Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет58/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   218
Экологиясы. Сифонофоралар тропиктік және жылы теңіздерде көп 
кездеседі. Пневматофора мен нектофораларының көмегімен бүкіл колония 
судың ішіңде қалқып жүзіп жүреді.
Physalia physalis - "португаль кемешігінің" пневматофорасының 
ұзындығы 20-30 см, желкен тәрізді, судың бетіне шығып тұрады да, 
колонияны суға батырмай жылжытады.
Дене мөлшері әр түрлі: ұзындығы 1 см-ге дейін - Diphyes 
туыстарында, Apolemia өкілдерінің ұзындығы 2-3 м-ге дейін, ал Physalia 
physalis-тың ұзындығы 1 м, қармалауыштары 10 м, пневматофораның биіктігі 


20-30 см. Көпшілігі мөлдір түсті болып келеді, бірақ кейбір бөлімдері қанық 
түске боялған, мысалы, "португаль кемешігінің" пневматофорасы қызғылт 
немесе көгілдір.
Филогениясы. Сифонофоралардың құрылыс ерекшеліктеріне қарап 
ғалымдар екі көзқарасты ұсынды: біріншісі - сифонофоралар полиморфты 
колониальды жануарлар; екіншісі - жеке күрделі организмдер, зооидтар 
олардың мүшелері деп дәледделген.
Ғалымдардың көпшілігі бірінші ұсынысты қолдап, сифонофоралар 
колониальды гидроидтылардан пайда болып, жеке жүзіп тіршілік етуге 
бейімделген колониальды жануарлар деп есептейді. Бұған дәлел болатыны - 
сифонофоралардың даму тарихы және колониядағы пневматофора, 
нектофоралары, гонозоидтары - медузалық формалары болса, ал гастрозоид 
пен пальпондары (цистозоидтар) түрі өзгерген полиптер болып табылады.
СЦИФОМЕДУЗАЛАР КЛАСЫ - SCYPHOZOA
Бұл кластың тек теңіздерде тіршілік ететін 200-ден аса түрлері белгілі. 
Құрылысы жағынан гидроидты медузаларға ұқсас, айырмашылығы - олардан 
ірі және желкенсіз болады.
Құрылысы мен физиологиясы. Сцифомедузалардың өкілі ретінде 
аурелия ауританы (Aurelia aurita) алуға болады. Аурелияның шатыр пішінді 
денесінің астыңғы (төменгі) ойыс жағында төрт бұрышты ауыз тесігі болады, 
оны қорегін ұстап алатын төрт қалақша өскін қоршаған. Ауызы жұтқыншақ 
арқылы қарын қуысымен жалғасып тұрады. Қарынның жиегінде, сөл 
шығарып тұратын төрт гастральды жіпшелері бар. Гастроваскулярлы 
жүйесінің кезектесіп отыратын тармақты және тармақсыз радиальды 
түтікшелері қарынның жиегінен басталып, әрқайсысы шатыр жиегін бойлай 
тұйықталған сақина тәрізді түтікшемен байланысқан (42-сурет). Аурелия 
планктонды организмдермен қоректенеді. Қорек заттары қарында 
қорытылып, түтікшелері арқылы денеге тарап, қорытылмаған қалдығы ауыз 
тесігі арқылы сыртқа шығарылып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет