Практикалық сабақ №5-6
Бақылау түрі – презентация (видео ролик)
Тақырыбы: Порей және пияздың аурулары мен зиянкестері (2-сағат)
Сабақтың мақсаты: Пиязға өсу-даму кезеңінде пияз шыбыны мен жасырын тұмсықты пияз қоңызын және ақұнтақ ауруралырын білу.
Қаралатын сұрақтар:
1.Өсірілуге рұқсат етілген парус сұрыптары.
2.Калининский жергілікті сұрпы.
3.Сарымсақ, көкөніс дақылдарының тұқымын, картопты сақтаған кезде қалай зарарсыздандырады.
Әдістемелік нұсқаулар:
Пияз шыбының болдырмаудың алдын алу шаралырына пияз тұқымын және пияз көшетті ТМТД 80% суланғыш ұнтағымен (4-5 кг/т) пияз тұқымын осы дәрмектің суспензиясымен (10 л су 1т тұқымға) өңдейді. Пияз көшетті отырғызар алдында 20 минутқа 2 %-ды суспензияда ұстайды да, кейін сәл құрғатады. Өскіндер пайда болғаннан кейін егістікті 0,2 %-ды фосфамидпен бүркеді. Пияздың қатараралығына нафталинді немесе креолинннің күлмен, ағаш үгіндісімен 1:20 қатынасындай қоспасын себелеуге болады.
Ақұнтаққа қарсы өсінді кезеңінде арасына 10-14 күн салып рудомилдің (2,5 л/га) 0,5-0,6 %-ды суспензиясымен бүркеді. Соңғы өңдеуді өнімді жинаудан 20 күн бұрын жүргізеді. Өңдеуді 3 реттен асырмайды. Алдын алу мақсатында мыстың хлорлы тотығының 0,4 % суспензиясымен бүрку жақсы нәтиже береді. Пиязды көк пиязға өсіргенде қорғағыш заттардың ешқайсысын да қолдануға болмайды.
Сарымсақ – Allium sativum. Сарымсақты азыққа жас күйінде, әртүрлі тамаққа дәмқосар ретінде, сондай-ақ көкөністерді маринадтағанда және тұздағанда пайдаланады. Шұжық дайындағанда ол кеңінен қолданылады. Соңғы кездерде сарымсақ көкөніс дақылдарының тұқымын, картопты сақтаған кезде зарарсыздандыру үшін, сондай-ақ ветеринарияда кеңінен қолданыс табуда.
Сарымсақтың иісі, оның құрамындағы эфир майына байланысты. Онда фитонцид көп, сонымен бірге күшала тәрізді қосылыстар болғандықтан, емдік қасиеті бар. Қазіргі медицина сарымсақты қан қысымы жоғарылағанда, атеросклерозбен, тыныс жолдары, туберкулезбен ауырғанда пайдалануға ұсыныс жасайды. Сарымсақтың ауыздағы иісін ақжелектің жас тамырын шайнап, оңай кетіруге болады.
Сарымсақтың баданасында 36 %-ға г дейін құрғақ заттар, 7 %-ға жуық азотты заттар, 10-19 мг % С дәрумені болады. Қазақстанның солтүстігінде сарымсақ негізінен үй іргесіндегі жерлерде өсіріледі.
Сарымсақ өсімдігі пияздан жазық, таспа тәрізді, балауызды нәлі бар, мықты жалған сабақ қалыптастыратын жапырағымен өзгешеленеді. Піскен сарымсақтың күрделі баданасы бірнеше жекелеген бөліктерден –тістіктерден тұрады. ( -сурет).
48-сурет. Сарымсақ баданасының құрылысы: 1-қарапайым бадана тісше; А-ұзынша кескіні; а-көнді қабық; б-етті қабық; в-түпшік; г-өніп келе жатқан бүршіктің жапырағы; д-сүйір ұшты бүркешік; 2-қарапайым тісшелі бадананың ұясы; г-күрделі бадананың құрғақ қабығы; з-күрделі тісшелі бадананың ұясы.
Тістіктердің саны – 12-15. Тістік – бір көн тәрізді, бір етті қабыршақтан және бүршіктен тұратын – бадана. Бүршік өсіп, бірнеше ұрықтық жапырақтар құрастырады: олар үшкірленген бір оймақшада орналасқан, бұл олардың топырақ бетіне шығуын жеңілдетеді.
Сарымсақ – бір жылдық өсімдік. Ерекшілігі – тістіктерімен немесе жұмыршықтарымен (ауалық, баданашықтарымен) көбеюі. Бірақ тауда-мәдени сарымсақтың шыққан жері- жабайы өсімдіктері ультракүлгін сәулелермен қарқынды сәулеленгенде гүлдейді және тұқым береді. Мәдени сарымсақ тұқым қалыптастырмайды.
Сарымсақтың екі түр тармағы белгілі – гүл шоғырын қалыптастырмайтын (кәдімгі) және гүл шоғырын қалыптастыратын. Себу мерзіміне қарай оны жаздық және күздік деп бөледі. Қазақстанның солтүстігінде сарымсақтың жаздық түрлерін өсіреді. Жаздық сарымсақ көктемде және күзде отырғызғанда, тістіктерден тұратын бадана қалыптастырады. Тістіктерге бөлінген күздік сарымсақты көктемде отырғызғанда, көп тістік бадана емес, бір тістік сарымсақ қалыптастырады.
Сарымсақ – суықа төзімді өсімдік Оның тамыры-2-3оС жылылықта өсе алады, ал 5-7оС-да жапырақтары өсе бастайды. Күзде отырғызғанда және тамырланып үлгергенде, ол қыстың жағдайларына шыдайды. Сарымсақтың қалыпты дамуы үшін алғашқы кезеңде оған 5-7оС жылылық қажет, тістіктене бастағанда – 15-20оС, баданасы пісе бастағанда – 20-25оС.
Оның топыраққа қоятын талабы өте зор. Ең дұрысы су жайылмасының топырағы. Құнарсыз және тез құрғайтын топырақтарда сапасы төмен, ұсақ баданалар құрастырады, ауыр топырақта өсіп-дамуы ұзарады және сарымсақтың тыныштық күйге ауысуы баяулайды да, бадананың сақталғыштығы нашарлайды. Сарымсақ өсетін танапқа жас қидан гөрі шіріген көң енгізген тиімдірек.
Жарыққа жоғары талап қояды. Көлеңкеленгенде, әсіресе ересек жеміс бағының қатараралықтарында өсіргенде, сапасы төмен және нашар өнім береді. Судың мол болғанын қажет етеді, бірақ су көл-көсір, әрі ауа райы салқын болса, сарымсақ шіріп кетеді.
СҰРЫПТАР. Қазақстанның солтүстігінде Заилийский, Калининский местный, Парус сұрыптары өсірілуге рұқсат етілген.
Заилийский. Қазақ ККШҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде пісетін, гүл шоғырын қалыптастыратын сұрып. Баданасы домалақша жайпақ, күлгін түсті, жарылмайды, 2-9 тісті. Баданасы ірі (20-40 г), сақталғыштығы орташа.
Калининский местный. Ақмола облысының жергілікті сұрпы. Орташа мерзімде пісетін, гүл шоғырын қалыптастырмайтын жаздық сұрып. Баданасы орташа (20-25 г), домалақ – жайпақ, ақ, 20-25 тісті, сақталғыштығы жақсы.
Парус. Воронеж көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Күздік, гүл шоғырын қалаптастырады. Баданасының массасы 30-50 г, тістерінің саны шамалы (4-10 дана), ащы дәмді, гүл шоғырында массасы 8-12 г 40-50-ден 100-150-ге дейін ауалық баданашықтар болады. Әр гектардан 150 ц бадана және 30-40 кг ауалық баданаша жиналады.
Әуесқой көкөнісшілер жергілікті жердің Червонопольский, Макинский деген сарымсақтарын өсіреді.
Бақылау сұрақтары:
1.Воронеж тәжірибе стансасындағы қанша көкөніс шығарылған?
2.Баданасының массасын білу
3.Сарымсақ баданасының құрылысы
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қ.Ж. Сейтбаев Қорғаулы топырақ құрылыстарында көкөніс дақылдарын өсіру
технологиясы: Оқулық. - Алматы : ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2015. - 424 б.
2.Ә.М.Тоқтамысов, Р.І.Құдияров, Г.З.Сауытбаева, Қ.Ә.Омаров. Жылыжай жағдайында қияр мен қызанақты топырақсыз өсіру: Оқу құралы / - Астана : ТОО "Дәме", 2015. - 118 б. ; Көлемі көрсетілмеген. - Библиогр.: 116-118 б.
3.МегаПРО - http://library.korkyt.kz:84/MegaPro/Web
Достарыңызбен бөлісу: |