Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет83/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   174
Классификациясы. Немертиндер класы екі класс тармағына бөлінеді: қаруланбаған - Апоріа және қаруланған - Епоріа.


ҚАРУЛАНБАҒАН НЕМЕРТИНДЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ANOPIA


Тұмсығында ине тәрізді стилеттері жоқ, өзінің қорегін эпителий бездерінен бөлінетін улы сөлдерімен жансыздандырады. Ауыз тесігі құрсақ жағында церебральды ганглияның артында орналасқан. Нерв жүйесі тері- бұлшықет қапшығында, кейде тері эпителиінде орналасады. Тері-бұлшықет қапшығында сақина тәрізді, одан ішкері ұзына бойы бұлшықеттер будасы болады.


Негізгі туыстары: құмда ін қазатын Cerebratulus-тар. Олар бүкіл
Еуропаның Атлантикалық жағалауларында, оның солтүстік шекарасынан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықта кездеседі (73, А - сурет); Tubulatus және Cephalothrix-тер бүкіл дүние жүзілік мүхиттарда кең тараған; Lineus-тер Арктикалық және қоңыр салқын суларда тіршілік етеді. Алып немертинаның (Lineus longissimus) ұзыңдығы 10 метр, кейде 30 метрге дейін, ені 1 см-ден аспайды, ширатылған денесін тастың астына жасырып өзінің қорегін аңдумен болады.


ҚАРУЛАНҒАН НЕМЕРТИНДЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ENOPLA


Тұмсығы бір немесе бірнеше стилеттерімен қаруланған. Ауыз тесігі денесінің алдыңғы ұшында терминальды орналасқан, церебральды ганглияның алдында.


Нерв жүйесі паренхима аралығында жатады.
Қаруланбаған немертиндерде болатын бұлшықеттер бұларда да бар, бірақ олардан ерекше тағы бір үзына бойы орналасқан және дорзо - вентральды (арқа -құрсақ) бүлшыкеттер будасы болады.



  1. сурет. Немертиндер: A - Cerebratulus; Б - Cerebratulus-тің алдыңғы бөлімі; 1 - тұмсығы, 2 - екі бүйір саңылауы, 3 - ауыз тесігі. В - Nectonemertes; Г - Malacobdella

Бұл класс тармағының өкілдері ұсақ келеді және теңіздің жағалауларынан бастап оның ең терең түбіне дейін мекендейді.


Теңіздің түбінде тіршілік ететін Zygonemertes, Amphiporus туыстарының өкілдері тастардың астында, жағалаулық аймақта кездеседі, ұзындығы 10-12 см. Жерорта теңізінде Polystylifera, Арктика суларында кездесетін Uniporus-тың өкілдері жорғалап тіршілік етуге бейімделген. Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхитында, Жерорта және тағы басқа теңіздерде пелагиалық формаларының кездесетіні мәлім. Бұл құрттардың денесі жалпақтау, қысқа, әйнек тәрізді мөлдір болып келеді, денесінің артқы бөлігінде немесе бүйірінде орналасқан қанаттары арқылы жүзеді. Негізгі туыстары: Pelagonemertes, Nectonemertes, Planktonemertes, Protopelagonemertes, Dinonemertes, Phallonemertes. Pelagonemertes-тер 1800метрден аса тереңдіктерде кездеседі.
Солтүстік теңіздерінде мекен ететін Malacobdella туысының өкілдері паразиттік тіршілік етуге бейім. Бұлардың денесінің артқы ұшында өте күшті дамыған сорғышы болады. Моллюскалар мен шаянтәрізділердің (крабтардың) паразиттері (73, Г - сурет).
Сонымен қатар, тұщы суларда да кездесетін екі түрі белгілі, олар Stichostemma (Prostoma) туысынан Prostoma graecense және Pr.asensoriatum. Ұзындығы 1-2 см. Еуропа мен Солтүстік Американың өзендері мен көлдерінде, судағы өсімдіктердің, тастардың, мүктердің, шіріген жапырақтардың арасында мекен етеді. Қолайсыз жағдайларды сілекейлі цистаға оранған күйінде өткізеді. Prostoma graecense Арал теңізінен, Түркістан аймағынан табылғаны жөнінде Э. Рейзингер еңбегінде жазылған.
Тропикалық және субтропикалық аймақтардың топырақтарында Geonemertes
туысының өкілдері кең тараған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет