Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет38/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   218
2-ші бөлім 
 
КӨП КЛЕТКАЛЫЛАР - METAZOA
Жануарлар дүниесі - Zoa немесе Animalia - бір клеткалылар - Protozoa 
және көп клеткалылар - Metazoa деп аталатын екі тармаққа бөлінеді.
Бір клеткалылар "Protozoa морфологиялық жағынан бір клеткалы 
формалар бола тұрып, физиологиялық жағынан әрқайсысы өз алдына жеке 
организмдер, себебі тірі организмдерге тән зат алмасу, қозғалу, қорегін ұстау, 
ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, көбею, өсу, ортаға бейімделу қызметтерін 
дербес атқара алады. Осыған байланысты бір клеткалыларда эволюциялық 


дамудың барысында клетканың құрылысы мен атқаратын қызметі 
күрделіленген. Солардың ішінде бір клеткалылардың күрделіленуінің негізгі 
үш процесін қарастырайық: 1-клеткадағы хромосомалар санының өсуі немесе 
полиплоидиялану. Полиплоидияланудың арқасында клеткалар 
физиологиялық жағынан қабілеттілеу, өз өлшемдерін және жұмыс 
өнімділігін арттырады (мысалы, сәулелілер - Radiolaria класс тармағында); 2-
клеткадағы ядролар санының өсуі
немесе полиэнергидтену. 
Полиэнергидгенудің арқасында ядролар саны көбейіп, дифференцияланып, 
құрылымы мен атқаратын қызметінің ерекшелігіне қарай генеративті және 
вегетативті ядроларға бөлінеді, генеративті ядро тек қана көбею, ал 
вегетативті
-
клетканың қалған тіршілік қызметтерін атқарады 
(миксоспоридиялар, опалининалар, инфузориялар); 3-клеткалардын санының 
өсуі немесе колониялану. Колониялану арқасында бөлінген клеткалар бір-
бірінен ажырамай, тығыз орналасып, эллипс немесе шар пішіндес колония 
құрайды. Колониянын клеткалары өзінің құрылымы мен атқаратын 
қызметтерінің ерекшелігіне қарай соматикалық және генеративті клеткаларға 
бөлінеді. Генеративті клеткалардан макро және микрогаметалар түзіледі, ал 
соматикалық клеткалар колонияның барлық тіршілік қызметін атқарады 
(пандорина, эвдорина, вольвокс туыстастарында). Осындай күрделіленген бір 
клеткалылар, әсіресе колонияльді формалары көп клеткалыларға бастау 
жасайды. Эволюциялық тұрғыдан қарағанда көп клеткалы жануарлардың 
арғы-тегі колонияльді бір клеткалылар екендігіне күмән жоқ.
Көп клеткалылардың
(Metazoa)
негізгі сипаты: денесі 
дифференцияланған көп клеткалардан және үш ұрық жапырақшаларынан - 
эктодерма, энтодерма,
мезодермадан тұратындығы. Осындай үш 
жапырақшалар көп клеткалылардың ұрығы дамыған кезінде қалыптасады. 
Ұрықтың дамуы барлық көп клеткалы жануарларға тән. Ұрықтану кезінде 
аталық және аналық екі гаметалар қосылып зиготаны түзейді, содан кейін 
организмнің жеке дамуы - онтогенезі басталады. Зигота бөлшектеніп бір-
біріне тығыз жанасқан бластомерлер деп аталатын клеткалар тобын құрайды, 
ал осылардан бластула деген бір қабатты ұрық түзіледі. Бластула шар тәрізді, 
ішкі қуысы бластоцель деп аталады, бұл бірінші қуыс. Бластула түзіліп 
болғаннан кейін дамудың екінші кезеңі - гаструляция немесе екі қабатты 
ұрықтың
дамуы басталады.
Ұрықтың екінші қабаты,
бластула 
клеткаларының ішкі бластоцель қуысына ауысуы нәтижесінде пайда болады. 
Гаструляция әр түрлі әдіспен жүре алады: инвагинация (бластуланың бір жақ 
қабырғасы ішкі бластоцель қуысына жиырылу аркылы екінші қабат түзіледі); 
иммиграция (бластула кабырғасындағы клеткаларының біразы өз орнынан 
бластоцель қуысына ауысып, екінші қабатгы құрайды); эпиболия т. б. 
Гаструланың екі ұрық жапырақшасының біреуі - эктодерма сыртқы қабат, 
екіншісі - энтодерма ішкі қабат. Осыдан кейін эктодерма және энтодерманың 
аралығынан клеткалардың үшінші мезодерма қабаты түзіледі де, мүшелер 
құрала бастайды.
Төменгі сатыдағы көп
клеткалы
жануарлардың (губкалар, 
ішеккуыстылар, ескектілердің) ересек формалары қос қабатты күйінде 


қалған.
Жануарлардың деңгейін, ортақ құрылымын, арасындағы морфо-
физиологиялық, филогенетикалық байланыстарын, эволюциялық сатысын 
көрсету үшін оларды типтерден де жоғары ірі топтарға жіктестірген.
Көп клеткалылар (Metazoa) үлкен УШ бөлім үсті топқа бөлінеді: 
Phagocytellozoa, Parazoa, Eumetazoa.
Phagocytellozoa - алғашқы қарапайым құрылысты көп клеткалылар. 
Жануарлар дүниесінің арғы тегінің белгілерін осы уақытқа дейін сақтап 
қалған жәндіктер. Бұл топты жаңадан ашылған тақталылар - Placozoa - типі 
құрайды.
Parazoa - төменгі сатыдағы көп клеткалылар. Бұлардың дене 
құрылысында тканьдері, мүшелері, нерв клеткалары болмайды. Осыларға 
губкалар - Spongia - типі жатады.
Eumetazoa - нағыз көп клеткалылар. Олардың тканьдері, мүшелері, 
нерв клеткалары, нерв жүйесі жақсы дамыған. Eumetazoa қатарындағы 
жануарлар мүшелерінің белгілі ретімен орналасуына немесе дене 
симметриясына байланысты екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі (радиальды) - 
Radiata және билатеральды (екі жақты) - Bilaterata - симметриялы жануарлар.
Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі эктодерма, энтодерма 
қабаттарынан тұратыңдықтан оларды қос қабаттылар - Diploblastica деп те 
атайды. Бұларға ішекқуыстылар - Coelenterata және ескектілер - Ctenophora - 
типтері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет