Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет33/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   123
6-жұмыс


Тақырыбы: Бір жұп белгінің тұқым қуалауы (моногибридті будандастыру)
Мақсаты: Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтарымен (доминанттылық және рецессивті) белгілердің ажырауымен таныстыру.
Құрал-жабдықтар: Әрбір студентке 5 пробирка беріледі. Әр пробиркада жеке-жеке қара денелі аналық дрозофила тізбегі, сұр денелі аталық тізбек, F1-дің буданы, F2 буданы. Fт - талдаушы шағылыстырудың будандары бар.
Тапсырмалар:
1. Дрозофила шыбынында бір жұп белгілердің тұқым қуалауын бақылау.
2. Аталық және аналық шыбындардың генетикалық тазалығы.
3. Бірінші ұрпақ будандарын талдау.
4. Екінші ұрпақ алуға шағылыстыру қою.
5. Екінші ұрпақ будандарын талдау.
6. Будандастырудың сызбанұсқасын құру.
7. Алынған нәтижелерді статистикалық жолмен өңдеу.
8. Есептер шығару.
Тапсырмаларға түсініктеме

  1. Дрозофиланы ұйықтату және есептеу

Шыбындарды алдын ала эфирде наркоздаған соң ғана есептеуге болады.
Наркоздау төмендегідей ретпен жүргізіледі: ішінде ұшып жүрген шыбындары бар пробирканы түп жағымен алақанға немесе пенопластқа немесе жұмсақ резинкаға ептеп ұрады, шыбындар түбіне құлап түскенде мақта тығынды тез суырып алады да, эфиризаторды пробирканың аузына тақайды. Содан кейін шыбыны бар пробирканы және эфиризоторды төңкереді, сол кезде эфиризатор пробирканың астында қалады, осыдан соң эфиризаторды сілкілеу арқылы шыбындарды соның ішіне түсіреді. Барлық шыбындар эфиризатордың түбіне жиналған соң, оның аузын тез тығындап, соңғы шыбын ұйықтағанға дейін күтеді.
Енді шыбындарды бақылап, есептеу үшін шынының не қағаздың бетіне төгеді. Шыбындар наркоздық жағдайда 5 минутқа жуық уақыт болады. Егер шыбындар қажетті уақыттан бұрын оянып кетсе, олардың үстіне эфирге малынған мақтасы бар сағат шынысын немесе Петри табақшасын төңкеріп қояды.
2. Бастапқы линияларды талдау
Аналық линия шыбындарының денелері қара түсті, ал аталықтардың сұр денелі екендігін анықтап алу керек, яғни олардың бір жұп балама белгілерінде айырмашылықтары бар екендігіне көз жеткізу керек, нәтижелерді 4-кесте үлгідегідей кесте сызып, жазып қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет