Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет44/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   218
29-суретГубкалардың морфологиялық құрылыс типтері: А - аскон; Б - сикон; В - лейкон; 
1 - поралары, 2 - талшықты камералары, 3 - оскулум, 4 - парагастраль қуысы.
Стрелкалар 
су ағысының бағытын көрсетеді
Талшықты қалталар мен камералар, сыртқы ортамен және парагастраль 
қуысымен, су алып келуші және су алып кетуші түтіктері арқылы 
байланысады. Су арқылы камераларға, қалталарға түскен қорек заттар 
толығымен ұсталынып қорытылады.
Қаңқа (скелет). Губкалардың басым көпшілігінде қаңқалары жақсы 
дамыған. Олар мезоглея қабатында орналасып, дене пішінінің, тірек қызметін 
орындап, саңылаулар жүйесінің қабырғасын да құрайды.
Губкалардың қаңқасы минералды заттардан - кремнезем (кремнидің 
оттегімен қосылысы) немесе көмір қышқыл ізбестісінен және органикалық, 
заттардан - спонгиннен немесе кремнезем мен спонгиннің қосындысынан 
тұрады.
Минералды қаңқа спикула деп аталатын инелерден құралған. 
Спикулалар мезоглея қабатында орналасқан ерекше скелет түзуші 


клеткалардан - склеробластардан дамиды. Спикула дамыған кезінде 
склеробластың цитоплазмасында кішкене дән пайда болып, ол өсе келе 
ұзарып (склеробласт клеткасыда ұзарып), өсу деңгейіне жеткеннен кейін
клетка жойылып, спикула (ине) мезоглеяда бос орналасады. Спикулалар бір 
осьті, үш, төрт және көп осьті болып келеді (28-сурет). Бір осьті спикула - тік 
немесе иілген таяқша тәрізді, үш осъті - үш сттикула тік бұрыш жасап бір 
нүктеде қосылуынан пайда болады. Төрт осьті - төрт спикулалар бір-бірімен 
қиылысып, екі көрші спикуланың арасындағы бұрышы 120° болады. Көп 
осьті - шар немесе майда жұлдызшалар тәрізді. Спикулалар бір-біріне 
байланыссыз орналасып немесе өзара бірігіп, тіркесіп тор тәрізді немесе 
бірыңғай қаңқаны құрады.
Органикалық
қаңқа ұсақ қаңқа түзуші
клеткалардан - 
спонгиобластардан дамиды. Бұлар минералды қаңкаға қарағанда басқаша 
түзіледі. Қаңқаның өсуші талшығын спонгиобласт клеткалары сырттай 
қоршап, қаптама жасайды да, қаңқаның мүйізді талшықтары бірыңғай 
клеткаларының ішінде емес, клеткалардың аралығында түзіледі (30-сурет). 
Мүйізді немесе спонгинді органикалық каңқа тор тәрізді, сарғыш түсті, 
химиялық құрамы жағынан жібек жібіне ұқсас, құрамында йодтың болуы 
спонгинге тән қасиет. Қаңқаның құрамы мен құрылым ерекшеліктері - 
губканың негізгі систематикалық белгілері болып табылады.
30-сурет. Спонгинді каңқа А - спонгин қаңқасын құрастырушы спонгиобласт 
клеткалары; Б - бос жатқан спонгин жіпшесі; В - спонгин қаңқасының бір бөлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет