Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет33/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   218
Жіктелуі. Кірпікшелі инфузориялар түрлерге өте бай, құрылысы 
күрделі, кең тараған қарапайымдылар. Бұл класқа 20-дан аса отрядтар 
жатады. Бұлар үш отрядтар үсті қосындысына бөлінеді.
Инфузорияларды отрядка жіктеу кірпікшелерінің құрылысына, ауыз 
тесігінің, ауыз цилиатурасының мембранеллаларының, цирраларының 
орналасуына байланысты.
Мембранелла дегеніміз - бір-бірімен желімдескен бірнеше қатар 
кірпікшелерден құралған жұқа пластинка немесе мембрана. Цирра дегеніміз - 
қатар орналасқан бірнеше кірпікшенің жиынтығы, таяқша немесе шашақ 
сияқты. Ауыз цилиатурасы дегеніміз - ауыз тесігінің аймағыңда бірнеше 
қатар орналасқан мембранеллалары.
КИНЕТОФРАГМИНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ - KINETOFRAGMINOPHORA
Инфузориялардың денесін қысқаша кірпікшелер түгел жауып тұрады, 
тек ауыз
төңірегінде ғана орналасқан кірпікшелер ұзындау. 
Мембранеллалары, цирралары болмайды. Тұщы суларда кең тараған. Бұларға 
үш отряд жатады.
Гимностомата отряды - Gynmostomata
Ауыз тесігі денесінің алдыңғы жағында терминальды түрде 
орналасқан. Негізгі түрі - Didinium nasutum.
Біркелкі кірпікшелері қатар-қатар болып орналасқан жыртқыш 
инфузориялар, парамециялармен, тағы басқа қарапайымдылармен 
қоректенеді. Бұл отрядқа Ноіорһгуа және Prorodon туыстары жатады.
Гипостомата отряды - Hypostomata


Денесі жалпақтау, ауыз тесігі денесінің бүйір жағында орналасқан. 
Негізгі өкілі - Nassulla ornate көк-жасыл балдырлармен қоректенеді. 
Chilodonella туыстары да кездеседі.
Энтодиниоморфа отряды - Entodiniomorpha
Бұларға офриосколецида - Ophryoscolecidae тұқымдастары жатады. 
Бұлар күйіс қайыратын сүтқоректілерде мекендейді, олардың таз қарынында, 
қатпаршақтарында тіршілік етеді. Мысалы: қарындағы Ісм
3
қоректік 
заттардың ішінде
2
млн-ға дейін офриосколецидалар болады. 
Энтодиниоморфалардың денесінде көптеген өсінділер және жиырылу 
тақталары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет