Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Хромосомалардың санын анықтау



бет23/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   123
1. Хромосомалардың санын анықтау. Белгілі бір организм түрінің кариотипінің хромосомаларының санын есептеу үшін микросуретті (фото-қағазды) бетімен жарыққа ұстап, қағаздың (хромосома суретінің) артқы жағынан центромераларды қарындашпен шеңбер тәрізді сызып белгілейді. Немесе микро-суретті үстелге қойып, әр хромосоманың центромера орналасқан жерінен инемен бір реттен шаншиды. Одан соң фотоқағазды аударып, ине түсірген дақтарды қарындашпен шеңбер тәрізді белгілейді.
Шеңбердің санын санап, хромосомалардың диплоидты жиынтығын анықтайды.
2. Хромосомалардың морфологиясын анықтау. Хромосомалар: аутосомалар және жыныс хромосомалар болып екі типке бөлінеді. Мысалы, қой хромосомаларының диплоидты саны (2n) 54-ке тең болса, оның 52-сі (26-жұбы) екі жынысты да (қошқар мен ұрғашы қойларда) бірдей, оларды аутосома деп атайды. Қалған 2 хромосома (І жұп) ұрғашы және еркек жыныстарда әртүрлі, олар жыныс хромосома деп аталады.
Организмнің хромосомалар саны мен құрылысын анықтағаннан кейін цитогенетиканың келесі кезеңінде кариограмма құрастыру қажет. Кариограмма дегеніміз – бір клетканың хромосомаларын өз жұптарымен белгілі бір жүйе бойынша орналастыру.
Кариограмманы құру мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. Фотоқағаздағы әрбір хромосома суретін қайшының көмегімен мұқият қырқады;

  2. Жұмыс дәптеріңізге хромосомалардың жұптарын ұзындығы бойынша (алдымен ең ұзын жұпты, онан соң ұзындығы бойынша екіншісін, т.с.с) ретімен бір сызықтың бойымен қатарластырады.

Хромосомаларды морфологиялық құрылысы бойынша да топтастыруды естен шығармау керек: метацентрлі хромосомалар өз алдына, сол сияқты акро және субметацентрлі хромосомаларда жеке өздерінің ұзындығына байланысты реттілуі керек.
Жыныс хромосомалар өз алдына жеке орынға түсіріледі.

  1. Кариотиптегі жұп (гомологты) хромосомалар эстетикалық талғаммен орналастырғаннан соң (қиналған жағдайда оқытушыдан көмек сұраңыз), оларды желім арқылы жұмыс дәптерге жабыстырады.

Аяғында, кариограммалық талдауға қорытынды жазу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет