КӨМЕЙДІҢҚҰРЫЛЫСЫ Көмей (larynx) мойынның алдыңғы аймағында орналасқан, еркектерде жақсы жетілген көмей шодырын (prominentia laryngea) түзеді. Көмей үстінде тіласты сүйегімен байланысса төменінде кеңірдекке жалғасады. Көмейді алдынан тіласты сүйегі
бұлшықеттері, мойынның беткей және кеңірдек алды шандырларымен қалқанша без үлестері, көмейдің бүйір беттері оны қапсыра орналасқан қалқанша без қылтасымен жабылған. Жұтқыншақ, көмеймен бүйір жақтары ожау-қақпашық қатпарлары, (plicae aryepigloticae), алдынан көмей қақпашығы шектеген көмей кіреберісі (aditus laryndeus) арқылы қатынасады.
КӨМЕЙҚУЫСЫ (cavitas laryngis), шартты үш бөлікке бөлінеді: жоғарғы, ортаңғы және төменгі.
Жоғарғыбөлім, немесе көмей кіреберісі (vestibulum laryngis), аралықтары кіреберіс саңылауын (rima vestibuli) түзетін кіреберіс қатпарларымен (plicae vestibulares) шектеледі. Ортаңғыбөлім, немесе қарыншааралық, кіреберіс қатпарларынан дауыс қатпарларына (plicae vocalis) дейін жалғасады. Осы қатпарлар арасында көмей қарыншалары (ventriculus laryngis) орналасқан, ал дауыс қатпарлары көмей қуысының ең тар аймағы, дауыс саңылауын (rima vocalis) шектейді. Дауыс саңылауының алды жарғақаралық (pars intermembranacea) арты шеміршекаралық (pars intercartilaginea) бөліктер деп аталады.
Төменгі бөлім,дауыс саңылауының астында орналасқан, бұл дауысасты қуысы (cavitas infraglottica), ол кеңірдекке жалғасады. Көмейдің ішкі беті шырышты қабықпен көмкерілген. Шырышасты негізінде, төртбұрышты жарғақпен (membrana guadrangularis) эластикалық конустан (conus elasticus) құралған талшықты-серпілмелі жарғақ (membranа fibroelastica) орналасқан. Төртбұрышты жарғақтың жоғарғы жиегі ожау-көмей қақпашығы байламдарына жетсе, төменгі бос жиектері оң және сол кіреберіс байламдарын (ligg.vestibulares) түзеді, ал эластикалық конустың жоғарғы жиегі симметриялы орналасқан дауыс байламдарымен (ligg.vocale) аяқталады.
КӨМЕЙШЕМІРШЕКТЕРІ Көмей, жұп: ожаутәрізді, сынатәрізді, мүйізшетәрізді және тақ: көмей қақпақшасы, қалқанша және жүзіктәрізді шеміршектерден құралған.