Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет80/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   174

НЕМЕРТИНДЕР ТИПІ - NEMERTINI


Басым көпшілігі теңіз жағалауларында еркін тіршілік ететін жануарлар, тек кейбір өкілдері тұщы суларда және паразиттік тіршілік етуге бейім. Топырақ арасында мекендейтін түрлері де кездеседі.


Денесі құрт тәрізді созылыңқы, аздап арқа-құрсақ бағытында сығылған немесе цилиндр пішіндес, денесінің алдыңғы ұшында қозғалмалы ұзын тұмсығы бар. Сол арқылы өзінің қорегін аулап ұстайды. Ол қарулы болуы да мүмкін.
Ішкі құрылысы турбеллярияларға ұқсас: дене қуысы жоқ, ішкі мүшелер арасындағы кеңістікті паренхима толтырып жатады; зәр шығару жүйесі протонефридиялы; нерв жүйесі ортогон құрылысты; тыныс алу жүйесі дамымаған.
Сонымен қатар, ерекше күрделі белгілері де бар: ас қорыту жүйесінде артқы ішек пен аналь тесігі және алғашқы рет жақсы жетілген қан айналу жүйесі пайда болған.
Бұл типке бір ғана класс жатады - немертиндер класы - Nemertini.
Олардың 750-ден аса түрі белгілі.


НЕМЕРТИНДЕР КЛАСЫ - NEMERTINI




Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңқы, ұзарып қысқаруға қабілетті, ұзындығы 1-2 см-ден 2 м-ге дейін, кейде тіпті 30 м-ге де жететін түрлері кездеседі (Lineus longissimus). Көпшілігінің түсі қаралау, сонымен қатар жасыл, ала, алқызыл, ашық қызыл, сұрғылт түсті де болады.
Денесін турбелляриялардай сияқты цилиндр тәрізді клеткалардан тұратын бір қабатты кірпікшелі эпителий жауып жатады. Мұнда көптеген кілегейлі без клеткалары орналасқан.
Эпителидің астыңғы жағында денеге белгілі тірек болатын және бұлшықеттерді бекітетін жұқа базальды мембранасы және бұлшықет талшықтарынан құралған тері-бұлшықет қапшығы орналасқан. Бұлшықеттерінің орналасуы - маңызды жүйелік белгісі. Қапшықтың ең жоғарғы беттерінде сақина тәрізді, одан ішкері ұзына бойы созылған бұлшықеттер орналасқан. Кейбір немертиндерде сыртқы эпителий мен сақина тәрізді бұлшықет қабатының арасында тағы бір ұзына бойы созылған, сонымен қатар арқа-құрсақ (дорзо-вентральды) бұлшықеттер түйіні болады. Ішкі мүшелер араларын паренхима толтырып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет