Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет42/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   218
ПАРАЗОА - PARAZOA
Бұл топты құрайтын жәндікгердің басты ерекшелігі - дене 
құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланбай біріне-бірі оңай 
ауыса алатындығы, ауыз тесігінің, ішегінің, тканьдерінің, мүшелерінің, нерв 
жүйесінің жоқтығы.
Паразоа тобына бір ғана губкалар типі жатады.
ГУБКАЛАР ТИПІ - SPONGIA НЕМЕСЕ PORIFERA
Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі түрлі 
заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. 
Олардың 5000-нан астам түрлері белгілі. Дене пішіні терең бокал, цилиндр, 
шар тәрізді; ұзындығы 5-10 мм-ден 1,5-2 м-ге дейін; ақ, сары, қоңыр-сарғыш, 
жасыл түсті болып келеді. Жасыл түсі - балдырлармен селбесіп тіршілік 
етуіне байланысты.
Құрылысы және физиологиясы. Губкалардың денесі сыртқы 


дермальды-эктодерма және ішкі гастральды-энтодерма
клеткалы 
қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын 
құрылымсыз, коймалжың зат орналасқан. Денесінің ішіндегі кең қуысты - 
парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сыртқы ортамен 
оскулум (osculum) деп аталатын арнайы тесігі арқылы байланысады. 
Губкаларға тән қасиет - денесінде көптеген саңылауларының (пораларының) 
болуы. Осыған байланысты губкаларды кейде латынша Porifera - ұсақ 
саңылаулы жәндіктер деп те атайды. Саңылаулары (поралары) арқылы су 
парагастраль қуысына еніп, оскулум арқылы қайтадан сыртқа шығады (27-
сурет).
Губкалардың сыртқы эктодерма қабаты пинакоцит деп аталатын 
жалпақ клеткалардан құралған (28-сурет). Олар эпйтелидің жабындық 
қызметін атқара отырып, губканың ішкі ортасын сыртқы орта әсерлерінен 
қорғап тұрады. Пинакоциттермен қатар ұзынша келген пороцит клеткалары 
да дамыған. Олар пинакоцит клеткаларының бір түрі. Эктодерма қабатынан 
энтодерма қабатына қарай созылып орналасқан. Әрбір пороцит 
клеткаларының ортасында түтікше болады, сол себептен пороциттер 
губкалардың денесінде көптеген саңылауларды (пораларды) құрайды. 
Пороциттер жиырылып саңылаулардың ашылып-жабылуына себепкер 
болады.
Энтодерма қабаты хоаноцит деп аталатын талшықты жағалы 
клеткалардан
құралған (28-сурет). Бұл 
клеткалардың құрылысы 
қарапайымдылардың талшықтылар класы,
Choanoflagellata отряды 
өкілдерінің құрылысына өте ұқсас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет