жүйесі мен мидың жүмысы бүкіл ағза жұмысымен тікелей байланысты. Бүл бүкіл күрделі жүйенің кұрылысы мен кызмет етуі туралы біздің біліміміз өте таяз. Сондыктан да ЭЕМ-ға енгізілген бағдарламалар біздің миымыздағы бағдарламалардың тек жай үксастығы ғана. Соған қарамастан, «жасанды интеллектті калыптастыруға бола ма?» деген сұракка теріс жауап беруге негіз жок. Егер біздің миымыздағы барлык бағдарламаларды толык камтитындай кұрылғы ойлап табылса, оңда ол биологиялык емес ғылыми-техникалык даму-дың жоғары деңгеиінде орналаскан коғамның білімін заттандыратын әлеуметтік өнім болып табылар еді. Адам санасы нактьшы шындықтан ондаған жылдарға алға озып кете алады, бірақ мүндай деңгейде болмаса да озык бейнелену өзге де ағзаларда кездеседі. Адам психикасының айрықша ерекшеліктері коғам мен еңбектің аркасында пайда болды. Бірак адамзат қоғамы мен еңбек бос орында пайда болтан жок, олар жануарлар тобырында, жануарлар әрекетінен дамыды. Мұның бэрін «адам рухының алдынғы тарихын түсіну үшін, оның дамуының эр түрлі сатыларын - төменгі ағзалардьщ протоплазмаларынан адамның ойлана алатын миына дейін үғыну үшін ескеру кажет. Ал бұл алдыңты тарихсыз ойлана алатын адам миының өмір сүруі жұмбак күйінде калып кояды.» 163
8-ТАҚЫ РЫ П. ГНОСЕОЛОГИЯ 8.1 Таным үдеріс ретінде Білім деген не, әлемді тану немесе білу деген не, адам өзін немесе коршаған ортаны каншалыкты дэл жэне анык біле алады деген сұрактар өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Тілдер арасындағы айырмашылыктың кандай болғанына карамастан, біз үнемі тілде