Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет22/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   123
9-сурет


5-тапсырма: Микросуреттерді қарап хромосомалардың структурасын анықтап, сурет салу.
Хромосома препаратын талдау
1. Метафаза пластинкасын іздеу. Шыныдағы препаратты ұзындығы мен ені бойынша жүйелі жылжытып, аз үлкейтетін объектив (200-400) арқылы микроскоптан қарайды. Метафаза пластинкасының орны жазық шынының иониусының координаты арқылы белгіленеді.
2. Метафаза пластинкасын зерттеу. Аз үлкейтетін объектив арқылы метафаза пластинкасын қарау нүктенің ортасына түсіреді. Оның орналасқан жеріне иммерсия майының бір тамшысын түсіріп, микроскопты көп үлкейтетін (900–1350 есе) объективке ауыстырады. Енді метафаза пластинкасының талдауға жарамдылығын анықтау керек. Оның формасы дөңгелек немесе эллипс тәрізді болуы керек, хромосомалар бір-біріне қабаттаспай, жеке тұрғаны дұрыс, шаң-тозаңдар, артық бояулар да болмағаны жөн.
Қажетті жағдайда метафаза пластинкасын пленкасына суретке түсіреді. Суретті фотоқағазға түсіргеннен соң, метафазалық хромосомаларды талдау басталады.
Кариологиялық талдау методикасы
Әр организмнің хромосомаларының саны, құрылысы және мөлшері өзіне тән, оны кариотип деп атайды.
Негізгі ауылшаруашылық өсімдіктері мен малдарының кариотипінің хромосомаларының саны 38-ден 82-ге дейін өзгереді: үй шошқасы – 38, буйвол – 48-50, қой – 54, ірі қара мал – 60, жылқы – 64, бұғы – 70, түйе – 74, тауық – 78, үйрек – 80, қаз, күрке тауық – 82 , сәбіз – 18, қызанақ – 24, жұмсақ бидай – 42, қатты бидай – 28, жүгері – 20, арпа – 14, күріш – 24, пияз – 16, жүзім – 76, бұршақ – 14, қызылша – 18, т.б.
Ауылшаруашылық малдары хромосомаларының морфологиясы бірінші тартылысқа байланысты. Бірінші тартылыста хромосомалардың митоз және мейоз кезеңдерінде қозғалысын меңгеретін центромера орналасқан. Центромераның орналасу нүктесінен жоғары және төмен қарай көз жүгіртсек, онда хромосомалардың екі иықтардан құралғанын көреміз. Хромосомалардың үш морфологиялық типін ажыратады:

  1. Метацентрлі хромосома – М – центромера хромосоманың орта бөлігінде орналасқандықтан екі иығы тең;

  2. Субметацентрлі хромосома – СМ – бір иығы ұзын, екінші иығы қысқа;

  3. Акроцентрлі хромосома – А – бір ұзын иықтан құрылған сияқты, екінші иығы онша байқалмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет