КӨМЕЙБҰЛШЫҚЕТТЕРІ Көмей бұлшықеттері келесі қызметтер атқарады: дауыс саңылауын кеңейтеді, дауыс саңылауын тарылтады, дауыс қатпарларын кереді.
ДАУЫССАҢЫЛАУЫНТАРЫЛТАТЫНБҰЛШЫҚЕТТЕР: Қалқанша-ожаутәрізді бұлшықет (m.thyroarytenoideus) жұп, қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып жүзіктәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне бекиді.
Көлденең ожаутәрізді бұлшықет (m.arytenoideus obliguus) жұп, ожаутәрізді шеміршектердің артқы беттерінде орналасқан.
Қиғаш ожаутәрізді бұлшықет (m.arytenoideus obliguus), жұп, сол шеміршектің бұлшықеттік өсіндісінен басталып оң шеміршектің бүйір бетіне бекиді. Қарама- қарсы бұлшықеттің жолы да дәл осылай, бірақ керісінше. Бұл бұлшықеттің талшықтарының бір бөлігі ожау-көмей қақпашығы бұлшықетіне (m.aryepiglotticus) жалғасады.
ДАУЫССАҢЫЛАУЫНКЕҢЕЙТЕТІНБҰЛШЫҚЕТТЕР: 1. Артқы жүзік-ожаутәрізді бұлшықет (m.cricoarytenoideus posterior) жұп, жүзіктәрізді шеміршектің табақшасының артқы бетінен басталып ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне бекиді.
ДАУЫСБАЙЛАМДАРЫНКЕРЕТІНБҰЛШЫҚЕТТЕР: Дауыс бұлшықеті (m.vocalis) жұп, аттас қатпарда орналасқан. Қалқанша шеміршектің бұрышының ішкі бетінен басталып ожаутәрізді шеміршектің дауыс өсіндісіне бекиді.
Жүзік-қалқанша бұлшықеті (m.cricothyroideus) жұп, екі будадан құралған, жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып қалқанша шеміршектің төменгі жиегіне (pars recta) және төменгі мүйізіне (pars obligua) бекиді.
Көмейді жоғарғы және төменгі көмей артериялары (сыртқы ұйқы, бұғанаасты артерияларының тармақтары) қанмен қамтамасыз етеді. Веналық ағым аттас веналар арқылы жүзеге асады.
Лимфа ағымы мойынның терең лимфа түйіндеріне бағытталады.
Көмей жоғарғы және төменгі көмей нервтерімен (Х-жұп, кезбе нервінің тармақтары) симпатикалық сабаудың тармақтарымен нервтенеді.