Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет116/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   218
79-сурет. Паразитті нематодтар: А, Б-түкбасты құрт (Trichocephalus trichiurus), аналығы 
(А), аталығы (Б), қылдай жіп тәрізді денесінің алдыңғы жағы ішектің кілегейлі 
қабықшасына бұрғылап терең еніп тұр; В, Г, Д - трихинелла (Trichinella spiralis), аналығы 
(В), аталығы (Г), еттің арасындағы личинкалары (Д).
СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SECERNENTEA
Топырақта, тұщы суларда шіріктік ортада кеңінен тараған нематодтар, 
сонымен қатар көптеген түрлері адамның, жануарлардың және өсімдіктердің 
паразитгері (шамамен 3000-ға жуық паразиттік түрлері белгілі).
Тері сезу мүшелері - папиллалар түрінде және тек бас бөлімінде 
орналасқан. Амфидалары нашар жетілген, кішкене шұңқыр тәрізді. 
Фазмидалары жақсы дамыған, жұптасып құйрық бөлімінің екі бүйірінде 
жатады. Жарық сезгіш пигментті дақтары (фоторецепторлары) болмайды. 
Гиподермальды 
бүйір және терминальды 
құйрық 
бездері жоқ. 
Аталықтарында бурсальды қанатшалары жақсы дамыған. Зәр шығару 
жүйесіндегі мойын безі бұтақталған, екі немесе бір бүйір экскреторлы түтігі 
бар. Кутикуласы берік, қорғаныш қабілеті жақсы.
Сецерненттер класс тармағы бірнеше отрядтарға бөлінеді, солардың 
ішінде ең маңызды отрядтары: Ascaridida, Rhabditida және Spirurida.
Ascaridida отряды. Адамның және сүткоректілердің ішегінде 
паразиттік тіршілік ететін түрлер жатады: адам аскаридасы - Ascaris 
lumbricoides, жылқы аскаридасы - Parascaris equorum, шошқа аскаридасы - 
Ascaris suum т.б. Туғызатын аурулары - аскаридоз.
Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың 
бірі. Аналығының ұзындығы 20-40 см, аталығы - 15-25 см (80-сурет). Ересек 
түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған 
жұмыртқалар нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа 
түседі. Жұмыртқалар тығыз қабықшамен қапталынған, сондықтан ортаның 


әр түрлі қолайсыз жағдайларына өте берік, төзімді. Тіпті олар 2-4% улы 
калий немесе натрий ерітіндісінде бір ай уақыт, ал формалиннің ерітіндісінде 
4-5 жылға дейін тірі болған. Бұның бәрі аскарида үшін, паразиттік тіршілік 
етуіне байланысты, маңызды биологиялық мәні бар.
Аскарида жұмыртқалары сыртқы ортаның оттегісі мол, қолайлы 
температурада (28-33°С) ғана дамиды. Осы жағдайлар болса олар 10-15 
күннің ішінде дамып жетіледі де инвазиялық (жұқтыру) сатысына ауысады, 
яғни иесінің (адамның) денесінде ары қарай дами беруге қабілетті.
Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде немесе көкөністі 
жумай жегенде жұғады. Адам аузына түскен инвазиялық жұмыртқа ішекке 
өтеді. Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен жұтылған жұмыртқаның қабығы 
бұзылады да, одан дамып, қалыптасып тұрған личинка шығады. Личинка сол 
жерде қалып, өсіп, дамуының орнына, енді бүкіл организмді шарлауын 
бастайды. Бұл микроскопиялық майда личинкалар ішек қабырғасын 
бұрғылап қан тамырларына түседі. Қанның ағысымен олар бауырға, 
бүйрекке, содан жүрекке, соңынан өкпеге келіп тоқтайды. Бұл кезде олардың 
ұзындығы 1 мм шамасында болады. Өкпеде личинкалар қан тамырларын 
тастап, альвеолдарға, бронхыларға, одан тыныс жолына түсіп, ауызға қарай 
жылжиды. Осы уақытта личинкалар тамақты (тыныс жолын) жыбырлатып, 
адамның жөтелу кезінде ауызға тез түседі. Ауыздан сілекей мен ас арқылы 
личинкалар ішекке келіп, өзінің дамуын аяқтайды. Дайын аспен қоректене 
отырып, тез өседі де, ересек формасына жетеді. Аскарида личинкасының 
миграциялық даму циклі иесінің денесінде үш айға созылады.
Аскаридозбен ауырған адамның тағамға тәбеті тартпай, іші ауырып, 
температурасы жиі көтеріледі, жүрек соғу ритмі бұзылып, уланудың 
белгілері байқалады. Оның себебі - құрттардың ішек қуысына ерекше улы 
заттар - токсиндер бөліп шығаруында. Балаларда аскаридалар ішектен өте тез 
жоғары көтеріліп жұтқыншаққа, одан ауыз немесе мұрын қуысы арқылы 
сыртқа шығады. Осы уақытта баланың тұншығу қауіпі туады. Аскариданың 
личинкалары миграциялар жасау арқылы бактериялардың ішкі мүшелерге 
енуіне жол ашады және өкпе қабырғаларын зақымдайды. Ересек түрлері 
ішектің сілекей қабатына тіркеліп, қадалып немесе ішектің ішінде үнемі 
қозғалып жүруіне байланысты ішекке үлкен зардап келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет