186 - с у р е т. Көпж асуш алы экзокриндік б е зд е р д ің құрылымы (үлгі).
A - қарапайым түтікті без; Б қарапайым альвеолды без; В - тармақталған
түтікті без; Г - тармақталған альвеолды без.
шықет тінінен тұрады. Бұлшықетті табақшаның астында дәнекер тін
қабаты -
tela submucosa
(шырышасты негізі) орналасып, ол шырышты
қабықты сыртқа қарай жатқан бұлшықетті қабықпен,
tunica muscuaris,
байланыстырады. Шырышты қабықта шырышты зат бөліп щығаратын
жекелеген эпителий жасушаларынан (бокалтәрізді жасушалар немесе
біржасушалы бездер) басқа эпителий жасушаларының бездер түсетін
күрделілеу кешендері де,
glandulae
(грекше aden, осыдан бездердің
қабынуы adenitis) болады. Бездер түтікті (қарапайым түтік), альвеолды
(көпіршікті) және аралас - альвеолды-түтікті болып бөлінеді. Безді
эпителиден тұратын түтік немесе көпіршік қабырғалары секрет бөліп
шығарады, ол без тесігі арқылы шырышты қабықтың бетіне ағып
шығады. Қарапайым бездер бір түтік немесе көпіршектен, ал күрделі
бездер ақыр аяғында бір түтікке - шығару түтігіне құятын тармақталған
түтіктер немесе көпіршіктер жүйесінен тұрады. Күрделі без әдетте
бір-бірінен дәнекер тін қабаттарымен бөлінетін үлесшелерге, lobuli
бөлінеді (186-сурет).
Шырышты қабықта әдетте лимфа тіні болады, ол торлы дәнекер тін
(оның талшықтары тор,
reticulum,
түрінде орналасқан) болып табылады;
оның ілмектерінде лимфоциттер орналасады. Кей жерлерде лимфа тіні
лимфа түйіншелері немесе фоликулалар түрінде жиналады. Бала кезде
лимфа тіні жақсы дамиды.
Түтікті ағзалардың сыртқы сірлі қабығы пен ішкі шырышты қабығы
арасында орналасқан бұлшықетті қабық,
Достарыңызбен бөлісу: