Оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас жасау мәселесі психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды,әрі күрделі проблемалардың бірі болып табылады



бет3/3
Дата27.03.2023
өлшемі28,78 Kb.
#76460
1   2   3
Оның себептері:
-өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде; 
-баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында; 
-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында; 
-мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында; 
-оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде. 
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта көрсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:
- авторитарлық стильді пайдалануында; 
-балаларға салқындық танытуы;
-балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
-балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы
-бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім-оқушы», «Оқушы-мұғалім» және «Балалардың өзара қарым-қатынасы» және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар.
-мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
-қарым-қатынаста педагогикаға жатсөздер айтпау;
-бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
-қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
-сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
-қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу;
-қарым-қатынаста мұғалімнің – оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі; 
-сезімдік, әскерлік қарым-қатынаста болу.
Мысалы, сынып жетекші 4 «А»сыныбының ұжымына психологиялық тұрғыдан талдау жасайтын болсақ, сыныптың бастауыш сыныптағы білім фундаменті берік қалыптасқан. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы жақсы, кез келген сабаққа қызығушылықпен қатысады. Балалар кез келген жағдайда, кез келген ортада өзгелермен тез тіл табыса біледі. Сонда да сол сыныпты ұйымдастырып отырған ұйымдастырушы жеке тұлғалар – лидерлер – бар. Атап айтсақ, Жетпіс Нұрсұлтан, Мұхтар Айкөркем, Серік Береке, Мұратбаева Шынарай, Тоқташбай Нұркелді, Бахт Нұрсұлу. Мектептегі, сыныптағы қоғамдық жұмыстарға сыныпты ұйымдастырып, білім мен тәрбиемен ұштастыруға мұғалімдерге көп көмек көрсетеді.
Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды. 1.Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны жеке тұлға ретінде дамытады. 2.Оқушыны қоғам мүшесі ретінде тәрбиелейді. 3.Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтырады.Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б.Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерін ылғи айтып жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір болады. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды.
Қарым-қатынас процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастарға, әлеуметтік танымдағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдарға, өз басының қажеттіліктеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адам өмірінің материалдық және саяси жағдайларын белгілеуі ірілі-ұсақты әлеуметтік топтардың психологиясына орайласып келеді. Жеке адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әрқилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады. Бастапқыда айтылғандай, адам – қоғамның мүшесі, яғни тіршілік иесі, ал оның байлығы рухани байлығы. Осы рухани байлығын байытуы оның басқа адамдармен байланыстың алуан түрлігінде, өмірге белсене қатысуында.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет