Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


Ортаңғы бұлшықеттер немесе тіласты сүйегінің



Pdf көрінісі
бет284/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   369
267


Ортаңғы бұлшықеттер немесе тіласты сүйегінің
бұлшықеттері
Тіласты үстіндегі бұлшықеттер - желбезек доғаларының туын- 
дылары төменгі жақсүйек пен тіласты сүйегі арасында орналасады.
1. Ж ақсүйек-тіласты бұлш ықеті, 
т. mylohyoideus,
төменгі 
жақсүйектің Ііпеа mylohyoidea-сынан басталып, иектің ішкі жағынан 
тіласты сүйегінің денесіне қарай ортаңғы сызықпен екі mm. 
mylohyoidea арасындағы шекара бойымен созылып жатқан сіңірлі 
жікте, raphe, аяқталады. Бұлшықеттің артқы бөлігі тіласты сүйегінің 
денесіне бекиді. Екі mm. mylohyoidei бірге түйісіп, ауыз қуысын төменгі 
жағынан тұйықтайтын ауыздың бұлшықетті көкетін, diaphragma oris, 
түзеді.
2. Қ осқары нш алы бұлш ықет, 
т. digastricus,
аралық сіңірмен 
қосылған екі қарыншадан тұрады. Алдыңғы қарынша, venter anterior, 
төменгі жақсүйектің fossa digastrica-сынан басталып, кейін тіласты 
сүйегіне қарай кетеді. Артқы қарынша, venter posterior, самай сүйегінің 
incisura mastoidae-сынан басталып, аралық сіңір арқылы алдыңғы 
қарыншамен байланысады. Аралық сіңір тіласты сүйегінің денесі мен 
үлкен мүйізіне бекиді.
3. Біз-тіласты бұлш ықет, 
т. stylohyoideus,
самай сүйегінің 
processus styloideus-інен тіласты сүйегінің денесіне түсіп, екі будамен 
қосқарыншалы бұлшықеттің аралық сіңірін қаусырып алады.
Тұлғаның алдыңғы бойлық бұлшықетінің туындысы.
4. И ек-тіласты бүлшықеті, 
т. geniohyoideus,
raphe-нің бүйір 
жағынан т . mylohyoideus-тің үстіне жатады, төменгі жақсүйектің spina 
mentalis-інен тіласты сүйегінің денесіне дейін созылып жатады.
Қызметі.
Бұл сипатталған төрт бұлшықет тіласты сүйегін жоғары 
көтереді. Ол қозғалмаған (бекітілген) кезде, үш бұлшықет (mm. 
mylohyoideus, geniohyoideus, digastricus) төменгі жақсүйекті түсіріп, 
шайнау бұлшықеттерінің антагонистері болып табылады. Тіласты 
сүйегін 
одан 
томен 
орналасқан 
бұлшықеттер 
бекітеді 
(mm. 
sternohyoideus omohyoideus және т.б). Бұлай бекітпейінше төменгі 
жақсүйегін түсіру мүмкін емес, өйткені олай болмаса жақсүйекке 
қарағанда жеңілдеу және қозғалғыштау тіласты сүйегі көтеріліп кетеді. 
Осы үш бұлшықет, әсіресе m. mylohyoideus жұту кезінде жиырылғанда 
тілді көтеріп, таңдайға жабыстырады, соның арқасында тағам түйірі 
жұтқыншаққа итеріледі.
Тіласты үстіндегі бұлшықеттер төменгі жақсүйек, тіласты сүйегі, 
көмей, кеңірдекті қамтитын және түсінікті сөз сөйлеуде үлкен рөл 
атқаратын күрделі аппаратының құрамына енеді. Адам эволюциясының 
барысында бұл бұлшықеттерде, бір жағынан, жақсүйектердің ұстап 
-жұлу қызметінің қолға ауысуына қарай азаюына, екінші жағынан
артикуляциялық қозғалыстардың пайда болуына байланысты, морфо-
268


логиялык өзгерістер болды. Сондыктан неандерталь адамы мен казіргі 
кездегі адамдардың бассүйегін салыстырғанда тиісті бүлшыкеттердің 
бскитін жерлерінің мынадай өзгерістерін көруге болады.
а) т . digastricus-тің арткы карыншасы бекитін жер неандерталь 
адамында жайпак та, ал казіргі кездегі адамда тереңдеген;
ә) сол бүлшыкеттін алдыңғы қарыншасының бекитін жері - fossa 
digastrica казіргі кездегі адамда медиалды орын ауыстыра жылжыган;
б) m. mylohyoideus бекитін жері -linea mylohyoidea айкын білінеді, 
әрі томен түседі, соның себебінен ауыз көкеті казіргі кездегі адамда 
төмендеу түрады;
в) m. geniohyoideus бекитін жер - spina mentalis - неандерталь 
адамында жоққа тән де, тек казіргі кездегі адамда пайда болады, 
сонымен қатар онда иек шодыры да пайда болады. Сүйектегі бүл 
өзгерістердің барлығы адамға тән түсінікті сөз сөйлеу кимылдарына 
қатысатын аталған бүлшықеттердің дамуына байланысты.
Тіласты астындағы бүлшықеттер - түлғаның алдыңғы бойлық 
бүлшықеттінің туындылары ортаңғы сызықтың жан-жағында тері 
астында, көмей мен кеңірдектің алдында орналасып, тіласты сүйегі мен 
төстің арасында созылып жатады, тек m. omohyoideus жауырынға 
барады және шығу тегі жағынан түлғадан иык белдеуіне ауыскан 
бүлшықет (трункофугалды) болып табылады.
1. Төс-тіласты бұлш ықеті, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет