Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет81/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   174
Ас қорыту жүйесі. Немертиндердің ішегі ауыз тесігінен басталып аналь тесігіне дейін ұзына бойы созылып жатады. Ауызынан кейін қысқа эктодермальды алдыңғы ішек өтіп, ол ұзын энтодермальды ортаңғы ішекке жалғасады. Оның екі жағында метамерлы қайталанып тұратын жұп қалташа тәрізді өсінділері болады. Ортаңғы ішек эктодермальды артқы ішекке айналып, ол аналь тесігімен аяқталады (72-сурет). Ac ішектің қуысында және клетка ішіңде қорытылады. Артқы ішектің және аналь тесігінің пайда болуы

  • немертиндердің ерекше белгісі.

Немертиндер жыртқыш жануарлар. Ұсақ құрттармен, шаянтәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді. Өз қорегін тұмсығы арқылы ұстап, оларды тұмсығының эпителий бездерінен бөлінетін улы сөлдерімен жансыздаңдырады немесе үшкір ине тәрізді стилеттері арқылы өлтіреді. Тұмсығы сонымен қатар қорғаныш қызметін де атқарады. Ол денесінің алдыңғы ұшында арнайы тұмсық қынабы - ринхоцелом деп аталатын қуыстың ішінде имек тәрізді оралып жатады. Қуыстың бұлшықеттері жиырылғанда, тұмсығы теріс аударылған қолғап саусағы тәрізді сыртқа созылып шығады. Созылған күйінде ұзын түтікшеге ұқсас. Тұмсық ринхоцелом қуысына ретрактор деп аталатын бұлшықеттің көмегімен қайта тартылады.



  1. сурет. Немертинаның құрылысы: A - ішкі құрылысы; 1 - бас қан тамыры, 2 - церебральды ганглиясы, 3 - ауызы, 4 - өңеш, 5 - бүйірлі қан тамыры, 6 - арқа қан тамыры, 7 - көлденең қосқыш қан тамырлары, 8 - гонадалар, 9 - жыныс тесігі, 10 - аналь тесігі, 11 - ішек; Б - алдыңғы бөлімінің ұзына бойғы кесіндісі; 1 - тұмсығы шығатын тесік, 2 - құрсақ нерв ганглиясы, 3 - ауыз тесігі, 4 - өңеш, 5 - тұмсық, 6 - тұмсық қынабы - ринхоцелом, 7 - арқа нерв ганглиясы, 8 - эпидермис; В - личинка пилидий; 1 - төбе кірпікшелер шашағы

(сұлтан), 2 - ішек, 3 - эктодерманың өсіндісі, 4 - ауыз алды белдеуі, 5 - ауызы, 6 - мезенхима


Зәр шығару жүйесі протонефридиялы. Денесінің алдыңғы екі бүйірінде арнайы тесігі бар екі зәр шығару түтіктері орналасқан. Олардан дене ішіне көптеген қосымша түтікшелер тарайды да, тұйықталған жұлдыз тәрізді - терминальды клеткалармен аяқталады. Түтікшелердің ұштары бүйірлік қан тамьфларымен тығыз байланысты болады, соның нәтижесінде қандағы зат алмасу процесінің жиналған қалдықтары зәр шығару жүйесіне өтеді.
Тыныс алу мүшесі жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет