Лекция туризмнің теориялық ЖӘне ғылыми негізі туризм түрлері және оның түсінігі



бет1/2
Дата24.04.2022
өлшемі115 Kb.
#32050
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 12 (2)

ЛЕКЦИЯ 1.ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ

  1. Туризм түрлері және оның түсінігі.

1.2. Туристік-рекреациялық ресурстар және оның маңызы

Туристік іс әрекет көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүддені, демалудың белсенді түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар транспорттық қызметті, тамақгану, орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін өмірге енгізуде.

Қазіргі кездегі туризм толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің ұлттық мәнділігі: қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізгі қажеттілік: саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары: саяхаттың ұзақгығы: топ құрамы: ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т.б. Туризм келесі түрлерге бөлінеді:


  1. Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның
    күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр.

  2. Діни туризм. Туризмнің бұл түрі әр түрлі діндегі адамдардың діни
    қажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді:

а) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару:

б) әулие жерлерге бару:



  1. Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару
    мақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.

  2. Конгресті туризм. Ол түрлі шараларға, оның ішінде
    конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және
    т.б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатысуға байланысты
    ұйымдастырылады.

Конгреске қатысушының шығыны әрине қарапайым туристің шығынына қарағанда жоғары болады, осыған сәйкес тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туады.

  1. Өйткені аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осы
    орындарға бару қажеттілігіне негізделген.

  2. Өз бетінше ұйымдастырушыға туризм. Саяхаттың бұл түрі шаңғы,
    тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатың активті
    демалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл түрінің айырықша
    ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын
    қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес,
    туристердің өздері туристік-спорт клубтарымен және бірлестіктермен
    біріге отырып ұйымдастырады.

  3. Іскерлік мақсаттағы туризм. Туризмнің бұл саласына әр түрлі
    серіктестіктермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру
    мақсатындағы сапарлар жатады.

8. Танымдық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда
білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды.

9. Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі


қажеттілік жатыр, осыған байланысты:

  • активті және пассивті түрге бөлінеді. Активті спорт туризміне спорттың белгілі түрімен айналысу қажетілігі, ал пассивті туризмге белгілі бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады. Қозғалыс құрамдарына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді.

1. Жаяу туризм. Туризмнің бұл түрін ішкі туризмде кеңінен тараған.
Тәжірбие жүзінде бір туристік саяхатта транспорттың бірнеше түрін
пайдалану да ұшырасады, мысалыға, ұшақ-автобус, темір жол-автобус
және т.б. түрлерін айтуға болады. Мұндай түрлері аралас түр деп
аталады.

  1. Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусты қозғалыс
    құралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық
    турлар туристік-экскурсиялық (транспорт туры, ұсынатын қызметтің
    барлық түрін, яғни тамақгану, экскурсиялық қызметті ұсынумен)
    және "денсаулық автобусы" деп аталатын - серуендік туры болуы
    мүмкін (бір күндік автобус).

  2. Велосипед туризмі. Туризмнің бұл түрін туристердің шектеулі
    контингенттері ғана пайдалана алады.

  3. Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі XX ғасырдың екінші
    жартысынан бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.

  4. Әуежолы туризмі. Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристердің баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы 1960 жылдан 1980 жылға дейіннің өзінде туризмде қоданылатын үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланылатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді.

  5. Теплоход (су) туризмі. Туризмнің бұл түрінде бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді (ұзақтығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар порттарға тоқтамауы да мүмкін.

Өзен бағыттары-өзен параходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға: бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен үзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурциялық серуендер жатады.

Круизді және туристік-экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.

Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен қамтамасыз етілуінде.

7. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі XІX ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлгіне қолайлы болады. Қазіргі кезде теміржол мен транспорттың басқа түрлері арасында бәсекелестікте болып тұрады.

Туризм сонымен қатар саяхаттау уақытына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді.

Саяхаттың ұзақтығына байланысты туризм: ұзақ және қысқа мерзімді болады.

Топ құрамы бойынша:


  1. Жаппай туризм.

  2. Жеке туризм (туризмнің бұл түрі көбінесе іскерлік, ғылыми және
    сауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі).

  3. Жанұялық туризм.

  4. Жастар туризмі.

Балалар туризм (жастар және балалар туризмі елдің ішіндегі және әр түрлі елдер арасында туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда).

Туристік өнім бағасын құрау принципін анықтауға байланысты коммерциялық және әлеуметтік туризм болып бөлінеді. Әлеуметтік туризм мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық құрылымдарға жеткілікті ақшалай қаражаты жоқ тұрғындардың әр түрлі деңгейіне демалуға мүмкіндік беру мақсатында белгілі жеңілдіктерді ұсынады. Мысалы: зейнеткерлер, студенттер, төмендегі деңгейдегі жалақы алатындар және т.б.

Әйгілі американ социологы Т. Бертон бос уақытты өткізу сипатына, яғни туристік демалыс моделіне, әсер ететін фасгорлардың үш тобын бөледі:

технологиялық (жаппай коммуникация құралдары):

институттық (заңдылық):

әлеуметтік-экономикалық (демография, кіріс шамасы, мамандық).

Өз кезегінде бос уақытты өткізу сипаты туризмді дамытуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып есептелінеді.

Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді.

Статикалық табиғи-географиялық фасгорлар жиынтығы жатады. Өйткені ол тұрақгы мәнге ие, себебі адам туристік қажеттілікке тек бейімделіп қана қоймай оны пайдалануға ыңғайланады. Табиғи-климаттық және географиялық факторлар өз мазмұнын әдемі, бай табиғаттан, климаттан, жергілікті рельефтен, жер асты байлығынан да статикалық факторларға жатады.

Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-динамикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олардың мәні уақыт және кеңістікте өзгеретін әр түрлі шамада болуы мүмкін.

Жоғарыда аталған бөлулерден басқа туризмге әсер ететін факторлар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Факторлардың бұл тобы құрамына: тұрғындардың жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғыз басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғыз басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұя құру тенденциясы, тұрғындар құрамындағы баласыз жұптар санының өсуі, иммиграция шегінің қысқаруы жатады. Ақылы іс сапарлар, жұмыс уақыты кестесінің икемділігі демалыс кезеңін көбейтеді, іскерлік туризмнің сипатын өзгертеді. Бұл турлардың ұзақтылығына, кезеңділігіне әкеледі.

Жоғарыда аталған көрсеткіштер туризмнің дамуының объективті әлеуметтік-демографиялық жағдайын жасайтын тұрғындардың бос уақыт құрылымына әсер етеді. Сондықтан да туризмді дамыту бағдарламасын жасағанда тұрғындардың уақыт қоры мен бос бюджеті құрылымын анықтау керек болады.

Тұрғындардың бос уақыт құрылымы:

а) қоғамдық өндірістегі еңбек

б) физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты

в) үй шаруашылығындағы еңбек

г) білім алуға келетін уақыт шығыны

д) еркін уақыт

Туризмге әсер ететін сыртқы факторларға: экономикалық және қаржы жағдайлары (төмендеуі): жекелей кірістің көбеюі (азаюы), демалуға бөлінген кіріс бөлігіне байланысты жоғары туристік белсенділік: туризм мен саяхат шығындарын жабуға бөлінген қоғамдық қаражат үлесінің өсуі жатады.

Туризмнің дамуына • әсер етеін әлеуметтік-экономикалық факторларға сонымен қатар тұрғындардың білім, мәдениет, эстетикалық қажеттілік деңгейлерінің өсуі де жатады. Эстетикалық қажеттілік элементі ретінде адамдардың әр түрлі тұрмысымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру жағдайымен танысу құштарлығын айтуға болады.

Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық реттеу өзгерістері: технологиялық өзгерістер: транспорт инфрақұрылымы мен сауданың дамуы, саяхаттаудың қауіпсіздік жағдайларының өзгеруі жатады.

Ішкі (эндогендік) факторлар - бұл туризмге тікелей әсер ететін факторлар. Оған ең бірінші материалды-техникалық факторлар жатады. Олардың бастысы орналастыру объектілерінің, транспорттың, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, бөлшек сауданың және т.б. дамуымен байланысты.

Ішкі факторға туристік нарықтың төмендегі факторлары жатады.

а) ұсыныс, сұраныс және тарату факторлары (қазіргі нарықтық
қатынастардың ерекшелігі ретінде туристік өнімге деген сұраныстың
тұрақты сұранысқа айналуын, сонымен қатар жеке туризмнің өсуін
айтуға болады).

б) Нарықты сегменттеу ролінің өсуі ( аймақ ішінде жаңа туристік


сегменттердің пайда болуы, саяхат баратын жерлердің қашықтығының
ұлғаюы, демалысты әр түрлілігі және т.б.).

в) Туристік қызмет пен монополия процесіндегі сәйкестілік ролінің өсуі


(көлденең интеграцияны күшейту, яғни ірі фирмалардың орта және
кіші фирмалармен серіктік қатынастарының өсуі: туристік одақтарды
құра отырып тікелей интеграциялау және т.б.)

г) Туризмдегі кадрлар ролінің өсуі (жұмысшылар санының өсуі,


маманданған құрылымның дамуы, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту
және т.б.)

д) Жеке туристік кәсіпкерліктің ролінің артуы.

Жоғарыда келтірілген факторлар өз кезегінде экстенсивті, интенсивті және негативті болып бөлінеді.

Экстенсивті факторлар: жұмысшылар айналымына енгізілетін материалды ресурстар көлемінің өсуі, туризмнің жаңа объектілерін салу.

Интенсивті факторлар: жеке адам іскерлігін көтеру, маманданған іскерлік құрылымды дамыту: ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінт пайдалана отырып материалды базаны техникалық жетілдіру: қолда бар материалдық ресурстарды тиімді пайдалану және т.б.

Негативті факторлар: экономиканы милитаризациялау: тұтыну заттарына бағаның өсуі: жұмыссыздық: ақшаның түрақсыздығы, жеке тұтыну көлемінің қысқаруы, қолайсыз экологиялық жағдай, туристік фирмалардың банкротқа ұшырауы және т.б.

Туризмнің дамуына негативті әсер ететін факторларға мысал ретінде мына жағдайды келтіруге болады: қызмет көрсету тарифының тұрақсыздығы: туристік қызмет көрсетуге бағаның тұтасымен өсуі: қонақ үй қызметінің нашарлауы: сапардың ұзақтығығының, оған кететін шығынның қысқару: шетелге шығу сұранысының төмендеуін айтуға болады. Бұл факторлар осы жағдайларда өздерін әлсіз сезінетін әлеуметтік және жастар туризміне маңызды әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде негативті факторлар Қазақстанда туризмнің дамуына үлкен кері әсерін тигізуде.

Республикамыздың Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған: "Қазақста-2030" жолдауында қызмет көрсету, оның ішінде туризмге тікелей қатысы бар салаларды дамытудағы ұзақ жылдық мақсаттар мен оны жүзеге асырудағы нақты міндеттер көрсетілген.

Мұнда туризмді дамытуға қатысты төмендегідей ерекше стратегиялық мәселелерге тоқталуға болады. Олар:



  • туризм саласы болашағының жалпы алғандағы "моделінің" көрінуі:

  • әрбір Министрліктер мен ведомтсволардың туризм индустриясын
    дамытуға, оның мақсаты мен басты бағыттарына қатысты
    функциональдық жауапкершілікті сезінетіндей "туризм" жүйесінің
    қалыптасуы:

  • туризм саласына қатысты қабылданатын заңдар мен
    заңдылықтардың, шешімдердің қоғамды дамытудың жалпы
    мемлекеттік стратегиясының даму аясында қабылдануы:

  • туристік қызметті басқаруға, стратегиялық жоспарлауға негізделген
    жүйенің қажеттілігі:

Туризмнің стратегиялық дамуына өзіндік ықпалы зор төмендегіндей

мүмкіндіктерді атауға болады:



  • өзінің білімділігімен, ғылыми және шығармашылық мүмкіндіктерінің жоғарылығымен ерекшеленетін адам ресурсының болуы:

  • экологиялық саясатты басшылыққа ала отырып, табиғат ресурстарын сапалы түрде пайдалану арқылы туристік-рекреациялық шаруашылықты дамытуға қолайлы табиғи ресурстардың молдығы:

  • шет мемлекеттерден келетін туризмді дамытуға қажетті саяси тұрақтылықгың болуы:

  • қазақ халқының табиғатындағы өзіне ғана тән қонақ жайлылығы: халықаралық туристік бағыттардың тоғысында орналасқан географиялық жағдайы мен оның территориясында тарихи Ұлы Жібек жолының болуы:

  • әртүрлі халықаралық ұйымдардың (БҮҮ, ЮНЕСКО, ДТҮ және т.б.) қолдануы:

  • экономика саласына тиімді ықпалы болуы.

Ал, туризмнің дамуына тікелей немесе жанама түрде кері әсерін тигізетін факторлар:

  • қызмет көрсету саласында қалыптасқан жаңаша құндылықтар жүйесі негізінде өзгертуді қажет ететін жалпы теңгермешілік пен жарқын болашаққа кепілдік берердей менталитеттің ескілігі: туристік қызмет көрсету рыногында шаруашылықты жүргізудің жаңа тәсілдері мен бәсекелестікке сай менеджменттің болмауы:

  • өз ақшасымен қаржыландыратындай, соның негізінде туристік қызмет өндірісінің ішкі рыногы мен жұмыссыздық деңгейін тұрақтандыруға ықпалды орта буынның өте баяу қалыптасуы: мемлекеттік басқарудың тиісті дәрежеде туризмді ұйымдастыра алмауы және туристік кәсіпорындардың менеджерлік корпустарының ұйымдастырушылық-құқықтың, әлеуметтік-экономикалық деңгейдегі дайындықтарының сапасыздығы (10).

Қазіргі кезеңде туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризмнің инфрақұрылымын жасау" атты мемлекеттік бағдарлама, туризм саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңдық, нормативтік, ұйымдастырушылық - құқықтық актілердің мазмұндарында басшылыққа алынған. Туризмді дамытудың ұлттық стратегиясын іске асыру процессіндегі басты міндеттер айқындала түсті.

Әлемдік тәжірбиеде ешкімге ұқсамайтындай өзіне ғана тәр туризм жүйесін құру арқылы ғана Республикамыздың өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын, қызығушылық туғызатындай және бәсекелестікке қабілетті туристік комплекске қысқа мерзімде қол жеткізуге мүмкіндіктер де бар.

Елімізде туризм енді ғана дамып келе жатқан сала. Туристік қызметтің ұзақ мерзімдік басылымдылық мақсаттарының негізінде оның барлық салалары бойынша түрліше ізденістер жүргізілуде.

Республикамызда халықаралық және ішкі туризмнің дамуы осы салаға лайықты заң шығарушы, ұйымдастырушылық-құқықтық базасының болуын талап етіп отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының территориясында туристік қызмет пен туризмнің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын бірқатар нормативтік, құқықтық құжаттар қабылданды. Олар:

Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған "Туризм туралы Заңы" (қосымша берілген):

Республика Президентінің 1992 жылғы 15 шілде мен 15 тамыздағы Жарлықтарының негізінде жасалынған туризм индустриясын дамытудың Ұлттық бағдарламасы және осы саланың консепциясы: Қазақстан Республикасының 1992 жылдың 2 шілдесінде шыққан "Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы" Заңы (қосымшада берілген) :

1993 жылдың 22 қазанында қабылданған "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы жөніндегі" Қазақстан Республикасы Заңын, осы заңға сәйкес Казақстан Республикасы Жоғары кеңесінің қаулысы:

1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданған "Мәдениет туралы" Заңы:

1996 жылдың 18 шілдесінде шыққан "Қазақстан Республикасындағы
туристік қызметті лицензиялау жөніндегі Ереже":

1996 жылдың 15 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи территориялар жайындағы Заңы (қосымшада берілген):

1997 жылдың 7 тамызында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген
"1997-1998 жылдары тұтынушылар құқығын мемлекетік қорғауды жетілдіру" бағдарламасы: 1998 жылдың 27 сәуірінде шыққан "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысу құқығын қорғау" жайындағы Президентіміздің Жарлығы.

Республика Президентінің 1997 жылдың 30 сәуіріндегі "Түркі тілдес халықтардың Ташкент декларациясын, Қазақстан Республикасында орналасқан Жібек жолы бойымен ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік туристік ұйымның жобасын іске асыру" жарлығын жүзеге асыруда 1998 жылдың 27 ақпанында Президенттің жарлығымен бекітілген "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау"(14) атты Мемлекеттік Бағдарламасы басшылыққа алынатын негізгі құжат болып табылады.

Бұл бағдарламада энегетика, индустрия және сауда министрлігінің
Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі институттарымен,
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында туризм индустриясын дамытудың Ұлттық бағдарламасын жасаушылардың Жібек жолы мен оның тарамдарындағы орналасқан тарихи-мәдени мұралар, ондағы туристік-рекреациялық ресурстар мен оның жекелеген объектілері мен кешенді орындары жайлы бірлесе жүргізілген көп салалы зерттеулері негізге алынды.

Бағдарлама Қазақстан Республикасында енді ғана қалыптасып жатқан "туризм" жүйесі құрылымының үйымдастырушылық-құқықтық негізін қалаушы мемлекеттік құжат болып саналады.

Еліміздегі туризм инфрақұрыламының жете дамуына, туристік-рекреациялық объектілер жайлы тиісті дәрежеде мәліметтердің болмауына және сол объектілерді іске қосуға дайындықтың аздығына қарамастан, ұлттық туризм жүйесі бәсекелестікке түсе алатындай және экономикалық табысты салаға айналуына мүмкіндіктері зор.

Республикамыздағы ғылыми және өндірістік күштерді ғылыми-мәдениеттанымдық, сәулет-қала құрылысы туризм жүйесін қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық саласына кеңінен жедел түрде қажеттілігі туып отыр. "Туризм" жүйесінің мемлекеттік және мемлекеттік емес кұрылымдарының өзара байланысына қатысты.

Ұсынылып отырған жоба, Жібек жолы бойындағы туристік орталықтардың территориялық кестесінен туындайтын әртүрлі қызмет салаларының бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіру тәсілін өзара байланыстыру негізінде қарастырылады.

Ал жоғарыдан төмен қарай Қазақстан Республикасының "Туризм жайында" Заңы мен күші бар нормативтік-құжаттық актілерге негізделген жергілікті, аймақтық және республика көлемінде мемлекеттің функциональдық-салалық реттеу жұмыстары арқылы іске асырылады.(10)

Кеңестік дәуір тұсында түркі тілдес халықтар мекендейтін территорияларда туризмді дамыту ісі әртүрлі идеологиялық себептермен өз деңгейінде жүргізілмеді. Бүгінгі әлемдік экономикалық интеграцияға ену, туризмнің маңыздылығы жайындағы пікірлер мен түсініктер, оның ұлттық стратегиялық дамудағы алатын орнын, даму мақсатын, функциясын, перспективасын айқындайтын базасы болып отыр.

Туризмнің функциональдық маңыздылығы жайлы көптеген анықтамалары бар, ол бір жағынан занды да. Өйткені қоғамдағы туризмді дамытуға қатысты консепция осы саладағы шешімін таппаған мәселелерді жан-жақты, яғни экономикамен, экология және әлеуметтік-мәдени өмірмен тығыз байланыста қарастырады. Осыдан келіп туризм жайында әртүрлі түсініктер қалыптасады.

Туризмнің маңыздылығы жөніндегі теориялық талдамаларды отандық (С. Р. Ердәулетов 1993, А.М. Мелдебеков 1998., АГ.Ким 1991., С.Т. Тілеубергенов 1995., Қ.Мусин 1997), қайта құру кезеңіне дейінгі (А.Х.Абуков 1983, Веденин. 1982.,В.М. Кривошеев 1981., И.И. Пирожник 1985 және т.б.), сондай-ақ бүгінгі күні )В.С.Сенин 1993., Ю.М.Чеботарь. 1997., Г.А.Карпова 1998. Және т.б) ғылыми танымдық әдебиеттерде кездестіруге болады.

Ғылым мен техниканың, өндіріс технологиясының дамуының бүгінгі сатысында туризм абсолютіне мейлінше толық та дәл жауап беру мүмкін болмай отыр.

Туризм жүйе ретінде адамдар өмірінің мәні секілді, жоғарғы дәрежедегі күрделі, көп қырлы, тарихи дамып, әртүрлі өзгерістерге ұшырап отыратын құбылыс. Сондықтан да "туризм" ұғымына түсінік бергенде туристік қызметтің табиғаты мен мәні жайлы әртүрлі пікірлерді, тіпті бірін-бірі жоққа шығаратын пікірлерді де кездестіруге болады.

ДТҮ-ға мүше мемлекеттердегі туризмге қатысты саясатты мемлекеттік емес, мамандандырылған, халықаралық, коммерциялық, ұлттық және аймақтық туристік ұйымдардың іс-тәжірбиесін қарастыра келіп, әлемдік туризм жер бетінде тыныштықты сақтауға, бейбітшілік орнатуға, халықаралық ынтымақтастық пен өзара түсініктің моральдық және интеллектуальдық негізі бола алатындығы атап өтілген.

ДТҮ-ның жоғарыда аталған деклерациясында туризмді: мемлекеттің әлеуметтік, мәдени ағарту және экономикалық өмірі мен халықаралық қалалыптастыруды реттеуге ықпалы зор адамдар өміріндегі іс-әрекет, қызмет ретінде: әлеуметтік-экономикалық өмірдің құрамдас бөлігіндей кұбылыс ретінде: адамдардың демалуға деген құқығы мен демалыстың және саяхаттың еркіндікті іске асырушы адам қызметінің түрі ретінде, адамдардың жеке тұлғалық дамуының сапалық элементі ретінде қарастырылады.

Туризм жайындағы XXғ (20) ГААГА деклерациясының (1989) принциптеріне сай ДТҮ өзіне мүше елдерді туризмге қатысты мәселелерді кең ауқымда қарастыруға, бұл үшін нақты ұлттықтуристік саясатты жүргізуге: парламент сайлауларында, туристік саясат жүргізе алатындай оның басты бағыттарын дамытуға лайықты заң жобалары мен құқықтық ережелер қабылдауға қабілетті, туризм жайында Заң немесе Заң күші бар Турист Кодексін қабылдайтындай параламент өз кезегінде туризм саласындағы халықаралық құқықтық құжаттар мен ұлттық заңдылықтарды қолдануға ерекше мән беруіне шақырады.

Қазақстан Республикасының "туризм жайындағы" Заңына сәйкес туризм мәселелеріне қатысты халықаралық келіссөздер жүргізіп келісім шарттар жасап, туризм саласындағы қарым-қатынастарды жасауға қатысып, халықаралық келісім шарттар мен заңдылық, ережелерді басшылыққа алып отырады.

Еліміздегі туризм индустриясын дамыту оның геосаяси, географиялық және тарихи-мәдени кеңістігіндегі инфрақұрылымын жасау жайындағы бағдарлама, ұлттық территориямызды Трансазиядағы туристік байланыстың маңызды бөлігіне айналдыруға негізделген.

Аймақтың туристік-рекреациялық мүмкіндіктерін ескере отырып ірі көлемдегі туристік шаруашылықты ұйымдастыруда, күрделі-ұйымдастырылған объектілерді зерттеу әдістері мен құралдарын айқындап белгілеуде жүйелілікті ұстану қажет. Туризм жүйесі белгілі-бір қоғамдық мақсат жетістіктеріне бағынышты ең күрделі мақсаттылық жүйелеріне жатады."Туризм" жүйесіне де басқа жүйелер сияқты ақпараттың берілуі мен басқару процессі тән. Жүйелік туризм мен оның инфрақұрылымын дамыту мәселелері оның компоненттерінің өзара әрекетті жүйесінің бірыңғайлылығы ретінде қарастырылуы қажет. Сондықтан бұл жүйенің қоғамдық функциясы мен басқару құрылымын, даму перспективасын айқындау үшін алдымен оның мақсаты мен шағын жүйелерінің мақсатын айқындап алу қажет.

Әрбір күрделі басқару элементтері жеке міндеттерінің, оның


дамуының түпкі мақсатының, иерархиотық мақсаттарға
бағыныштылығы арқылы қарастыру жүйелілік талдау методологиясының маңызды қағидаларының бірінен танылады.

"Туризм" жүйесінің жұмыс істеуінен "қоғам" дәрежесіндегі туризмге қатысты саясатты үйлестіруде туризмнің басымдылығын заң жүзінде айқындайтын мемлекеттік саясат басты роль атқарады.

Ұлттық "туризм" жүйесінің жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық-құқықгық негізінің базистік заңдық акті болып саналатын Қазақстан Республикасының "Туризм жайындағы" Заңының 2-ші бабында "Туризм адамдардың қандайда болсын белгілі-бір аймақтың, мемлекеттің мәдениеті мен дәстүрін тану мақсатында демалысын өткізудің түрі мен жүйесі" деп түсінік берілген. Осы Заңда тұжырымдалған түсінік бойынша туризмді демалысты ұйымдастыру жүйесі ретінде қарастыруымызға да болады.

Жоғарыда аталған, Заңда еліміздегі "туризм" жүйесін дамытудағы мақсат: туристерді табиғи-географиялық және тарихи-мәдени құндылықтармен, көркем шығармашылықтың және өндірістік мақсаттағы бірегей орындарды көрсетіп таныстыру: туристік саяхаттар мен сапаларды ұйымдастыру, еліміздің азаматтарын басқа елдердің табиғи және мәдени мұраларымен таныстыру: Қазақстан Республикасының халықаралық гуманитарлық байланыстарын нығайту және кеңейту:туристік қызметті экономикалық жоғарғы табысты салаға айналдыру деп тұжырымдалынған.

Осылайша танымдық, ұйымдастырушылық, саяси және экономикалық тұрғыдан белгілеу, жалпы мақсатты көпсатылы жүйелілік негізде кіші-гірім мақсаттарға "туризм" жүйесін дамытудың жоспарлы әдісін қалыптастыру көзделген.

Бұл мақсаттар жүйелік талдау әдісінің арсеналындағы ережелер жиынтығы мен тәсілдерін қамтыған қыйсынды модельді елестетеді. Ол тиісті дәрежеде оның элементтерінің ішкі құрылымын, іс-әрекеттің нақты түрін, нақты объектілер мен басымдылықтарды анықтауға: шаруашылықтың, әлеуметтік, экономикалық, саяси, технологиялық және басқа міндеттер шешудің мүмкін жақтарын: бұл мүмкіндіктерді бағалап, басқару функциясының арасындағы шешімдердің келісім салаларын анықтауға ықпалын тигізеді. Модельдің осылайша құрылуы негізгі туристік-рекреациялық және оған жанама ресурстарды анықтап, оларды жалпы мақсатқа лайықтап және осы негізде туризмнің ішкі ауыспалы жүйесін қалыптастыру мен оның сыртқы байланысын дамытуға қажетті шаруашылықтың шығын көлемін шығарып, анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет "Туризм туралы" Заңының "Негізгі ұғымдар" деп аталатын 2-ші бабында, туристік және экскурсиялық саяхаттар мен жорықтарды ұйымдастыру, туристік қызмет түрлерінің барлығын көрсету, туристік мақсаттағы тауарларды өндіру және сату деп түсіндірілген.

Өзінің мазмұны жағынан туристік қызмет материальдық және рухани құндылықтарды өндіру, адамдардың қарым-қатынастарының формасы, қоғамдық жағдайлар мен қарым-қатынастардың қайта кұрылуы, жеке адамның қабілеті, дағдылары мен білімдерін жетілуіне қатысты болғандықтан, туризм жүйесі құрыльшының негізін қалайтын күрделі де тапқырлы жүйе болып саналады. Осыдан келіп туристік қызметтің өндірістік құрылымының ұйымдастырушылық-құқықтық формалары, туристік-экскурциялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, туристік қызмет көрсету, туристік мақсаттағы тауарларды өндіру және сату сияқты т.б. қызметтің барлық түрлері туризм жүйесінің мақсаттарына қатысты жұмыс атқаратын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет