Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


кесте. Біріктірілген қалалық аурухананың құрылымы



бет55/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

24 кесте. Біріктірілген қалалық аурухананың құрылымы.



Біріктірілген аурухананың бас дәрігері

Бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары (стационар)

Емхана ісі жөніндегі орынбасар (емхана)

Әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасар (әкімшілік-шаруашылық бөлім)

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар.

Бөлімдер:

- Хирургиялық

- Терапевтік

- Травматологиялық

-анестезиологиялық

- Қан тамырлары

- Жан сақтау және шұғыл терапия

-Гипербариялық оксигенация

- Неврологиялық

- Операциялық блок

- Нефрологиялық

- Урологиялық

- Реабилитациялық

-Патолого-анатомиялық және гистологиялық лаборатория және т.б.



Бөлімдер:

1.Терапевтік бөлмелер:

- эндокринологиялық

- кардиологиялық

- дермотологиялық

- пульмонологиялық

2.Хирургиялық бөлмелер:

- травматологиялық

- проктологиялық

- урологиялық

- нейрохиругиялық

-емдеу-диагностиикалық

- ренгенологиялық

компьютерлік томографпен бірге

-Ультрадыбысты зерттеу және қызметтік зерттеу әдістері

- лаборатория

- Физиотерапевтік және емдік дене шынықтыру бөлмесі.


Шаруашылық қызметтер:

- гараж


- сантехниктер

- слесарь

- лифтерлер

- кір жуу

- мұздатқыштар

- желдеткіш

-мамандар бөлімі

- бухгалтерия

-жоспарлау-экономикалақ бөлім

- юрист


-оперативтік бөлім

-ұйымдастыру-әдістемелік бөлім



-мамандар бөлімі

- бухгалтерия

-жоспарлау-экономикалық бөлім

- юрист


- оперативтік бөлім

-ұйымдасты

ру-әдістемелік бөлім

3) Стационарлық дәрігер мамандардың көмегімен емханалық

дәрігерлердің біліктілігін арттырады. Оны бірге өткізетін клиникалық

конференцияларды ұйымдастыру, емдеу барысында жіберілген

қателіктерді талқылау, ауруларды бірге тексеру және кеңес беру,

біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру әдістерімен жүзеге

асырады.

Орта және кішігірім қалаларда көпсалалы және жалпы стационарлар, ал ірі мегаполистерде және облыс орталықтарында мамандандырылған стационарлар ұйымдастырылады. Олардың қатарында кардиоревматологиялық, кардиохирургиялық, инфекциялық, дерматовенерологиялық, офтальмологиялық, пульмонологиялық, гастроэнтерологиялық, перинатальдық, эндокринологиялық, психоневрологиялық, нейрохирургиялық орталықтар бар.

Жалпы және мамандандырылған стационарлар медициналық жоғары оқу орындарының клиникалық базасы болу мүмкін. Біздің Республикамызда ғылыми, ұйымдастыру-әдістемелік және емдеу-профилактикалық бірлестіктер ретінде бірнеше мамандандырылған медициналық орталықтар құрылған. Бұл орталықтарда белгілі бір ауруларды емдеудің, диагностикасының және профилактикасының тиімді жаңа әдістерін іздейді, арнайы мамандандырылған медициналық көмекті барынша ұтымды ұйымдастыру жолдарын жасайды және жоғары білікті дәрігер мамандарды даярлайды. Қазіргі таңда біздің елімізде кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, пульмонологиялық, ана мен баланың денсаулығын қорғау орталықтары ұйымдастырылған және олардың қатары одан ары кеңеюде.

Біріктірілген ауруханалар денсаулық сақтау жүйесіндегі ең жиі кездесетін медициналық мекемеге жатады. Оның бас дәрігері мекеменің барлық емдеу-профилактикалық, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық жұмыстарына жауап береді. Оның медициналық, емханалық және әкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі орынбасарлары бар. Бас дәрігер науқастардың дер кезінде тексеруден өтуін, емдік шаралармен қамтылуын, аурулардың дұрыс күтілуін, диспансерлік қызметтің сапала көрсетілуін, қызмет көрсету аумағында профилактикалық және эпидемияға қарсы күрес шараларының белсенді жүргізілуін, медицина мамандарының біліктілігін арттыруын, аурулар тарихының дұрыс жүргізілуін, аурухананың медициналық және шаруашылық жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және қадағалайды. Ол аурухананың қызметтік көрсеткіштерін жүйелі түрде сараптайды, жұмыс жоспарын және сметасын бекітеді, медициналық материалдар мен дәрі-дәрмектердің орынды жұмсалуын қадағалайды, ауруханадағы санитарлық жағдайға жауап береді және мамандарды дұрыс таңдап, оларды қажетті жұмыс орындарына тағайындайды.

Бас дәрігердің медициналық жұмыстар жөніндегі орынбасары ауруханадағы медициналық қызметтің көрсетілу сапасына жауап береді. Оның ішінде емдеу-профилактика және санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстарды басқару; емдеу-профилактика жұмыстарының тиімділігін тексеру; стационарда және үй жағдайында орын алған әрбір өлім оқиғаларын сараптау; емдік тағамдану және емдік дене тәрбиесі жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; науқастарға медициналық кеңес беру шараларын ұйымдастыру жұмыстары бар.

Бас дәрігердің емханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары біріктірілген емхана жұмысын басқарады және тұрғындарға емханалық медициналық көмек беру жұмысын ұйымдастырады. Оның ішінде емхананың емдеу-профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларының жоспарын жасау, оның орындалуын қамтамасыз ету; қадағалау-сараптау комиссиясын тағайындау, оның жұмысын басқару; белгіленген тұрғындардың арасында диспасерлік бақылауды ұйымдастыру, оның сапасы мен тиімділігін қадағалау; бекітілген аумақ тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерін жүйелі түрде зерттеп, динамикасы мен даму бағытына баға беру жұмыстары бар.

Бас дәрігердің әкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі орынбасары аурухананың барлық әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын басқарады. Оның ішінде, аурухананы шаруашылыққа қажетті құралдармен, тағамдық заттармен, жылумен, жылы сумен, жарықпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Аурулардың тамақтануын, аурухананың жылуы мен жөнделуін, өртке қарсы шараларды, төсек-орынмен, ақжаймамен, көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.

Аурухананың жылдық есебін жасау үшін стационардың есепке алу формалары зерттеледі. Олардың ішінде, стационарлық аурудың медициналық картасы (ауру тарихы); науқастар мен төсек-орын қорын есепке алу қағазы, стационардан кеткен аурулардың картасы, аурушаңдық қағазы бар.

Стационардың жұмысын сараптау үшін төсек-орынның орташа жылдық қолданысы, төсек-орынның айналымы, науқастың стационарда жатуының орташа ұзақтығы, өлім жиілігі, клиникалық және патолго-анатомиялық диагноздардың алшақтық жиілігі сияқты көрсеткіштер есепке алынады.

Жоғарыда аталған көрсеткіштермен қатар дәрігерлік диагностиканың сапасын анықтайтын көрсеткіштерді де есептеу қажет. Оларды есептеу үшін аурудың тарихын зерттеу қажет. Осы көрсеткіштер жүйесі аурухананың жылдық есебінің негізін құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет