Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет117/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   218
80-сурет. Паразитті нематодтар: А - адам аскаридасы (Ascaris lumbricoides), сол жағында 
аналығы, оң жағындағы аталығы, төменде жұмыртқасы; Б - он екі елі ішектің свайнигі 
(Ankylostoma duodenale), аталығы; В - острица (Enterobius vermicularis), аналығы; 1 - ауыз 
тесігі, 2 - ауыз қуысы, 3 - өңеш, 4 - бульбус, 5 - ортаңғы ішек, 6 - аталық без, 7 - тұқым 
шығарғыш түтік, 8 - бурса, 9 - спикула, 10 - аналық без, 11 - құйрық бөлімі, 12 - аналь 
тесігі, 13 - жатын, 14 - жыныс тесігі.
Аскаридоз ауруына қарсы әр түрлі дәрі-дәрмектермен қатар 
профилактикалық алдын алу шараларын бұлжытпай орындау, тұрғын-жайды 
таза ұстау, ал адамдарға гигиенаны сақтау керек, себебі аскарида 
жұмыртқалары көп жағдайда киіммен бірге егіндік тыңайтқышына түседі, 
сол кезде жуылмаған көкөніс арқылы жұмыртқаларын жұтуымыз мүмкін.


Сонымен бірге, аскариданың жұмыртқаларын шыбындар, тарақандар 
тасуы ықтимал. Ластанған топырақпен ойнаған балалар қолын ауызына 
апарып, немесе жуылмаған қолымен тамақтанады да, құрт жұмыртқаларын 
жұқтырады. Топырақтағы жұмыртқалар су ағысымен өзенге түседі, сол суды 
қайнатпай ішкен адам ауырады.
Аскаридалар кең тараған паразиттер. Кейбір елдердің тұрғындарының 
тұрмыстық жағдайына тікелей байланысты олар өте жиі кездеседі. Мысалы, 
Жапония тұрғындарының аскаридозбен 100% зақымданғаны белгілі, себебі 
сол елде адам нәжісі егіндіктерге тыңайтқыш ретінде шашылады.
Rhabditida отряды. Қең тараған нематодтар, көп түрлері топырақта, 
тұщы суларда, өсімдік пен жануарлардың денесінде тіршілік етеді. Rhabditida 
отрядына көптеген тұқымдастары жатады, солардың ішінде адамға, 
жануарларға және өсімдіктерге аса зиян келтіретін негізгі тұқымдастарының 
өкілдерін қарастырамыз: Oxyuridae тұқымдасының өкілі балалар острицасы - 
Enterobius vermicularis; Strongyloididae-ның өкілі ішек угрицасы - 
Strongyloides stercoralis; Ankylostomidae тұқымдасының өкілі - он екі елі 
ішектің свайнигі - Ankylostoma duodenale; Tylenchidae тұқымдасының 
өкілдері насекомдардың паразиті (түкті араның) -Sphaerularia bombi және 
өсімдіктердің паразит нематодтары, бұзғынша (галла) нематодасы - 
Meloidogyne incognita, қызылша - Heterodera schachtii, бидай -Anguina tritici
картоп сабақ нематодасы - Ditylenchus destructor.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет