Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет92/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   369
қ а л ы п т ы
м о р ф о л о г и я л ы к
ө з г е р і с т е р
б а й к а л а д ы :
1) 
н е г і з г і
ж ә н е
қ о с ы м ш а с ү й е к т е н у н ү к т е л е р і н і ң п а й д а б о л у ы ; 2 ) о л а р д ы ң б і р - б і р і м е н
б і т і с і п ө с у і ; 3 ) с ү й е к т і ң к а р т т ы к и н в о л ю ц и я с ы .
Сипатталған өзгерістер сүйек жүйесінің жаска байланысты 
қалыпты өзгерістерінің көрінісі болып табылады. Демек, “норма” 
дегенді ересек адаммен гана шектемей, оны кайсыбір бірыңғай тип деп 
қарастыру керек. Бұл ұғымды барлық жаска да колдану қажет.
Сүйектің дамуы қанайналым жүйесіне де тығыз байланысты. 
Бірінші сүйектену нүктесінің пайда болуынан бастап синостозданудың 
аяғына дейінгі бүкіл сүйектену үрдісі кантамырлардың катысуымен 
жүреді, олар шеміршекке өтіп, оның бүзылып, сүйек тінімен алмасуына 
жәрдемдеседі. Соның өзінде сүйек табакшалары тиісті қантамыр үшін 
орталық өзегі бар остеондар түзе отырып, қантамырларының айна- 
ласына белгілі бір ретпен орналасады. Демек, сүйек кантамырлардың 
айналасында пайда болады. Артериялар мен веналардың жүретін жолы 
мен маңайында сүйектерде тамыр өзектері мен жүлгелердің түзілуі 
осымен түсіндіріледі.
Туғаннан кейін сүйектену мен оның өшуі де канмен қамтамасыз 
етілуге тығыз байланысты. М. Г. Привестің зерттеулері көрсеткендей, 
сүйектің жас келуіне қарай өзгеруінің қан арнасының тиісті өзге- 
рістеріне байланысты бірнеше кезеңдер болады.
Сүйектердің пішіні мен күйіне ішкі ағзалар да эсер етеді, олар үшін 
сүйектер өзектер, жүлгелер, шүңқырлар және т. б. түзеді. Қаңқа мен 
ағзалардың түзілуі эмбрионнан басталады. Олар даму барысында 
бір-біріне эсер етеді де, ағзалар мен олар жайғасатын орындар 
бір-біріне сәйкестенеді, мысалы, кеуде торы мен өкпе, жамбас астауы 
мен оның ішіне жайғасқан ағзалар, бассүйек пен ми және т. б. Бүкіл 
қаңқаның дамуын осы түрғыдан қарастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет