Оқушыларды байланыстыр ып сөйлеуге үйретудің әдістері мен түрлері



бет5/5
Дата17.02.2023
өлшемі21,42 Kb.
#68870
1   2   3   4   5
Балаларға оқылған әңгіме:
«Мен анаммен бірге ойыншықтар дүкеніне бардым. Дүкенде ойыншықтар көп екен. Анам маған ойыншықтар дүкенінен машина, доп, зырылдауық сатып әперді»
Сонымен қатар таныс ертегіні немесе өзінің оқиғасын баяндап айтқызуға, «Мақта қыз бен мысық» (басқа да ертегілер) ертегісінің мультфильмін көрсетіп, мазмұнын сұрау, фланелеграфта («Шалқан», «Бауырсақ» ертегілерін) ертегіні сахналау, мнемотехниканы қолдануға болады.
«Көктем» тақырыбына мнемотехника көмегімен әңгіме құрау
Көктем келді. Күн жылынды. Қар, мұз еріп, жылғалардан су ақты. Ағаштар бүршік жарып, жапырақтар шыға бастады. Құстар ұшып келіп жатты. Айнала гүлге оранып, тіршілік ояна бастады.
Тірек сурет бойынша әңгіме құрау: «Жемістер»
Түсі→Пішіні→Көлемі→Дәмі→Қайда өседі? →Не дайындалады?
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік-тапсырмалар орындату, белгілі тақырып бойынша әңгіме құрастыру, өз қиялынан әңгіме, ертегі құрау, сурет бойынша әңгіме құрастыру керек. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын-жаттығулар мен дидактикалық материалдар, сюжетті рольдік ойындардың маңызы зор. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту кезінде лексикалық, грамматикалық жағын дамытуға арналған арнайы ұйымдастырылған жұмыс жүргізілуі тиіс. Себебі, сөздік қоры мен сөйлеу тілінің грамматикалық жағының жеткіліксіз дамуы, ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет