Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет118/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   218
Балалар острицасы - Enterobius vermicularis адамның, көбінесе 
балалардың тоқ және ащы ішегінде тіршілік етеді. Аталығының ұзындығы 2-
5 мм, денесінің артқы ұшы спираль тәрізді оратылған, аналығының - 9-12мм, 
артқы ұшы біз тәрізді сүйірленген (80, В - сурет). Ұрықтанған аналық 
острица иесінің аналь тесігіне өтіп, оның қыртыс аралығына жұмыртқаларын 
салады. Осы уақытта құрттар белсенді қозғалып, аналь тесігін жыбырлатып 
қышытады. Балалар оны қолымен қасыса, кейін жұмыртқаларын аузы 
арқылы қайтадан жұтуы мүмкін. Жұмыртқалар сыртқа шығарылып адамға су 
арқылы, қолын жумай тамақ ішкенде жұғады. Ішекке түскен инвазиялық 
жұмыртқадан личинка шығып, осы жерде өсіп, ересек түріне айналады.
Острицадан болған ауру энтеробиоз деп аталады. Острицалар ішектің 
сілекейлі қабатын, сондай-ақ соқыр ішекті қабындырып, соқыр ішек ауруына 
себепші болады. Энтеробиозға қарсы профилактикалық шараларды орындау 
- денені таза ұстау, гигиенаны сақтау қажет.
Ішек угрицасы - Strongyloides stercoralis адамның он екі елі ішегінде 
және ащы ішекте паразиттік тіршілік етеді. Дамуында екі ұрпағы болады: 
біреуі паразиттік немесе ішектік; екіншісі - еркін тіршілік етуші немесе 
топырақтық. Ішектің ішінде гермафродита формасы дамиды. Ұрықтанған 
жұмыртқалар нәжіс арқылы сыртқа шығарылып, топыраққа түседі. 
Жұмыртқалардан екі типті личинкалар дамиды: бірқатары топырақ арасында 
еркін тіршілік етіп, ересек күйге айналмай, бірнеше рет түлейді де су арқылы 
немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп гермафродитті құртқа айналады; 
қалғандары топырақ арасында еркін тіршілік етіп, кейін аталық және аналық 
ересек формасына айналады да, ұрықтанып личинкаларын тірідей туады. 


Осы личинкалар су немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп гермафродитті 
құртқа айналады. Осылайша гетерогония процесі байқалады.
Он екі елі ішектің свайнигі - Ankylostoma duodenale адамның он екі елі 
және ащы ішектің ішінде паразитгік тіршілік етеді. Көбінесе тропикалық, 
субтропикалық елдерде және Оңтүстік Еуропада кездесіп, адамды анемия 
немесе қаны аз ауруына шалдықтырады, өлімге душар етуі мүмкін. Бұл 
кішкене қызғылт түсті құрт, ұзындығы 10-18 мм. Ауыз қуысындағы хитинді 
тістерімен ішектің сілекейлі қабырғасына жабысып, ішектегі эпителий 
клеткаларымен қоректенеді және қан сорады. Сонымен қатар бұл паразит 
зиянды токсиндер бөліп шығарады (80, Б-сурет).
Жұмыртқасы нәжіспен бірге сыртқа шығарылып, дымқыл жерде 
немесе суда дамиды. Жұмыртқадан бір немесе бірнеше күннен соң личинка 
шығады, ол екі рет түлейді де, инвазиялық сатысына айналады. Адамға жұғу 
жолы күрделі, алдымен личинка адам терісін бұрғылап тесіп қанға өтеді, қан 
арқылы өкпеге, одан тыныс жолы арқылы ауыз қуысына, жұтылғаннан соң 
ащы ішекте тоқтайды.
Анкилостомоз ауруы көбіне жер қазу жұмыстарымен (шахтада, 
туннель бұрғылауда) айналысқан жағдайларда байқалады. ТМД-да 
анкилостомоз Закавказьеде, сирек те болса Орта Азияда кездеседі.
Sphaerularia bombi - түкті араның паразиті. Ересек түрлері топырақта 
тіршілік етеді. Ұрықтанған аналығы түкті араның дене қуысына еніп, содан 
кейін паразиттің жыныс тесігінен жатыны айналып шығады да, кеңейіп, 
жұмыртқаларға толады. Жұмыртқалардан дамыған личинкалар, араның 
денесін тесіп, сыртқа топыраққа түседі де ересек түрлеріне айналады.
Tylenchidae тұқымдасының көптеген түрлері ауылшаруашылық 
өсімдіктердің елеулі зиянкестері болып фитонематодтар (фитогельминттер) 
тобын құрайды. Олар өсімдіктердің әр түрлі мүшелерін жарақаттап зақым 
келтіреді.
Бұзғынша (галла) нематодасы - Meloidogyne incognita көп қоректі 
зиянкестер, олар бақша және көкөніс, сонымен қатар жеміс-жидек және 
техникалық дақылдардың тамырларын қатты зақымдайтын паразиттер. 
Құрттардың жыныстық диморфизмі ерекше. Аталықтары жіп тәрізді, 
жіңішке, ұзындығы 1,2-1,8 мм, аналықтары алмұрт немесе құмыра тәрізді, 
ұзындығы 0,8-1,0 мм (81-сурет).
Топырақ арасына түскен личинкалар өсімдіктердің тамырына өтеді. 
Осы жерде олар тамырдың шырынымен қоректеніп, төрт рет түлеп, өседі. 
Личинкалардың келтірген зардабынан (шығарған ферменттерінің әсерінен) 
өсімдіктің тамыр тканьдері, қалыптан тыс ұлғайып өсіп, тамырларының 
үстінде бұзғынша (галла) деп аталатын көптеген ісіктер пайда болады (81, Г - 
сурет). Бұл ісіктер біртіндеп үлкейе береді. Алғашқы кезде олар қатты, 
кейіннен көпсіп, шіріп жұмсарады. Осы бұзғыншаның ішінде личинкалар 
өсіп ересек түріне айналады. Аналықтары жұмыртқасын арнайы бездердің 
бөлінуінен пайда болған оотека деп аталатын жұмыртқа қапшығына салады. 
Дамыған личинкалар оотекадан шығып, шіріген бұзғыншаны тастап, 
топыраққа немесе басқа өсімдіктердің тамырына өтеді.


Бұзғынша нематодасымен зақымданған өсімдіктер өспей, ерте солып 
қалады. Оларға қарсы әрекеттердің бастысы - ауруға төзімді сорттарды 
таңдап алу, арам шөптерді құрту, топыраққа нематоцид препараттарын 
шашу, жабық жайлар (парник) топырақтарының температурасын жоғары 
көтеру.
Қызылша нематодасы - Heterodera schachtii көкөністік, мал азықтық, 
техникалық және қант қызылшасының тамырын зақымдайтын паразит.
Қызылша нематодасы, бұзғынша (галла) нематодасы сияқты 
жыныстық диморфизмімен ерекшеленеді. Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке, 
ұзындығы 1,0-1,2 мм, аналықтары лимон тәрізді, ұзындығы 0,8-1,3 мм (81-
сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет