Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Экономика. Мазмұны мен түсінігі. Макро және микро экономика. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық қатынастар



бет63/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95
5.1. Экономика. Мазмұны мен түсінігі. Макро және микро экономика. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық қатынастар.
Денсаулық сақтау саласына құйылатын қаржы көзін өте тиімді пайдалану және оның денсаулыққа тигізетін әсерін үнемі бағалап отыру бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің бірі болып қала беруде. Біз денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржыны барынша тиімді етіп пайдалануымыз қажет. Алайда, экономия медициналық көмек саласына кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы сала бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесі, тұрғындардың сапалы медициналық көмекке сұранысы жылдан жылға өсу үстінде екендігін көрсетті. Алайда тұрғындардың сұранысы мен оны қамтамасыз етуге қажетті қорлар арасында үлкен айырмашылық бар екендігі айқын. Мемлекеттің денсаулық саласын дамыту қоры шексіз емес. Сондықтан бұл саланы дамыту үшін, экономиканың өзге саласын қысқарту қажеттігі туындайды. Себебі, ұлттық байлықты құрайтын салықты, кредиттерді және ақша көздерін жылдан жылға ұлғайтуға мүмкіндік жоқ. Осыны есепке ала отырып экономиканы қоғамдық ғылым деп айтуға да болады.

Салыстыру мақсатында экономистер әдепкіде тұрғындардың, отбасылардың, бизнесмендердің алдында тұрған және мемлекеттің алдында тұрған өзекті мәселелерді зерттейді. Осы зерттеулер үшін арнайы микро және макроэкономика деген атауларды да ойлап тапқан. Микроэкономика дегеніміз – тұтынушылар мен фирмалар туралы ғылым болса, макроэкономика – жалпы шаруашылық жөніндегі ғылым болып табылады.

Макроэкономика мемлекеттегі өндірістік тауарлардың бағасының, жұмыссыздық деңгейінің, тұрғындардың жалпы табысының жылдамдығы қалай өзгеру үстінде екендігін зерттейді. Макроэкономика жұмыссыздықты, кедейшілікті азайту және экономикалық дамуды қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады. Басқаша айтқанда макроэкономика мемлекеттік және қоғамдық мәселелерді зерттеумен және шешу жолдарын жасаумен айналысады. Ал микроэкономика жеке адамның, отбасының және бизнесмендердің таңдауына байланысты мәселелерді зерттейді. Оның зерттейтін мәселелеріне өндірісшілердің, сатып алушылардың және сатушылардың тауар және қызмет көрсету базарындағы арақатынасы да жатады. Осыған байланысты экономиканың кеңінен тараған түсіндірмесінде «Бұл адамдардың өз өміріне қажетті табысты алу жолдары туралы ғылым» деп көрсетеді. Экомика заңдылықтарын неғұрлым жақсы игеру, адамдардың бизнеспен табысты айналысуының кепілі бола алады. Кәсіби экономистер кез келген мәселені шешу барысында «альтернативті баға» және «таңдау мәселесі» деген ұғымдарға жүгінеді. Альтернативті бағаны түсіндіру үшін мынандай мысалға жүгінейік. Сіз тоңазытқыш сатып алу үшін қаржы көзін жинап жүрсіз. Дәл осы кезде сіздің денсаулығыңыз нашарлап, санаторииге барып емделу қажеттілігі туды. Тоңазытқыш пен санаторииге емделуге керекті шығынның құны бірдей болып шықты. Осы жағдайда сіздің алдыңызда екі тауардың бірін таңдау мәселесі тұрады.

Экономистер осы мәселені альтернативті баға бойынша сипаттайды. Біздің мысалда тоңазытқыштың бағасы санаторииде емделу құнымен есептеледі. Мемлекеттің үкімет орны да тозығы жеткен жолдарды жөндеуге жұмсалатын қаржыны арттыру үшін, қару-жарақтарды өндіруге бағытталатын қаржы мөлшерін азайтады. Сонымен, альтернативті бағамен сіздің таңдауыңызды шешу мәселесі тығыз байланысты болады. Ал «барлығы немесе ештеңе» деген шартпен алдымызда тұрған өзекті мәселелерді шеше алмаймыз. Егер сіз алдыңызға қойған мәселелерді шешу үшін тауарлардың бағасын азайту жолына түссеңіз, онда алған тауардың сапасын ақсайды. Мысалы, ескі де арзан тоңазытқыш алып, денсаулығыңызды арзан және сапасыз емдейтін профилакторииде сауықтырсаңыз, онда алдыңызға қойған екі мақсатыңызды толық шеше алмағаныңыз. Басқаша айтқанда, тоңазытқыш пен емделуді қатар шешемін деп, бұл тауарлардың сапасын төмендетіп алдыңыз.

Қазіргі замандағы экономикалық шығындар жүйесі жалпы экономиканы немесе экономикалық теорияны, салалық экономикалық ғылымдарды немесе салалардағы шаруашылық үрдістерді, қолданбалы экономикалық ғылымдарды, оның ішінде бухгалтерлік есепке алу, маркетология және менеджментті қамтиды. Экономика шектеулі қорларды тиімді пайдалану және оларды басқару арқылы адамдардың сұранысын барынша қанағаттандыру мәселелерін зерттеумен айналысады.

Денсаулық сақтау экономикасы аса маңызды салалық экономикалық ғылым болып табылады. Бұл сала медициналық көмекті көрсетудің шаруашылық әдістерін зерттейді. Денсаулық сақтау саласының жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін қазіргі заманның мамандарына экономикалық сана сезім қалыптастыру қажет. Оның көмегімен денсаулық сақтау саласын дамытуға кеткен шығын, алуға үміттенген нәтижеге сай болуын қамтамасыз ететіндей шешім қабылдауға жол ашады. Денсаулық сақтау саласының экономистері тұрғындардың денсаулығына қажет тауарға, көмекке сұранысын аз шығын жұмсап, барынша толыққанды қамтамасыз етуге әсерін тигізетін жағдайлар мен себептерді зерттейді. Сондықтан экономистер:



  1. Тұрғындар денсаулығының елдің, аймақтың, облыстың, өндірістің дамуына тигізетін әсерін сараптайды;

  2. Экономикалық тиімділікті анықтайды;

  3. Емдеу-профилактикалық көмекті беру көлемін анықтайды;

  4. Профилактика, диагностика, емдеу, реабилитация шараларын жүзеге асыру тиімділігін бағалайды;

  5. Сырқаттылыққа байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық, мүгедектік және өлім оқиғаларының даму бағытына баға береді.

  6. Денсаулық сақтау жүйесіне заманауи әдістерді, технологияларды,

ұйымдастырушылық шараларды ендіру тиімділігін анықтайды.

Денсаулық сақтау экономикасында, экономикалық сараптау жұмысында тиімділік деген ұғым бар. Жалпы денсаулық сақтау жүйесінде медициналық-әлеуметтік және экономикалық тиімділік деген ұғымдарды бірге қолданады.

Медициналық тиімділік деп – профилактика, диагностика, емдеу және реабилитация саласында қойылған міндеттерді орындауда қол жеткізген тиімділік дәрежесі айтылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медициналық тиімділікті медициналық қызмет сапасының бір қыры деп қарастырады. Оны сұранысқа сай, экономды және ғылыми-техникалық деңгейде деген ұғымдармен қатар қолданады.

Әлеуметтік тиімділік тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерінің динамикасымен сипатталады. Экономикалық тиімділік жұмсалған шығын мен қол жеткізген нәтижелердің арақатынасымен есептеледі. Егер денсаулық сақтау саласын өндіріспен салыстырсақ, онда оның өнімділігін де қарастыруымыз қажет. Денсаулық саласы тұрғындар денсаулығын күшейту шараларын экономикалық тиімді жолмен жүзеге асыруы қажет. Экономикалық қатынастар мен қоғамдық даму үдерісінің гуманистік бағытта қалыптасуы жер беті мемлекттерінің бәрінде байқалады. Осы жағдай Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде де орын ала бастады және медициналық көмекті одан ары жетілдіруге ықпалын тигізуде. Кеңестер Одағынан мұра болып қалған денсаулық сақтау жүйесінің көптеген өзекті мәселелері бар. Оның ең бастысы тұрғындардың денсаулығының өте нашар болуы. Екінші аса маңызды мәселе денсаулық сақтау саласының тиімсіздігі, ал үшінші бір өзекті мәселе медицина мамандары қорының және ғылыми дамыту жүйсінің жетімсіздігі жатады. Осы өзекті мәселелерді шешу мақсатында және денсаулық сақтау жүйесін басқаруға экономикалық әдістерді ендіріп, оның әлеуметтік, медициналық тиімділігін арттыру үшін Қазақстан республикасында 2010 жылдан бастап денсаулық сақтаудың біріңғай Ұлттық жүйесі ендірілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет