымен транспилорикалық жазықтықтың арасында жатыр.
Бүйір (бүйірлік аймақ), latus (regio lateralis). Бұғаналық ортаңғы сызықтың сыртында, транспилорикалық және қыраралық жазықтықтардың арасында орналасқан.
Кіндік (кіндік аймағы), umbilicus (regio umbilicalis), бұғаналық ортаңғы сызықтың ішкі жағында, транспилорикалық және қыраралық жазықтықтардың арасында жатыр.
Құрсақ үсті (құрсақ үстілік аймақ), epigastrium (regio epigastrica), бұғаналық ортаңғы сызықтың ішкі жағында, транспилорикалық және кеуде аймағы арасында орналасқан.
Арқаның беткей бұлшықеттері: 1.Трапеция тәрізді бұлшықет – m. trapezius
2.Арқаның аса жалпақ бұлшықеті – m. latissimus dorsi 3.Кіші ромбтәрізді бұлшықет – m. rhomboideus minor 4.Үлкен ромбтәрізді бұлшықет – m. rhomboideus minor
5.Жаурынды көтеретін бұлшықет – m. levator scapulae 6.Артқы төменгі тісті бұлшықет – m. serratus posterior inferior
7. Артқы жоғарғы тісті бұлшықет – m. serratus posterior superior
Арқаның аймақтары
1.Жауырындық аймақ, regio scapularis, жауырынға сәйкес келеді. 2.Омыртқалық аймақ, regio vertebralis, омыртқа бағанасының өне бойында орналасқан.
Жауырын астылық аймақ, regio infrascapularis, жауырындық аймақпен белдік аймақтың арасында орналасқан.
Белдік аймақ, regio lumbalis.
Артқы тесік аймағы, regio analis, артқы тесік айналасында орналасқан, алдынан екі шонданай төмпелерін қосатын сызықпен шектелген.
Бөксе аймағы, regio glutealis, бөксе бұлшықеттеріне сәйкес келеді. 7.Мықын сүйегінің артқы жоғарғы қылқаны, spina iliaca posterior superior. 8.Жауырын қылқаны, spina scapula
Адам денесінің аймақтарына қатысты:
Тұлға бұлшықеттері: арқа, кеуде, іш бұлшықеттері және көкет.
Бас бұлшықеттері.
Мойын бұлшықеттері.
Қол бұлшықеттері: иық белдеуі және қолдың еркін бөлігі (иық, білек, қол ұшы) бұлшықеттері.
Аяқ бұлшықеттері: жамбас белдеуі және аяқтың еркін бөлігі (сан, сирақ, аяқ ұшы) бұлшықеттері.
Қызметі бойынша:
Бүккіштер мен жазғыштар.
Әкелушілер мен әкетушілер.
Айналдырушылар: ротаторлар – супинаторлар мен пронаторлар.
Сфинктерлер мен дилятаторлар.
Синергистер мен антагонистер.
Достарыңызбен бөлісу: |